A A A
Мазмұнына өту

You are here

Т. Дүйсенова мен С. Ламбаа ағзаларды траспланттау бойынша тәжірибе алмасу туралы келісті

Монголия

Бүгін Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Моңғолияға жұмыс сапары аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Моңғолия денсаулық сақтау және спорт Министрі Самбуу Ламбаамен кездесті. Оның барысында екі ел өкілдері ағзаларды транспланттау бойынша тәжірибе алмасу туралы уәделесті.

Сонымен бірге, Тамара Дуйсенова мен Самбуу Ламбаа медициналық кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады. Моңғолия азаматтарын Қазақстандағы медициналық ЖОО-да оқыту мен Моңғолия медициналық қызметкерлерінің біздің еліміздегі медициналық ұйымдарда тәжірибеден өтуі туралы келісілді.

Кездесу соңында Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашақта әрі қарай жалғасатынына сенім білдірді. 

14 шілде, 2016 - 18:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші