A A A
Мазмұнына өту

You are here

мүгедектерге арналған автокөлік туралы сұрақ

Сұрақ тақырыбы: 

 

Құрметті: Қасымқызы Тамара Дүйсенова !! 

          Мен еңбекте жарақат алғанмын медициналық әлеуметтік сараптама қорытындысымен  1 - топтағы өмірлік еңбек мүгедегімін және мүгедектерге арналған автокөлікке мұқтаждығым белгіленген. Осыған байланысты сот шешімімен өзімнің бұрынғы жұмыс жасаған мекемемнен заңға сәйкес мүгедектерге арналғана "Таврия инвалид" автокөлігін 2005 жылы алған болатынмын. Қазіргі таңда пайдаланғаныма 11 жыл уақыт өтті. Ал, бағалаушылар палатасы "Таврия инвалид" автокөлігінің тозу мерзімі  5,5 жыл және автокөліктің қазіргі таңда тозуы  181 % құрайды деп анықтама беріп отыр.
       Осыған орай Сізге қоятын сұрағым!!
       Маған 2005 жылы берілген "Таврия Инвалид" автокөлігінің тозуы жетуіне байланысты қайталап мүгедектерге арналған автокөлік алуыма болама ?.
     

Менің осы сұрағыма уақыт тығыз болуына байланысты 14.07.2016 жылға дейін жауап беруіңізді сұраймын!!!!

 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 122-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті.

Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды анықтау және өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) (бұдан әрі – ҚР АК)47-тарауымен реттеледі.

ҚР АК 937-бабының 1-тармағына сәйкес азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.

Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.

Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру зардабы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер (17-қосымша)«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен анықталған.

Жоғарыда аталғанды ескере отырып, арнайы автокөлік алу үшін Сізге Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің арнайы автокөлікке мұқтаждығы туралы қорытындысы негізінде жұмыс берушіге жүгіну қажеттілігін хабарлаймыз.

Орынд.: Қалмет М.

Сұрақтың нөмірі: 337892
19 шілде, 2016 - 15:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші