A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қызмет алушыларға киім кешек алу туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сарапшы мамандары!

 

Мен Сіздерге «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 24.02.2016 жылғы «Медициналық – әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту» туралы №139 бұйрығына сәйкес стационарлық үлгіде тұратын арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға киім-кешектерді қандай әдіспен сатып алуға болады. Атап айтқанда ҚР Мемлекеттік сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату бойынша WEB-портал интернет ресурсы арқылы немесе сауда орталығынан түбіртек (накладной, счет фактура) алу арқылы ма?» деген сұрақ қойған болатынмын.

Ал Сіздер маған «Қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарында орналасқан қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама және ерекшелігі кодтарын көрсетпей мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын орналастыру мүмкіндігін қарастыру бөлігінде мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС электрондық сатып алу жүйесінің (бұдан әрі – веб-портал) функционалын пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, веб-порталда «Қаржыландыру көздері» ашық жолағында «Жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақша есебiнен» белгісі қосылды.

Жүйенің жетілдіруі МӘМ қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларға санитариялық гигиена заттарын, жұмсақ инвентарьды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді.» деп жауап берген болатынсыздар.

Алайда бүгінгі күнде веб-порталда «Қаржыландыру көздері» ашық жолағында «Жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақша есебiнен» белгісінің қосылғаны жоқ (немесе қолдану туралы нұсқаулық).

Сол себептен Сіздерден Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 24.02.2016 жылғы «Медициналық – әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту» туралы №139 бұйрығына сәйкес стационарлық үлгіде тұратын арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға киім-кешектерді сатып алу әдісі туралы нақты ақпарат беруіңізді сұранамын.

Жауап: 

Министрлікпен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына медициналық-әлеуметтік мекеменің қолма-қол ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы есебінен МӘМ мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы іске асыру тетігіне қатысты хат (түсіндірме) 2016 жылғы 7 маусымдағы               № 14-1-24/3689-и шығыс нөмерімен жолданған болатын.

Осыған орай, көтеріп отырған сауалыңызға толық жауап алу үшін Сізге Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну қажет.

орын. сарапшы С.Ирахметов

Сұрақтың нөмірі: 338340
8 тамыз, 2016 - 10:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші