A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қызмет алушыларға киім кешек алу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 24.02.2016 жылғы «Медициналық – әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту» туралы №139 бұйрығына сәйкес стационарлық үлгіде тұратын арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға киім-кешектерді қандай әдіспен сатып алуға болады. Атап айтқанда ҚР Мемлекеттік сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату бойынша WEB-портал интернет ресурсы арқылы немесе сауда орталығынан түбіртек (накладной, счет фактура) алу арқылы ма?  РАХМЕТ

Жауап: 

Қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарында орналасқан қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама және ерекшелігі кодтарын көрсетпей мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын орналастыру мүмкіндігін қарастыру бөлігінде мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС электрондық сатып алу жүйесінің (бұдан әрі – веб-портал) функционалын пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, веб-порталда «Қаржыландыру көздері» ашық жолағында «Жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақша есебiнен» белгісі қосылды.

Жүйенің жетілдіруі МӘМ қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларға санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді.

орн. сарапша С.Ирахметов

Сұрақтың нөмірі: 337549
5 шілде, 2016 - 16:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші