A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүдделілік білдіруге сауал

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Жоба ID № P150183

Келісімшарт KZSJ-1.3/CS-01-QCBS

Тапсырманың атауы: Бейресми және информалды оқытуды тану үшін дағдыларды, кәсіптік сертификаттауды және бағалау құралын тестілеу орталықтарын пилоттау.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтердi (бұдан әрі – Қызметтер) тарту үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде: KZSJ-1.3/CS-01-QCBS «Бейресми және информалды оқытуды тану үшін дағдыларды, кәсіптік сертификаттауды және бағалау құралын тестілеу орталықтарын пилоттау» келісімшарты.

Мақсаты 

Тапсырманың мақсаты бейресми және информалды оқытуды тану үшін дағдыларды, кәсіптік сертификаттауды және бағалау құралын тестілеу орталықтарын пилоттау бойынша консультациялық қызметтердi ұсыну болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

•      ЭЫДҰ елдерінде біліктіліктерді сертификаттау саласындағы халықаралық тәжірибені және ҚР-да бар тәжірибені шолудың нәтижесін синтездейтін есеп;

•      Таңдалған секторларда ҚР-да сертификаттау органдарының әлеуетін бағалау әдіснамасы мен кестесі бар бекітуге арналған ДСӘДМ-нің жобаның жұмыс комитеті қарауға ұсынған хаттама;

•      дағдыларды, кәсіптік сертификаттауды тестілеу жүйесін енгізу және бейресми және информалды оқытуды тану үшін таңдалған секторларда пилоттық  орталықтардың әлеуетін бағалау туралы жәнеәлеуетті арттыруда қажеттіліктерді айқындау туралы есеп;

•      Ұлттық біліктілік органын құру жөніндегі бас жоспардың негізгі элементтері бойынша ұсынымдар.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 42 айды құрайды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады.

Мүдделілік білдірген консультанттар қызметті орындау үшін қажетті біліктілікті растайтын ақпаратты беру керек (брошюралар, ұқсас тапсырмалардың сипаттауы, ұқсас шарттардағы жұмыс тәжірибесі, қызметкерлердің қажетті дағдылары және т.б.). Өз біліктіліктерін арттыру үшін консультанттар бірлесуі мүмкін.

Консультант «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының консультанттарды іріктеп алу және жалдау бойынша Дүниежүзілік банк нұсқаулығында» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) көрсетілген рәсімдерге сәйкес сапасы және құны бойынша іріктеп алу әдісімен таңдап алынады. Мүдделілі консультанттар  Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн нұсқаулықтың 1.9 параграфқа көңiл аударады.

Біліктіліктер:

1)      ҰБЖ әзірлеу және қызмет ету, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және ҰБШ мен біліктілік жүйесі сәулеттеу және енгізу аясында білім және консультациялық қызметтер ұсыну саласындағы кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар Фирма-консультант.

2)      Нақты бағалау құралдарына және материалдарға дағдыларды тестілеуді, біліктілік пен сертификаттауды бағалауды әзірлеу бойынша ұлттық және халықаралық жобалар арқылы консультациялық қызметтер ұсынудың расталған тәжірибесі.

3)      Тапсырманы орындау үшін негізгі персоналдың және тиісті техникалық сараптаудың болуы.

Мүдделілік білдірген консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай арқылы, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуына болады.

Мүдделілік білдіру 2016 жылғы 26 қыркүйек, сағат 18:00-ге дейін төмендегі мекенжайға жеткізілуі тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы

Жобаны басқару тобы (ЖБТ)

ЖБТ басшысы – Ляззат Ахмурзинаның назарына

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру»

Жобасын басқару тобы (ЖБТ)

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Tel: + 7 702 999 2241 (ұялы), + 7 771 593 0290  (ұялы)

E-mail: kzsj.procurement@gmail.com

29 тамыз, 2016 - 15:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші