A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүдделілік білдіруге сауал

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Жоба ID № P150183

Келісімшарт № KZSJ-1.2/CS-01-CQS

Тапсырманың атауы: KZSJ-1.2/CS-01 «Ұлттық біліктілік шеңберін кәсіптік және жоғары білім беру бағдарламаларымен қоса сәйкестікке келтіру үшін жүйелік тәсілді әзірлеу мақсатында озық тәжірибеге шолу жүргізу» келісімшарты.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтердi (бұдан әрі – Қызметтер) тарту үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде:

KZSJ-1.2/CS-01 «Ұлттық біліктілік шеңберін кәсіптік және жоғары білім беру бағдарламаларымен қоса сәйкестікке келтіру үшін жүйелік тәсіл әзірлеу мақсатында озық тәжірибеге шолу жүргізу бойынша консультациялық қызметтер» келісімшарты.

Аталған консультациялық қызметтердің мақсаты екі жақты болып табылады:

(i) оқытуды жеткізушілер үшін сапаны қамтамасыз етудің практикасы және Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) мәнмәтінінде білім беру бағдарламаларыны жаңғырту және қолданыстағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша әлеуетті құру жөнінде ұсынымдарды ұсыну мақсатында еңбек нарығының қажеттіліктері саласында халықаралық және ұлттық тәжірибеге шолу жүргізу;

ii) кәсіптік стандарттарға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес ТжКБ және жоғары білім беру бағдарламаларын үнемі қайта қарауды және өзектендіруді жүзеге асыру үшін жүйені әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

•      ҰБШ-ң және еңбек нарығы қажеттіліктерінің мәнмәтінінде ТжКБ мен ЖБ білім беру бағдарламаларын жаңарту және жаңғырту жүйелері мен тетіктерінің сапасы мен әзірлеуін қамтамасыз ету бойынша халықаралық практикаға және ұлттық тәжірибеге шолу жүргізу;

•      Білім беру бағдарламаларын әзірлеу сапасы мен әдістемесін қамтамасыз етудің стратегиялық жоспарын әзірлеу;

•      ТжКБ мен ЖБ үшін ақпаратты жинау және сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеу үшін мүдделі тараптармен консультациялар өткізу.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 12 айды құрайды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады.

Мүдделілік білдірген консультанттар қызметті орындау үшін қажетті біліктілікті растайтын ақпаратты беру керек (брошюралар, ұқсас тапсырмалардың сипаттауы, ұқсас шарттардағы жұмыс тәжірибесі, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.б.). Өз біліктіліктерін арттыру үшін консультанттар бірлесуі мүмкін.

Консультант «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының консультанттарды іріктеп алу және жалдау бойынша Дүниежүзілік банк нұсқаулығында» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған). көрсетілген рәсімдерге сәйкес Жеке Консультантті іріктеп алу әдісімен таңдап алынады. Мүдделілі консультанттар  Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн нұсқаулықтың 1.9 параграфқа көңiл аударады.

Консультанттарға қойылатын біліктілік талаптар:

1)      Еңбек нарығының (ҰБШ, СБШ және КС) білім деңгейлері бойынша талаптары контекстінде білім беру бағдарламаларын жаңғырту бойынша консультациялық қызметтер ұсыну саласындағы кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар Фирма-консультант.

2)      Консультанттың бірдей консультациялық қызметтер ұсыну бойынша халықаралық және ұлттық жобаларға қатысу, білім беру ұйымдарында еңбек нарығының (ҰБШ, СБШ және КС) талаптары контекстінде білім беру модульдерін іске асыру практикасы және Қазақстанның білімін дамыту ерекшеліктерін білу бойынша жұмыс тәжірибесі.

Мүдделілік білдірген консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай арқылы, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуына болады.

Мүдделілік білдіру 2016 жылғы 15 қыркүйекке дейін төмендегі мекенжайға жеткізілуі тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы

Жобаны басқару тобы (ЖБТ)

ЖБТ басшысы – Ляззат Ахмурзинаның назарына

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»

Жобасын басқару тобы (ЖБТ)

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Tel: + 7 702 999 2241 (ұялы), + 7 771 593 0290  (ұялы)

E-mail: kzsj.procurement@gmail.com

18 тамыз, 2016 - 22:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші