A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР заңымен 2001 жылғы 7 мамырда № 195-П ратификацияланған Халықаралық Еңбек ұйымының "Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жөнінде" 1969 жылғы № 129 Конвенциясы бойынша ҚР Үкіметімен Конвецияның 22-бабының жарғыларын қолдануы туралы ақпарат

1.Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, Республикада ратификацияланған  халақарлық шарттарды қолдану үшін, заң шығарудан басқа жағдайларда, «халықаралық шарт» тікелей орын алады және ол оның заңдарының алдында басымдыққа йе.

ХЕҰ "Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жөнінде" 1969 жылғы № 129 Конвенциясы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырда N 195-II Заңымен ратификацияланған.

Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам (83 қадам «еңбек қатынастарын ырықтандыру») Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаңа Еңбек кодексі  (бұдан әрі-Кодекс) әзірленді.

Кодексте еңбек қатынастарын икемді реттеу механизмдері кеңейтілген, кәсіпорынның дамуына кедергі келтіретін, өз кезегінде кесіпкерліктің дамуына, еңбек нарығына, шетелдік инвестицияны тартуға тікелей әсер ететін шектеулер қатарын алып тастау қарастырылған.

Жинақталған тәсілдерге сәйкес, Кодекстің тұжырымдамалық үлгісі мемлекеттің және еңбек қатынастарының келісілген шарттарында оңтайлы үйлесім табуда.

Халықаралық Еңбек ұйымының № 81 "Өнеркәсiп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы» ретификацияланған Конвенциясына сәйкес, Кодекс кәсіпорында тексеру жүргізу бөлігінде толықтырылды.

Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі құзыретті органда тіркелу және жұмыс берушіге алдын ала  хабарлау талап етілмейтін бару түріндегі мемлекеттік бақылаудың өзгеде түрі қарастырылған. Өзгеде түрлері арқылы бақылау қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалмайды. Мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактика бойынша қабылданған шараларына, ескертулерге және жұмысшылардың құқықтарының бұзылуының алдын-алуға оның ішінде, жарамсыз түріндегі балалар еңбегіне жол бермеу  жөніндегі қабылданған түзетулер- инспекторлардың тиімділігін артыруға және нәтижелігіне бағытталған.  

Кодекстің 191-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары Кодекстің 193 және 194 баптарында белгіленген.

Кодексте мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтарын және  қызметтерін реттеу ХЕҰ № 81 "Өнеркәсiп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы» және № 129 «Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы жөнінде» ретификацияланған Конвенциясының ережелеріне толық сәйкестендірілген.

2,4 және 5-баптар бойынша.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуына қадағалау меншік иелік нысанына және ведомствалық тиістілігіне қарамастан барлық ұйымдарға тарайды. Қандайда бір ауыл шаруашылығы және өзге де экономика салаларында аражігін ажыратуда инспектірлендіру процесі жүргізілмейді.

6-бап бойынша.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының негізгі міндеттері: ұйымдардағы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; жұмысшылардың еркіндігін, құқықтарын қорғауды және қолайлы еңбек жағдайларын қоса алғанда қадағалауды қамтамасыз ету; жұмысшылар мен жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамалары бойынша өтініштерін, шағымдарын және арыздарын қарау болып табылады. Осымен бірге, еңбек инспекторлары өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелерді береді, жұмыс берушілерге (олардың өкілдеріне) анықталған заң бұзышулықтар бойынша оларды болдырмау мақсатында хабарлама береді, , еңбек заңнамасының бұзуылына әкеліп соқтыратын себептермен жағдайларды анықтай отырып, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қайта қалыпқа келтіру бойынша ұсыныстар береді

7-бап бойынша.                                                                                                                                                       

           Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті ( бұдан әрі – Комитет) әрекет етеді, оны өз кезегінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төраға -  басқарады.

Комитетте: еңбек заңнамаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды, талдап қорытуды,   Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының сақталуын жүйелендіруді және көрсеткіштерді талдауды, жергілікті атқарушы органдарның мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін тексеру және оларға ұйымдарда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, еңбек заңнамаларының бұзбау жөніндегі ескертулер  әзірлеу және іс- шаралар қабылдау функциялары бар.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы 2013 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдардың Астана және Алматы қалаларының және облыстардың (әкімдіктер) құрамына кіреді.

 

8,9,10-баптар бойынша.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне басшылыққа алады және  қорғайды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (бұдан әрі-Министрлік) жүргізілетін біліктілігін арттыру курсынан үш жылда бір реттен кем емес  мерзімде өтеді.

Мемлекеттік еңбек инспекторларын таңдау және қызметке тағайындау Комитетпен жасалған біліктілік талаптарына негізделеді және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, бос мемлекеттiк еңбек инспекторы лауазымна орналасуға үшін кандидаттарға заңдық, экономикалық және техникалық жоғары білімі болуы түріндегі біліктілік талаптары қойылады.

 

11-бап бойынша.

Егер, мемлекеттік еңбек инспекторларына сараптама жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда, техникалық сарапшыларды және Министрліктен еңбекті қорғау бойынша ғылыми-зарттеу институтының мамандарын шақыруға құқылы.

12 және 13-баптар бойынша.

Кодекстің 196-бабына сәйкес, Мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, жұмыскерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.                   

Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерін жүзеге асыруға жәрдемдесуге міндетті.

 

            14 және 27 (b,с) баптар бойынша.

Облыстар және қалалар атауы

Инспекторлар саны (жалпы)

Бақылаудағы ұйымдар саны

Қызметкерлер саны

(мың.адам)

2015

    2014

2015

     2014

2015

2014

Ақмола

22

17

11801

11868

230117

280540

Ақтөбе

16

12

8336

8560

290700

290600

Алматы

13

17

16900

18129

648283

478500

Атырау

11

12

7070

6433

183393

183393

ШҚО

28

27

19510

17326

544881

544881

Жамбыл

14

13

6220

9643

270800

271200

БҚО

16

16

6442

5665

233465

142600

Қарағанды

28

30

17296

16171

359949

361127

Қызылорда

10

8

6005

6005

226100

224900

Қостанай

16

16

8370

8157

198000

198000

Маңғыстау

11

11

6743

7039

240837

240837

Павлодар

12

13

13303

13303

301800

301800

СҚО

10

12

25258

24105

136900

139950

ОҚО

19

19

30843

30843

659867

434098

Астана қ.

12

12

22326

21968

232000

232000

Алматы қ.

16

20

101611

98972

472400

760800

республика бойынша

 

254

255

308034

304187

5229492

5085226

16 әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларын кестеде көрсетілген өндіріс обьектілері және жұмыс атқарып жатқан азаматтардың санына тең етіп бөлінген.

16 және 21-баптар бойынша.

Кодекстің 193-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:
            1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарға кедергісіз баруға;

2) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыруға;

3) жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
            4) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
            5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

6) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);

7) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнайы киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға;

8) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасай отырып, арнайы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алып қоюға;

            9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
            10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан, білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;

11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, талап қоюларды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға жіберуге;
            12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
            13) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізуге;

14) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;
            15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және жұмыскерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға;
            16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап ҚР «Кәсіпкерлік кодекс» қабылданды,             ол Қазақстан Республикасында жалпы құқықтық негізде мемлекеттік бақылауды және қадағалауды реттейді және қызмет бойынша  жалпы бақылаудың және қадағаладың жүзеге асырудың қағидаларын орнатуға бағытталған, сонымен бірге, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілетін мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың  заңдық мүдделерін  қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын орындау мақсатында Министрлікте мақұлданған тәуекел дәрежесін бағалау критерилері жұмыс берушілермен профилактикалық және консультативтік жұмыстарды максималды жүргізуге және тәуекел дәрежесін бағалау критерилері негізінде іріктеп және жоспардан тыс тексерулерді            жүргізуге бағытталған.

17-бап бойынша.

Кодекстің 17-бабына сәйкес мемлекеттік  еңбек инспекторы өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді, өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады.

18 және 20-баптар бойынша.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау және нұсқама беру немесе әкімшілік айыппұл салу түріндегі шараларды қабылдау құқығы берілген.

2015 жылы мелекеттік еңбек инспекторларымен 11421 тексеру жүргізіліп (олардың ішінде, 459 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында), нәтижесінде 19600 еңбек  заңнамасының бұзылғандығы анықталған (848 бұзушылық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында).

            Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заңды тұлғаларға және ұйымдардағы лауазымды тұлғаларға 7797-құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп және 4296 -әкімшілік іс бойынша 429,7 млн. теңгеге айыппұл салынған оның ішінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 387-нұсқама беріліп  21,4 млн. теңге көлемінде 256-әкімшілік айыппұл салынған. 

19-бап бойынша.

Кодекстің 187-бабына сәйкес, жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:

1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;

2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;

3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;

4) жұмыскерлердің өкілдеріне;

5) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына;

6) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына және арнайы тергеп-тексеруге жататын жағдайларда өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлайды.

2015 жылы республиканың кәсіпорындарында және ұйымдарында жазатайым оқиғаның нәтижесінде 1 723-адам жапа шекті, оның ішінде 92-адам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында.

 Өндірісте орын алған жазатайым оқиғалардың ішінде өліммен аяқталғандары 251 адам, оның ішінде 12-адам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында.

 Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы жазатайым оқиғаның негізгі себептеріне – жапа шекендердің өрескел қаталіктері, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы, қауіпсіз еңбек қызметін атқару туралы оқытудың болмауы және т.б.

20-бап бойынша.

Мемлекеттiк қызметшiнің негізгі міндетіне, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке келуі байланысты шектеу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңымен регламенттеледі.

Кодекстің 192-бабына сәйкес  Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сақтау және қорғау, заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті (Кодекстің 331-бабы ).

23-бап бойынша.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын бұзылуын анықтаған кезде  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын бұзылуы бойынша жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек инспекторларының актісін орындамауы, талап арызды және өзгеде материалдар туралы ақпартты  тиісті құзырлы органдарға және соттарға жолдауға құқылы.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары                              1974 материалды құқық қорғау органдарына жолдап, еңбек заңнамаларының нормаларының бұзылуына  өрескел жол берген тұлғаларға қатысты 180-қылмыстық іс қозғаған.

Кодекстің 195-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы төмендегідей актілер шығарады (жасайды):

 1) ол мыналар:

 Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;

            жарақаттану қаупі бар және авариялық ахуалдардың туындауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы;

            жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама.

            Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.

            2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

            3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;

            4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы;

Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілері тексеру барысында жұмыс берушілердің және лауазымды тұлғалардың еңбек заңнамаларының бұзылуын анықтауы (белгілеу) құқықтық әрекет ету болып табылады. Акті екі данада жасалып, бір данасы жұмыс берушіге қол қойылып тапсырылады.   

Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілері жеке, заңды және лауазымды тұлғалар орындауға міндетті.

24-бап бойынша.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының талаптарының бұзылуына санкциялар Қазақстан Республикасының Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінде қарастырылған.

25-бап бойынша.

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті еңбек инспекциясы органдарының мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Есептілік нысандарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Комитетке, ұйымдардағы анықталған еңбек заңнамаларының бұзылуы туралы және  жарақаттану туралы жедел ақпараттарды айына бір реттен, сонымен бірге шетелдіктердің қатысуы бар ұйымдар туралы және еңбек инспекциясының қызметі туралы кеңейтілген ақпартты үш айда бір рет жеткізеді.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпараттарды және Министрліктің тапсырмасымен еңбек жанжалдары туралы ақпартты белгіленген мерзімде хабарлайды.

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon no_129_konvenciya_mot1.doc107.5 KB
12 сәуір, 2016 - 12:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші