A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сатып алу туралы жалпы хабарлама

ҚАЗАҚСТАН

ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА

Жалпы білім беру секторы, басқа әлеуметтік қызметтер

САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ХАБАРЛАМА

Қарыз № 8490-KZ

Жоба  ID № P150183

Қазақстан Республикасы Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жобаны қаржыландыру үшін Дүниежүзілік Банктен 100 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз алды және қаражаттың бір бөлігін осы Жобаның аясында сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, ілеспе және кеңес беру қызметтеріне төлемді жүзеге асыру үшін пайдалану көзделеді. Осы жоба Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп қаржыландырылады. Жобаның жалпы бюджеті 137 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жобаны атқарушы агенттік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДӘДМ) болып табылады.

Жоба мынадай компоненттерді қамтитын болады: 

1-компонент. Ұлттық біліктілік жүйесіне арналған негіздерді қалыптастыру.

Техникалық және кәсіптік білім берудің (ТжКБ), жоғары білім берудің (ЖБ) өзектілігін арттыру, сондай-ақ кәсіпорынның әрекеттегі  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін:

  1.  Қайта қарау және келісу процестерін қоса алғанда, кәсіби стандарттарды жетілдіру;
  2.  ТжКБ және жоғары білім беру бағдарламаларын қайта қарау мен жаңарту жүйесін әзірлеу және іске асыру; және
  3. Тестілеу және кәсіби сертификаттау сынамалы салалық орталықтарына консультациялық қолдау көрсету арқылы біліктілікті бағалаудың және берудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жол картасын әзірлеу арқылы институционалдық әлеуетті күшейту.

2-компонент. Жұмыспен қамту және өнімділік саласындағы нәтижелерді арттыру үшін дағдыларды жетілдіру.  

Жобаның операциялық басшылығында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес айқындалған және іріктелген оқытуды қажет ететін жұмыссыздар, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар және әрекеттегі қызметкерлер үшін: 

  1. жұмыссыздарға және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар үшін жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтерін жетілдіру:
  1. жұмыспен қамту орталықтары (ЖО) немесе жұмыспен қамту бөлімдері (ЖБ) арқылы, соның ішінде ауылдық жерлерде, қызметтерді ұсынуды жақсарту және кеңейту мақсатында, жұмыссыздар сияқты, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар да, қызмет көрсету жөніндегі әлеуетті бағалау негізінде іс-қимылдар жоспарын қалыптастыру және іске асыру; және   
  2. (А) кескіндеу құралын енгізу, (В) қажетті ақпаратқа ЖО және ЖБ қызметкерлерінің қолжетімділігін кеңейту мақсатында ЕНАЖ жүйесін нығайту және (С) жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынуға барынша белсенді тәсілдерді қолдану үшін қызметкерлерді оқытуды қамтамасыз ету арқылы консультациялар түрінде пайдаланушыларға қолдау көрсету үшін ЖО немесе ЖБ әлеуетін арттыру арқылы талап етілген оқытуды ұсыну.
  1. мыналар арқылы жұмыс күшін оқытудың өзектілігін арттыру;
  1. оқыту қызметтерін ұсынуға қатысты нормативтік-құқықтық базаны шолу;
  2. оқыту қызметтерін жеткізушілердің тізбесін жасау;
  3. оқытудың өзектілігін бағалау, және осы бағалаудың негізінде төмендегі 2 (с) бөлімге сәйкес оқыту қызметтерін көрсету үшін алдын ала біліктіліктен өткен оқыту қызметтері жеткізушілерінің тізбесін жасау; және
  4. көрсетілетін оқыту қызметтерінің өзектілігін арттыру үшін оқыту қызметтерін жеткізушілерге қолдау көрсету, соның ішінде төмендегі 2 (с) бөлімге сәйкес Оқыту.
  1. Оқытуды ұсынудан тұратын дағдылардың деңгейін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын жасау және енгізу: (i) жұмыссыздар, сондай-ақ өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдар; және (ii) оқытуды қажет ететін әрекеттегі қызметкерлер үшін, бәрі көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес.

3-компонент. Жобаны басқару, мониторинг және бағалау.

Осы компонент Жобаны басқару, мониторинг және бағалау жөнінде қолдау көрсететін болады. Жобаны басқару тобы ҚР ДӘДМ жанында құрылды, ол Жоба бойынша ағымдағы мәселелерді шешумен айналысады.  Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын келісімшарттар бойынша сатып алулар ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша сатып алу жөніндегі басшылықта (2011 жылғы қаңтарда редакцияланған және 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүргізілетін болады және Басшылықта айқындалғандай, барлық құқылы қатысушылар үшін ашық. Кеңес беру қызметтері Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі басшылығына (2011 жылғы қаңтарда редакцияланған және 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) сәйкес іріктелетін болады.  

Дүниежүзілік Банктің ХКС (Халықаралық конкурстық сауда-саттық) рәсімдері бойынша сатып алынған келісімшарттар бойынша сатып алу туралы арнайы хабарлама және кеңес беру қызметтерін көрсетуге жасалған келісімшарттар UN Development Business БҰҰ электрондық бюллетенінде және dgMarket электрондық порталында олар қолжетімді болған бойда хабарландырылатын болады.

Жіберілім тізіміне қосуды және нақты келісімшарттар бойынша сатып алу туралы хабарландырудың/хабарламаның көшірмесін алуды қалайтын мүдделі құқылы қатысушылар мен консультанттар немесе қосымша ақпарат алуды қалайтын адамдар Астана уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейінгі жұмыс уақытында өтініш айта алады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

Жобаны басқару тобы

Л.Ж. Ахмурзина ханымның назарына

Жобаны басқару тобының Басшы-үйлестірушісі  

010000 Астана қ., Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, 1503-каб.

тeл: + 7 702 999 2241, + 7 771 593 0290

 

E-mail kzsj.procurement@gmail.com

12 шілде, 2016 - 18:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші