A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ДӘДМ "2015 жылғы 28 сәуірдегі ҚР ДӘДМ № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасы

жоба

 

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтағы:

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында  еңбек қызметін жүзеге асыру үшін немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту;»;

Мынадай мазмұндағы 33-қосымшамен толықтырылсын:

«33) «осы бұйрыққа  33-қосымшаға сәйкес «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру;»;

аталған бұйрықпен бекітілген осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аталған бұйрықпен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметтің стандарты жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакциядағы 33-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне  осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді  қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі                                                                              Т. Дүйсенова

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникация министрі

 

__________________Д. Абаев

2016 жылғы «_____» ______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

 

__________________Қ. Бишімбаев

 

2016 жылғы «_____» ______________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon standart_kaz2.doc191.5 KB
Microsoft Office document icon spravka_kaz2.doc43.5 KB
Бөлімдер:
28 шілде, 2016 - 16:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші