check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы

Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы

 

 

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабына сәйкес қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен олардың біліктілігіне қойылатын талаптарды айқындау кезінде бірізділікті қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы бекітілсін.
  2. «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік    тіркеу    тізілімінде    № 7755   болып    тіркелген,  2012  жылғы 14 тамыздағы № 120 (2128) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықтың көшірмелерін олар алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3)  осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялауға жiберудi;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5)  осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік  тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы  тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                 Т. Дүйсенова

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_ks_rus._s_klad._2.doc2.44 MB
Microsoft Office document icon ba_gos._2.doc2.48 MB
Бөлімдер:
20 шілде, 2016 - 18:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші