A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүдделілік білдіруге сауал

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Тапсырманың атауы: Жобаның ұзақтығы ішінде 2020 жылға дейін кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін басқару бойынша вебсайтты және электрондық ақпараттық жүйені әзірлеу және сүйемелдеу.

Анықтама номері (Сатып алулар жоспарына сәйкес): KZSJ-3/CS-02-CQS.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтер («Қызметтер») жобаның ұзақтығы ішінде 2020 жылға дейін Жобаның вебсайтын әзірлеу және сүйемелдеу және кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін басқару бойынша және электрондық ақпараттық жүйені (КБМШТ АЖ) қамтиды.

Күтілетін нәтижелер:

•      Жобаның веб-сайтын әзірлеу және сүйемелдеу;

•      КБМШТ АЖ әзірлеу және сүйемелдеу;

•      Вебсайтқа және КБМШТ АЖ техникалық қызмет көрсету, оны сүйемелдеу және пайдалану бойынша оқыту ережесі және нұсқау;

•      Орындалған жұмысты жинақтайтын үнемі есептер, вебсайт бойынша статистика, Жоба веб-сайтының функцияларын әзірлеу, жаңғырту және түзету, АТК және КБМШТ қолдау көрсету.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 44 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін біліктілігі бар екендігі туралы ақпаратты ұсынуға тиіс.

Қысқа тізімге іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

1)      веб-сайттарды әзірлеу және сүйемелдеу саласында қызметтерді ұсынудың және ақпараттық технологиялар саласында қызметтерді ұсынудың тиісті саласындағы кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

2)      ұқсас жобалар бойынша жұмыс тәжірибесі веб-сайттар мен ақпараттық технологияларды әзірлеу саласында кемінде 5 келісімшарттан тұруға тиіс;

3)      ұйымдастырушылық құрылым веб-сайт және АТ қызметтерін әзірлеу және сүйемелдеудегі жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды (консультанттарды, сарапшыларды) қамтуға тиіс.

Мүдделілік білдірген консультанттарды, Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн «Дүниежүзілік банктің нұсқаулығы: ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы ірікту және жалдау» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) 1.9 параграфқа көңiл аударамыз.

Консультанттар өз біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе суб-подрядтық ұйым түрінде басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.

Консультанттардың нұсқаулығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттардың біліктілігі бойынша бойынша іріктеу тәсілімен іріктеледі.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде, 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін төмендегі мекенжайға (жеке, пошта, факс немесе электроондық пошта арқылы) жеткізілуге тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару тобы (ЖБТ)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Тел: + 7 771 593 0290  (ұялы), + 7 702 999 2241 (ұялы)

E-mail: kzsj.procurement@gmail.com

 

 

 

 

9 қыркүйек, 2016 - 21:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші