check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (40-шығарылым) бекіту туралы" ҚР ДСӘДМ бұйрығының жобасы

Жұмыстар  мен жұмысшы  кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын                        (40-шығарылым)  бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің  16-бабының  16-1) тармақшасына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған  Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (40 - шығарылым) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет»      ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін  баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында  көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (40 – шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің                2013  жылғы  27 ақпандағы  № 81-ө-м бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8362 болып тіркелген,                         2014  жылғы 29 мамырдағы  №  104 (28328)  «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                  Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрі____________ Е. Сағадиев

2016 жылғы  «_____»_____________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі____________ Ә. Исекешев

2016 жылғы  «_____»_____________

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon etks_40_gos.zip258.58 KB
Бөлімдер:
13 шілде, 2016 - 14:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші