A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., 
№ 15, 90-құжат; 2015 жылғы 9 сәуiрде № 64 (28542) «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланған) 
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына:

«Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

8-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ауылдық елді мекендерді және аудандық маңызы бар қалаларды абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);»;

9 - тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан жобаларға басымдық беріледі.»;

12 - тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:

«18-1. Қажетті жабдықты сатып алу әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде және аудандық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылады. 

Жабдықтарды сатып алу:

1) елді мекендерді санитарлық қамтуды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын сатып алуды;

2) балаларды және халықтың ұтқырлығы аз тобын тасу үшін көлік құралдарын сатып алуды;

3) елді мекендерді үздіксіз сумен жабдықтауды, кәрізбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын және жабдықтарын сатып алуды қамтиды.

Жергілікті атқарушы органдар сатып алу үшін қажетті жабдықтарды іріктеу рәсімін жергілікті қоғамдастықтың жиында мыналарға:

1) жеткізілген қаржыландыру лимиттері;

2)жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктеріне;

3) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне;

мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуына;

4) қажетті жабдықтарды сатып алуға баға ұсыныстарының болуына байланысты жүзеге асырады.

Сатып алынатын жабдықты іріктеу кезінде басымдық қазақстандық қамтуы бар жабдыққа беріледі.

Жергілікті артқарушы органдар Бағдарлама операторына тауардың техникалық сипаттамасын, тауарды жеткізушінің баға ұсынысын және тиісті аудандық маңызы бар қаланы, ауылдың, кенттің, аулыдқы округтің әкімі бекіткен қажетті жабдықты сатып алу туралы жергілікті қоғамдастық жиыны шешімі хатамасының көшірмесін қоса беріп, сатып алынатын жабдықтардың тізбесін ұсынады.

Қажетті жабдықтарды сатып алу бойынша бюджет қаражатының үнемі қалыптасқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға жұмсай алады.

Жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторына сатып алынған жабдықты мақсатты пайдалану туралы мәліметтер ұсынады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер, сатып алынған жабдық туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.»;

97-тармақтың:

 төртінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың қолайлы деңгейін сақтау қажеттілігіне байланысты жеткізілген лимиттің жалпы сомасының 70 %-ына дейін ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.»;

«Инфрақұрылымдық жобаларды және жабдықтар сатып алуды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.».

тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қажетті жабдықты сатып алу үшін қаржыландыру лимиті ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізіледі;

Бұл ретте қаржыландыру лимитін бөлген кезде даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттер алып тасталады.»;

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Осы қаулының 1-тармағының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                          К. Мәсімов

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon poyasnit._kaz.doc53.5 KB
Microsoft Office document icon sravnitelnaya_tablica_na_gos.doc93 KB
24 маусым, 2016 - 10:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші