A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлға ҚР азаматына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыруға арналған

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыруға арналған нысандарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы                  № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларының 2, 4, 5, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 17, 27, 28-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініштің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхаттың нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналының нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаның нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес хабарламалар журналының нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес sms-хабарлар журналының нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің мөлшерін арттыру туралы электрондық шешім жобасының нысаны;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның қағаз нұсқадағы ісінің нысаны;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті алушының қағаз нұсқадағы ісіне сұрау салуға өтініштің нысаны;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес анықтама-аттестаттың нысаны;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтата тұру туралы шешімнің нысаны;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы шешімнің нысаны бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген              іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Денсаулық сақтау және әлеуметтік

              даму министрі                                                Т. Дүйсенова

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникация

министрі

_____________ Д. Абаев

 

Бөлімдер:
6 қыркүйек, 2016 - 15:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші