A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мүдделілік білдіруге сауал

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Тапсырманың атауы: Жобаның ұзақтығы ішінде 2020 жылға дейін кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін әзірлеу және енгізу.

Анықтама номері (Сатып алулар жоспарына сәйкес): KZSJ-3/CS-03-QCBS.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтер («Қызметтер») жобаның ұзақтығы ішінде 2020 жылға дейін кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін әзірлеуді және енгізуді қамтиды.

Күтілетін нәтижелер:

•      КБМШТ дайындық талдау: (үндеулерге/шағымдарға назар аудару және оларды жинаудың халықаралық практикасын зерделеу; Жобаның бенефициарларынан кері байланысты жинаудың тиімді каналдары мен тәсілдерін айқындау және т.б.

•      (ЖБТ мамандарына, ЖО (ЖБ) қызметкерлеріне, ауыл округтерінің әкімдіктеріне, оқыту қызметкерлерін жеткізушілеріне арналған оқыту бойынша жоспарды даярлау) аталған жоспарға сәйкес КБМШТ рәсімдерін қолдану және оқыту жүргізу бойынша КБМШТ рәсімдерін әзірлеу.

•      АТК жөніндегі консультантпен бірлесіп БАҚ арқылы таратуға арнаған КБМШТ бойынша ақпараттық және коммуникациялық материалдарды әзірлеу;

•      Жобаның бенефициарларынан кері байланыс пен шағымдарды әр түрлі каналдар арқылы жинау, КБМШТ АЖ (жоба кезеңінде) жұмысы.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 44 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін біліктілігі бар екендігі туралы ақпаратты ұсынуға тиіс.

Қысқа тізімге іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

1)      Маркетинг, клиентпен жұмыс істеу, қоғам мен халықты тарту жұмыстары саласындағы қызметтерді ұсынудың кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуға тиіс;

2)      Қоғам мен халықты тарту бойынша ұқсас жобалар немесе қоғам бастамашылық еткен бағдарламалар/жобалар бойынша расталған жұмыс тәжірибесі;

3)      Ұйымдастырушылық құрылым тиісті салада жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды (консультанттарды, сарапшыларды) қамтуға тиіс.

Мүдделілік білдірген консультанттарды, Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн «Дүниежүзілік банктің нұсқаулығы: ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы ірікту және жалдау» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) 1.9 параграфқа көңiл аударамыз.

Консультанттар өз біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын немесе суб-подрядтық ұйым түрінде басқа компаниялармен бірлесуі мүмкін.

Консультанттардың нұсқаулығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультант сапа және баға бойынша іріктеу тәсілімен іріктеледі.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде, 2016 жылғы 3 қазанға дейін төмендегі мекенжайға (жеке, пошта, факс немесе электроондық пошта арқылы) жеткізілуге тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару тобы (ЖБТ)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Тел: + 7 771 593 0290  (ұялы), + 7 702 999 2241 (ұялы)

E-mail: kzsj.procurement@gmail.com

 

 

 

 

9 қыркүйек, 2016 - 22:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші