A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ақтөбелік санитарлық әуе қызметі жыл басынан бері 44 рет көкке көтерілді - www.bnews.kz, 2016 жылғы 3 маусым

Ақтөбелік санавиация жыл басынан бері 44 рет көкке көтерілді. Шалғай ауыл мен елді мекен тұрғындарының өміріне араша түсетін жедел қызмет үздіксіз еңбек етеді. Мұнда диспетчер мен фельдшер күні-түні бар дәрі-дәрмегін дайындап, кез келген шақыруға 30 минут пен 1 сағаттың ішінде шығып кетеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі санитарлық әуе қызметі бес автокөлікпен, үш реанимобиль көлігімен, АН-2 ұшағымен және тікұшақпен жабдықталған. Адам өмірін сақтап қалуға арналған барлық медициналық техника күні-түні дайын тұрады. Себебі, бұл – алыстағы науқастың өмірін сақтап қалуға септік ететін жалғыз санитарлық әуе қызметі.

«Санитарлық әуе қызметі алыс-жақын аудан, ауылдағы кез келген науқасқа көмектеседі. Біз үнемі аудандағы ауруханамен тікелей байланыста боламыз. Жергілікті жерде көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда ғана біз ұшып барып, сол жерде көмек көрсетеміз. Ал науқас тасымалдауға келетін болса, облыс орталығына жеткізіледі»,- дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасы жанындағы санитарлық әуе қызметі бөлімінің меңгерушісі Эльмира Орынбаева.

Айта кетейік, 2015 жылы санитарлық әуе қызметіне 737 шақырту түсті. Оның 110-ына ұшып барып, жедел көмек көрсетілген екен. Ал биыл 130-дан астам науқасқа жәрдем көмек сұрап, қоңырау шалынған. Барлығы 44 рет көкке көтерілсе, оның онына тікұшақпен, 34-іне ұшақпен жердем берілді.

«Бізде жұмыс істейтін мамандардың бәрі тәжірибелі. Кәсіби дәрігерлер арасында реаниматолог, хирург, терапевт бар. Ал диспетчер мен фельдшер күні-түні жұмыс істейді. Олар кезекшілікке тұрып, шалғай ауылдан қоңырау түскен жағдайда  30 минут, әрі кетсе 1 сағаттың ішінде көкке көтеріледі»,- дейді Э.Орынбаева.

Санитарлық әуе қызметі аудандық ауруханалармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кейде жеті аудандағы телемедицина арқылы көмек көрсетіледі.

«Темір, Ырғыз, Мұғалжар секілді аудандардан түскен шақыртуға жедел көмек көрсетілді. Мәселен, туа бітті сал ауруына шалдыққан бала суық тиіп ауырып, өкпесі қабынған екен. Оны біз жедел түрде облыс орталығына жеткіздік»,- дейді Э.Орынбаева.

http://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/aktobelik_sanitarlik_aue_kizmeti_zhil_basinan_beri_44_ret_kokke_koterildi_foto-2016_06_03-1274560

Бөлімдер:
8 маусым, 2016 - 11:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші