check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

Қаулының жобасымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) Мемлекет басшысының                  2016 жылғы 14 маусымдағы № 01-7.6 (ПӘ) хаттамалық тапсырмасының                   3. 11-тармағын орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың                            2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын және Премьер-Министрдің Орынбасары Б.М. Сапарбаевтың  2015 жылғы                      15 маусымдағы № 20-5/И-373 «Оқушыларға медициналық көмек көрсетуді  білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру мәселелері туралы» хаттамалық тапсырмасын іске асыру мақсатында енгізу көзделген.  

Заң жобасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдер мерзімін 2018 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруға байланысты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»                2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына тиісті түзетулер енгізілуде.

Одан басқа, мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мен сақтау, оқушылардың сапалы және қолжетімді медициналық көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен көзделген іс-шараларды орындау үшін заң жобасымен    2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодекіне және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына оқушыларға медициналық көмек көрсетуді денсаулық сақтау жүйесіне беру бөлігінде тиісті түзетулер көзделген.

Жалпы, қаулыны қабылдау жағымсыз экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарға әкелмейді.

19 қыркүйек, 2016 - 21:09 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші