A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Еңбек Жолы» республикалық конкурсы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы № 8 өкімімен бекітілген, "Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы" идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайтын, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  Министрінің бұйрығымен «Еңбек жолы» конкурсы бекітілген. Ағымдағы жылда Еңбек күнін мерекелеу және «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы қарсаңында Астана қаласында өтеді.

       Конкурс 3 номинациядан тұрады («Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы») және екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық.

      Конкурстың республикалық кезеңін ұйымдастыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеяның, мемлекеттік органдардың және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктердің өкілдерінен Министрліктің жанында жеңімпаздарды айқындайтын комиссия құрылды.

      Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні 2016 жылғы құркүйектің соңында болады.

12 тамыз, 2016 - 16:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші