A A A
Мазмұнына өту

You are here

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі мәні неде? - www.1tv.kz, 2016 жылғы 2 қыркүйек

Жалпы бізге сақтандыру деген ұғым таңсық емес. 
02.09.2016 23:56

Көлікті сақтандырамыз. Жылына 10-15 мыңдай жарна төлейміз. Көлік сынса, сақтандыру есебінен өтейміз. Енді медициналық сақтандыру дегеннің төркінін аңғару қиын емес. Бірақ сақтандыру қоры мемлекеттік болады, ал қызмет көрсету бюджеттік емдеу мекемелерге де жеке меншік клиникаларға да ортақ.  

Жаңа жүйенің мәні мынада. Мемлекет те, азаматтар да денсаулық сақтау жауапкершілігін теңдей бөліседі. Ақшасы бар емделіп, ақшасы жоқтар бармақ тістемеуі тиіс. Мүмкіндік барлығына ортақ. Және алдағы бірнеше жылда бұған дейін қол жетпей келген қымбат операциялар мен дәрі дәрмектер өзімізде пайда болады деп елестетіп көріңіз. Әзірге фантастика. Тек реформа жүзеге асса ақиқатқа айналмақ.  

В кадре. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асу үшін мемлекеттік қор құрылады. Ол барлық емдеу мекемелерімен келісім шартқа отырып, атқарылған жұмыс, қызметтің сапасы мен науқасты емдеу нәтижесіне орай қаржыландырып отырады. Қордың өзіне қаражат үш көзден жинақталады.

Бірінші: Ол жұмыс істейтін әрбір азаматтың еңбекақысынан ұсталады. Ол 2019 жылы табыстың 1, ал 2020 жылы 2 пайызы болады. Яғни 2 ақ пайыз жалақыдан ұсталады. Екінші. 5 пайызды 2017 жылдан бастап жұмыс беруші аударып отырады. Яғни 17-ші жылы 2, 18-ші жылы 3, және 20-шы жылға дейін 5 пайызға дейін өседі. Үшінші: Өзін өзі қамтамасыз етушілер, өздеріне айлық төлейді, сондықтан олар сол еңбекақының 7 пайызын аударады.

Ал түрлі себептермен жұмыс істемейтіндер, еңбекке жарамсыздар, және еңбек биржасында тұрғандар қайтпек? Қазір көптің көкейінде осы сұрақ. Бұған да жауап бар.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Зейнеткерлер, балалар, оқушылар, студенттер, әскери адамдар, және аналар бала бағып отырған. Сондай 15 категориямыз бар. Әрине оларға мүмкіндіктер жоқ, оларға мемлекет төлейді. Елімізде бекітілген төменгі жалақыдан 4 пайыздан 7 пайызға дейін. Жылына жеті пайыз болады. Сол мемлекет тарапынан болады. 

Бүгінде әсіресе қалалық жердегі тұрғындардың дені жеке меншік емханаларға қаралады. Науқасты қабылдау 2ден бес мыңға дейін, диагноз қою орташа 3-5 мың тг, скрининг, тамография, тағы басқа да қызметтердің барлығы ақша. Оған сатып алатын дәрі дәрмекті қосыңыз. Бір қаралып шыққанда орташа 20-30 мың тг шығындаламыз. Жылына бұл сома 50-60 тіпті 100 мыңнан асып кетеді. Ал сақтандыру жүйесі бойынша қанша шығын шығады деген сұрақ көптің көкейінде.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Өзіміздің ойымыз мысалы, өзіміздің азаматтарға жеке меншік клиникалар беріліп атқан, және өздері таңдап барып атқан клиникаларға неменеге төлеу керек. Олар мысалығ жалпы біз санап атырық, ай сайын бір мың тг төлеп тұрсақ сол медициналық сақтандыруға, жалпы жылында 12 мың тг болады.

Яғни жылына ем-домға 60 мың төлеген қандай, 12 мың тг жарна төлеп, қалаған емханаға қаралған қандай? Айрымашылық бар ғой, бар. Айтпақшы скептикалық пікірлер жетерлік.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Кейбір азаматтар ойлайды жедел жәрдемге төлеуіміз керек деп. Ол мысалы 4 рет тегін болады, одан кейін төлеуіміз керек. Ол әрине өте дұрыс емес. Біздің еліміздің ата заңымызда конституцияда жазылған. Әр адам, әр азаматқа тегін медициналық кепілдік көлемі бар. Ол қазіргі күнде де, ертең осындай медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін де мысалы жердел жәрдем медициналық қызмет тегін болады. Ол сақтандыру бар ма, оған байланысты емес.

Жалпылама алып қарасақ расында да сұрақ туындайды. Бұл неғылған батпан құйрық. Сөйтсек жүйені нарықтық озық стандарттарға бейімдеу арқылы жетілдіру өз алдына, тұрғындарға жеңілдік туғызуға да болады екен. Яғни жаңағы айтқандарымыз жеңілдік емей немене.

Бұл реформа тағы қандай міндеттерді шешеді. Вице- министр атап өткендей сақтандыру жүйесі енгізілген соң, заманауи құрал жабдықтар, қызмет түрлерін кеңейтуге, саланы қаржыландыруға молынан мүмкіндік туады. Ең бастысы, алдағы 4-5 жылда біз бұл жүйені енгізбесек, әлем көшінен қалып қояды екенбіз. Себебі қазір ауру түрлері өзгеріп, көбейіп, трансформация жүруде. Емдеу шығындары әлемде өсуде. Және өсе бермек. Демек медицина саласына да сәйкес өзгеріс қажет. Менде осы, тізгін өзіңде.

http://www.1tv.kz/kk/news/video02092016/janalyktar_basty/3 

 

 

14 қыркүйек, 2016 - 12:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші