A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүдделілік білдіруге сауал

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Жоба ID № P150183

Келісімшарт №. KZSJ-2.2/CS-01-CQS

Тапсырманың атауы: Кадрларды даярлау саласындағы нормативтік құқықтық база жөнінде ұсынымдарды шолу және ұсыну.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтердi (бұдан әрі – Қызметтер) тарту үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде: KZSJ-2.2/CS-01-CQS «Кадрларды даярлау саласындағы нормативтік құқықтық база жөнінде ұсынымдарды шолу және ұсыну» келісімшарты.

Тапсырманың мақсаты кадрларды даярлау саласындағы нормативтік құқықтық база жөнінде ұсынымдарды шолу және ұсыну болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

•      кадрларды даярлау саласындағы үздік халықаралық практиканы шолу және талдау;

•      Қазақстан Республикасында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы НҚА шолу;

•      Қазақстан Республикасында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы НҚА жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

•      Халықаралық тәжірибе негізінде еңбек сұранысқа оқыту курстары үшін әдістемесін және оқу провайдерлердің мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимыл іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 10 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады.

Мүдделілік білдірген консультанттар қызметті орындау үшін қажетті біліктілікті растайтын ақпаратты беру керек (брошюралар, ұқсас тапсырмалардың сипаттауы, ұқсас шарттардағы жұмыс тәжірибесі, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.б.). Өз біліктіліктерін арттыру үшін консультанттар бірлесуі мүмкін.

Консультант «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының консультанттарды іріктеп алу және жалдау бойынша Дүниежүзілік банк нұсқаулығында» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған). көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеп алу әдісімен таңдап алынады. Мүдделілі консультанттар  Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн нұсқаулықтың 1.9 параграфқа көңiл аударады.

Біліктіліктер:

1)      кадрларды даярлау немесе ұқсас тапсырма саласындағы нормативтік құқықтық база жөнінде ұсынымдарды шолу және ұсыну бойынша консультациялық қызметтер ұсыну саласындағы кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар Фирма-консультант;

2)      білім беру саласындағы нормативтік құқықтық база жөнінде ұсынымдарды шолу және ұсынудың халықаралық және ұлттық жобалар мен практикаларда Консультанттың қатысуының расталған тәжірибесі.

Мүдделілік білдірген консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай арқылы, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуына болады.

Мүдделілік білдіру 2016 жылғы 27 қыркүйекке дейін төмендегі мекенжайға жеткізілуі тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы

Жобаны басқару тобы (ЖБТ)

ЖБТ басшысы – Ляззат Ахмурзинаның назарына

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»

Жобасын басқару тобы (ЖБТ)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Tel: + 7 702 999 2241 (ұялы), + 7 771 593 0290  (ұялы)

E-mail: kzsj.procurement@gmail.com

20 қыркүйек, 2016 - 11:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші