A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квотаны бөлу туралы

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

міндетін атқарушының

«Квота бөлу туралы»

2016 жылғы 13 қаңтардағы № 17

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. «Квота бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне:

1) үш жұмыс күнi ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                   Т. Дүйсенова

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon prikaz_gos.pdf701.29 KB
Microsoft Office document icon prilozhenie_gos.doc177.5 KB
26 сәуір, 2016 - 11:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші