A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүдделілік білдірүге сауал

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Жоба ID № P150183

Контракт № KZSJ-1.1/CS-01-QCBS

Тапсырманың атауы: KZSJ-1.1/CS-01-QCBS «ҚР Ұлттық жұмыстар/кәсіптер сыныптауышын (ҰКС), Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) жүйесін  жетілдіру» келісімшарты.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және KZSJ-1.1/CS-01-QCBS «ҚР Ұлттық жұмыстар/кәсіптер сыныптауышын (ҰКС), Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) жүйесін  жетілдіру» келісімшарты бойынша консультанттың қызметтерiн тарту үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Мақсаты

Тапсырманың мақсаты  Халықаралық тәжірибені және мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, салалық біліктілік шеңберін және мезгіл мезгілмен өзектендіру және ҰКС жаңарту тетігін әзірлеуді жетілдіру болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

•      Жаңартылған ҰКС және Қазақстандық экономикалық мәнмәтіннің негізінде СБШ және кәсіптік біліктілік картасын (КБК) әзірлеу үшін салалардың тізбесін қалыптастыру;

•      Халықаралық тәжірибені және Қазақстанның экономикалық мәнмәтінін ескере отырып, қолданыстағы ҰКС талдау, оны мезгіл мезгілмен өзектендіру және жаңарту бойынша тетіктерді аяқтап бітіру жөнінде практикалық ұсынымдарды әзірлеу;

•      ЭЫДҰ және АТЭЫ елдерінде салалық біліктілік шеңбері жүйесін құру үшін әдіснамалық қағидаттар мен тәсілдерді шолу және талдау;

•      Салалық біліктілік шеңберін әзірлеу кезінде жетілдірудің ерекше салаларын айқындау және оларды мақұлдау/келісу.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 24 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады.

Мүдделілік білдірген консультанттар қызметті орындау үшін қажетті біліктілікті растайтын ақпаратты беру керек (брошюралар, ұқсас тапсырмалардың сипаттауы, ұқсас шарттардағы жұмыс тәжірибесі, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.б.). Өз біліктіліктерін арттыру үшін консультанттар бірлесуі мүмкін.

Консультант «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының консультанттарды іріктеп алу және жалдау бойынша Дүниежүзілік банк нұсқаулығында» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған). көрсетілген рәсімдерге сәйкес Жеке Консультантті іріктеп алу әдісімен таңдап алынады. Мүдделілі консультанттар  Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн нұсқаулықтың 1.9 параграфқа көңiл аударады.

Консультанттарға қойылатын біліктілік талаптар:

1)      Еңбек нарығының (ҰБШ, ҰКС және КС) және білім деңгейінің талаптары контекстінде білім/еңбек саласында консультациялық қызметтер ұсыну саласындағы кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар Фирма-консультант (консорциумның қатысуына жол беріледі).

2)      Фирма-консультант бірдей консультациялық қызметтер ұсыну бойынша, ұлттық біліктілік шеңбері элементтерін (ҰБШ, ҰКС және КС) әзірлеу практикасы бойынша жұмыс тәжірибесінің қосымша растауын ұсына алады.

Барлық мүдделілік білдірген консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай арқылы, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуына болады.

Мүдделілік білдіру 2016 жылғы 15 қыркүйекке дейін төмендегі мекенжайға жеткізілуі тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы

Жобаны басқару тобы (ЖБТ)

ЖБТ басшысы – Ляззат Ахмурзинаның назарына

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»

Жобасын басқару тобы (ЖБТ)

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Tel: + 7 702 999 2241 (ұялы), + 7 771 593 0290  (ұялы)

E-mail: kzsj.procurement@gmail.com 

18 тамыз, 2016 - 22:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші