A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүдделілік білдіруге сауал

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Жоба ID № P150183

Келісімшарт № KZSJ-3/CS-01-QCBS

Тапсырманың атауы: 2020 жылға дейін жобаның ақпараттық-түсіндірме кампаниясын әзірлеу және іске асыру.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтердi (бұдан әрі – Қызметтер) тарту үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде: KZSJ-3/CS-01-QCBS «2020 жылға дейін жобаның ақпараттық-түсіндірме кампаниясын әзірлеу және іске асыру» келісімшарты.

Тапсырманың мақсаты Жобаның мақсаттары, қызметтері және жетістіктері туралы халықты, әсіресе бенефициарларды жүйелі ақпараттандыратын Жобаның ақпараттық-түсіндірме кампаниясын (АТК) әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

•      АТК даярлау бойынша зерттеуді әзірлеу;

•      АТК стратегиясын және АТК іске асыру жоспарын әзірлеу;

•      Жобаның веб-сайтын әзірлеу және басқару;

•      АТК іске асыруды жинақтайтын үнемі есептер, оның ішінде ақпараттық үнемі және уақтылы тарату және жинау; Жобаның веб-сайттарына толтырулар даярлау; Кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін (КБМШТ) іске асыруда тығыз ынтымақтастық; және «Жетістік үшін тарапат» бағдарламасын іске асыру.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 44 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады.

Мүдделілік білдірген консультанттар қызметті орындау үшін қажетті біліктілікті растайтын ақпаратты беру керек (брошюралар, ұқсас тапсырмалардың сипаттауы, ұқсас шарттардағы жұмыс тәжірибесі, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.б.). Өз біліктіліктерін арттыру үшін консультанттар бірлесуі мүмкін.

Консультант «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының консультанттарды іріктеп алу және жалдау бойынша Дүниежүзілік банк нұсқаулығында» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған). көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттар сапасы және құны бойынша іріктеп алу әдісімен таңдап алынады. Мүдделілі консультанттар  Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн нұсқаулықтың 1.9 параграфқа көңiл аударады.

Біліктіліктер:

1)      PR (қоғаммен байланыс) аясында консультациялық қызметтер ұсыну саласындағы кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар Фирма-консультант.

2)      Ұқсас жобалар бойынша жұмыс тәжірибесі PR аясында қызмет көрсетуге кемінде 3 келісімшартты құрауға тиіс;

3)      Мынадай тізімнен кемінде 5 (бес) республикалық теледидар арнасымен ынтымақтасып жұмыс істеу (келісімшарттың немесе хаттардың көшірмелерін қоса беру): «Евразия» бірінші арнасы», «КТК», «НТК», «31 арна», «Қазақстан», «Хабар» және «Жетінші арна»;

4)      Кез келген жақсы жағынан танылған есептеуіш нұсқасы бойынша тәулігіне кемінде 35 мың пайдаланушылар кіретін, қазақстандық пайдаланушылары пайыздық құрамы кемінде 70% құрайтын және «kz» домен зонасында тіркелген қазақстандық блог-платформалардың бірімен жарнамалық ақпараттық материалдарды орналастыру жөнінде ынтымақтастық туралы келісімшарттың немесе хаттың болуы (ынтымақтастыққа дайындық туралы келісімшарттың немесе хаттардың көшірмелерін қоса беру) – келісімшарт немесе хат қатысушылық бойынша zero.kz сайтынан скриншот;

Мүдделілік білдірген консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай арқылы, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуына болады.

Мүдделілік білдіру 2016 жылғы 26 қыркүйекке дейін төмендегі мекенжайға жеткізілуі тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы

Жобаны басқару тобы (ЖБТ)

ЖБТ басшысы – Ляззат Ахмурзинаның назарына

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»

Жобасын басқару тобы (ЖБТ)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Tel: + 7 702 999 2241 (ұялы), + 7 771 593 0290  (ұялы)

E-mail: kzsj.procurement@gmail.com

20 қыркүйек, 2016 - 11:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші