A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекеттен ақшалай нысанда берілетін төлем.

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты, көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Ол «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздігі, мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын күнкөрісі төмен адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Ол жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар күнкөрісі төмен отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Отбасын белсендірудің әлеуметтік келісімшарты отбасы атынан әрекет ететін кәмелетке толған жеке тұлғамен уәкілетті орган арасындағы келісімді білдіреді, оған сәйкес уәкілетті орган күнкөрісі төмен отбасыға шартты ақшалай көмек көрсетуге, күнкөрісі төмен отбасыға көмек көрсетудің жеке жоспарын орындауға міндеттенеді.

Әлеуметтік келісімшарттарда көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сипаты мен түрлері әлеуметтік бейімдеудің мынадай шараларын қамтиды:

1) табысы төмен отбасылардың жұмысқа тұруына кедергі болатын мәселелерді шешу, олар балабақшаларға қолжетімділік, заң тұрғысынан көмек және психологиялық қолдау, ақпараттандыру, аураулардың алдын алу;

2) «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасында көзделген шаралар негізінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

3) табысы төмен жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың өнімділігін арттыруға жәрдемдесу: біліктілікті арттыру және қайта даярлау, отбасылық міндеттер мен қоғамдық өндірісті байланыстыру.

Әлеуметтік келісімшарт жүйесін пайдалана отырып шартты атаулы әлеуметтік көмек көрсету отбасының нақты жағдайы және өмірлік қиын жағдайлардан өту әлеуетіне тәуелді. Ұсынылған бағдарламаның шет елдерде іске асыру тәжірибесін ескере отырып, мерзімді созу мүмкіндігімен 6 айға көмек ұсынылады.

Жүйеге қатысушылар, жұмыс орнын табу мүмкіндіктерін арттыру үшін оларға берілген барлық жағдайларды тиімді қолдана отырып, өзіне ұнамды нұсқаның пайда болуына дейін, қоғамдық және басқа да жұмыстарға ат салысу керек. Әлеуметтік келісімшарт талаптары отбасы ішіндегі жағдайда таралады (мысалы:баланың білім алуы, мінез-құлқы, денсаулығы және т.б.)

Қатысушылар өздерінің міндеттерін орындамаған жағдайда, көмек ақы берілу тоқтатылып, шаралар мерзімінің шектеліп және бағалануының төмендеуіне әкеліп соғады.

Әлеуметтік келісімшарттың бұзылуы

Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт:

1) аз қамтылған адаммен (отбасымен) әлеуметтік келісімшарттың шарттарын және жеке жоспар іс-шараларын толық көлемде орындамаған жағдайда;

2) шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер ұсынған жағдайда бұзылады.

Әлеуметтік келісімшартты бұзу отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне төленетін шартты ақшалай көмекті тоқтатуға негіз болады.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек қандай кезеңге тағайындалады ?

Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу кезеңі төлем түріне байланысты – шартсыз немесе шартты.

Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға (3 ай) тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек жүгінген айдан бастап әлеуметтік келісімшарт қолданылған кезеңге тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта көрсетілген уақытта ай сайын немесе бір рет төленеді.

Шартты ақшалай көмекті тағайындау кезінде оны отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) еңбекке жарамсыз отбасы мүшесінің кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасын өтіп жүрген және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеген жағдайларда алты айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.

Ассистенттер мен консультанттардың негізгі функциялары

Бүгінгі күні Халықты жұмыспен қамту орталықтары атынан әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенттер мен консультанттар өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік қызмет көрсету және ақшалай төлемдер ұсыну мәселері бойынша, кешенді қолдау көрсетеді.

Ассистент – отбасын қолдау бойынша, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультанциялар, әңгімелесулер, сондай - ақ әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторин жүргізу бойынша қызметтерді атқаратын жұмыспен қамту орталығының жұмыскері.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға және күнкөрісі төмен адамның (отбасының) кедейлік шегінде болуына себеп болатын жағдайлардан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыскері.

Учаскелік, аудандық және аумақтық комиссияның негізгі функциялары

Учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материялдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

Өтініш берушінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің орталықтың құзіретіне кірмейтін жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шараларына, сондай-ақ әлеуметтік келісімшартты ұзартуға қажеттілік болған жағдайда аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға өтініш береді.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – аудан, қала, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия;

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағындағы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия;

25 қазан, 2018 - 17:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші