A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы  15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                          К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы «____» ________

№ ______ қаулысына

қосымша

 

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

 

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және тиімділігі барынша дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
  2. ТМККК-ға:

1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға мыналарды:

алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;

алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;

3) мынадай:

әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде – уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;

шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың болу-болмауына   қарамастан стационарлық көмек;

4) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде – алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер кіреді.

3. ТМККК шеңберіндегі жедел медициналық көмек:

1) шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсетуді;

2) шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;

3) уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар бұқаралық іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.

  1. ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:
  1. пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті біліктілік маманының болмауына байланысты   халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
  2. әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді не  науқасты, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.
  1. ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек осы ТМККК тізбесіне қосымшаға сәйкес көлемде ұсынылады.
  1.  Әлеуметтік мәні бар аурулар, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі стационарлық көмекке:

1) медициналық көрсетілімдер бойынша, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана  отырып, мамандардың қарап-тексеруі, консультациясы;

2) медициналық көрсетілетін қызметтер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, паталогоанатомиялық ашуды, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, патологоанатомиялық диагностикалау (операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);

3) медициналық  көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

4) медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық оңалтуды жүргізу;

5) медициналық көрсетілімдер бойынша паллативтік көмек көрсету;

6) медициналық көрсетілімдер бойынша мейіргерлік күтім көрсету;

7) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге де адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасау;

8) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ананы баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз ету кіреді.

7. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын медициналық көмек:

1) көрсетілімдері бойынша мамандардың қарап-тексеруі, консультация беруін;

2) медициналық қызметтерді, медициналық көрсетілімдер бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;

 3) көрсетілімдер бойынша медициналық оңалту жүргізу;

4) көрсетілімдер бойынша паллиативтік көмекті және мейіргерлік күтімді қамтиды.

8. ТМККК тізбесі көрсетілімдер болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте  бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде  медициналық көмек алуын қамтиды.

9. ТМККК көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету:

1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіпте уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес;

2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде – белгілі бір аурулары бар (жай-күйі) азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен бейімделген емдік өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

________________________________________________________

 

 

 

                                                        

 

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік

                                                                     берілген көлемінің тізбесіне

                                                                                         қосымша

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің

шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек

 

 

Іс-шаралар

Көрсетілетін қызметтердің атауы

1

2

  1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

Қабылдау және консультациялар

Жүгінген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) мамандарының қабылдауы, консультациясы

Көрсетілімдері бойынша МСАК мамандарының үйде қызмет көрсетуі

Профилактика

Денсаулықты қорғау және нығайту, саламатты өмір салтын,  оңтайлы және дұрыс тамақтануды насихаттау және қалыптастыру мәселелері бойынша консультация беру

Саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар: салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау

Жүгінген кезде және маманның жолдамасы бойынша отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру

Жүгінген кезде және маманның жолдамасы бойынша жатырішілік спиральдар, контрацевтивтік инъекциялар енгізу/алып тастау

Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеру (скринингтік зерттеулер)

Көрсетілімдер бойынша инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитарлық-эпидемиологиялық қарсы (профилактикалық) іс-шаралар

Ұлттық екпелер күнтізбесіне және эпидемиологиялық көрсетілімдерге сәйкес  иммундау жүргізу

Жүгінген кезде және мамандардың жолдамасы бойынша  профилактикалық кабинеттерде, денсаулық мектептерінде оқыту

Жүгінген кезде және мамандардың жолдамасы бойынша  науқастарды және олардың отбасы мүшелерін  ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес өзін-өзі бақылауға, өзіне және өзара жәрдем көрсетуге үйрету

Жүгінген кезде және мамандардың жолдамасы бойынша  аурулардың созылмалы түрлерімен ауыратын  адамдарға телефон арқылы консультация беру  

Көрсетілімдері бойынша медициналық–әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсету

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша аурудың созылмалы түрлерімен ауыратын  науқастарды динамикалық бақылау жолымен аурулар мен олардың асқынуларының қайталама профилактикасы

Диагностика

 

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес және көрсетілімдер бойынша есту және көру өткірлігін өлшеу

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес және көрсетілімдер бойынша көз ішінің қысымын өлшеу

 Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша материал алу және зертханалық жалпыклиникалық зерттеу әдістерін жүргізу

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша қан алу және зертханалық гематологиялық зерттеу әдістерін жүргізу

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша материал алу және зертханалық биохимиялық зерттеу әдістерін жүргізу

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша материал алу және зертханалық коагулологиялық зерттеу әдістерін жүргізу

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша микрореакцияға қан алу және талдау

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша материал алу және микробиологиялық зерттеулер жүргізу

Жүгінген кезде және көрсетілімдер бойынша ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау кезінде маманның жолдамасы бойынша АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына (RW)  қан алу және зерттеу 

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдері бойынша материал алу және иммунологиялық зерттеулер жүргізу

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша қынаптық сүртіндіні алу және микроскопиясы және қынапты санациялау

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша безгек плазмодиясына қан алу және талдау

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша электрокардиограмма

Профилактикалық мақсатта және көрсетілімдер бойынша маманның жолдамасы бойынша жылына 1 рет 15 жастан бастап флюорография

Емдеу, манипуляциялар мен емшаралар

Көрсетілімдер бойынша шұғыл медициналық көмек көрсету

Көрсетілімдер бойынша иммобилизация (қатып қалатын  дәке таңғыштарын, шиналарды салу)

Көрсетілімдер бойынша дәрі-дәрмекпен емдеу

Көрсетілімдер  бойынша венаішілік, бұлшықетішілік, тері астына инъекциялар жасау

Стационар алмастыратын, оның ішінде көрсетілімдері бойынша үйде көмек көрсету

  1. Консультациялық-диагностикалық көмек

Қабылдау және  консультациялар

Бейінді мамандардың, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып, қабылдауы және консультациялар, басқа да ағзаларға әсер етумен асқынулар болған жағдайда және одан әрі науқасты қадағалап қарау тәсілін анықтау үшін, көрсетілімдер бойынша  МСАК маманының жолдамасымен, сондай-ақ сараланған диагностика жүргізу үшін бейінді мамандардың жолдамасы бойынша үйде консультация беру

Диагностика

 

 

 

Уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес халықтың нысаналы тобына скринингтік зерттеулер жүргізу

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша  материалды алу және зертханалық (гематологиялық, коагулологиялық, иммунологиялық, иммуноцитологиялық, иммуногистохимиялық, серологиялық, токсикологиялық, гистопатологиялық, цитологиялық) зерттеулерді және аспаптық әдістерді жүргізу

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша қан алу және жалпы клиникалық зерттеулер жүргізу  

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына (RW)  қан алу және зерттеу

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша материал  алу және зертханалық биохимиялық зерттеу әдістерін жүргізу

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша материал алу және микробиологиялық зерттеулер  жүргізу

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша  материал алу және гормондық зерттеу жүргізу

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша қан алу және ағзалар мен тіндерді транспланттаудан кейін пациенттерге иммундық супрессивті препараттардың концентрациясын белгілеу

Маманның жолдамасы және көрсетілімдер бойынша стационарға емдеуге жатқызылатын адамдардан қан алу және қан тобы мен резус факторын анықтау

Биопсия, функционалдық диагностика, сәулелік диагностика (ультрадыбыстық зерттеу әдістерін, рентгенологиялық зерттеу әдістерін) жүргізуге материал ала отырып,   МСАК мамандарының, бейінді мамандардың жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша, сондай-ақ пациенттің келуі кезінде профилактикалық мақсатта жылына 1 реттен  жиі емес  эндоскопиялық зерттеу әдістерін жүргізу

Қан алу және В, С, Д вирустық гепатиттерінің диагностикасына (иммуноферментті талдау, полимеразды тізбекті реакция) зертханалық зерттеу жүргізу: қатерлі ісіктері бар адамдар, гемодиализдегі адамдар, анамнезінде операциялық араласулары бар адамдар,қан мен оның компоненттері құйылған адамдар, сондай-ақ бұрын вирустық гепатитке диагностикаланбаған күдік тудырған адамдар

Құқық қорғау органдарының, тергеу және анықтау органдарының жолдамасы бойынша  психикалық белсенді заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландыру

Әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша диагностикалық зерттеулердің қымбат түрлері:

  1. Полимеразды тізбекті реакция
  2. Иммунды фенотиптеу
  3. Компьютерлік томография
  4. Магниттік-резонансты томография
  5. Радиоизотопты зерттеу әдістері
  6. Позитрондық-эмиссиялық томография
  7. Бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография
  8. Ангиография

Емдеу,   манипуляциялар мен емшаралар 

Көрсетілімдер бойынша, МСАК мамандары мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша хирургиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық, урологиялық, офтальмологиялық және амбулаториялық, оның ішінде пациенттің қаражаты есебінен немесе ерікті медициналық сақтандыру шартының шеңберінде медициналық мақсаттағы бұйымдар және дәрілік құралдар қолданылатын басқа емшаралар

Әлеуметтік мәні бар аурулармен, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерге мамандардың жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша шұғыл стоматологиялық көмек (жіті ауырсыну):  ауырсынуларын басу, тістерін тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломба салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, периостотомия, абсцестерді ашу

Маманның жолдамасы бойынша және көрсетілімдер бойынша медициналық оңалту

 

 

 

_____________________________________________________________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 28.06._post_s_prilozh_gobmp_-okonch_kaz1-3.doc141.5 KB
13 шілде, 2016 - 09:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші