check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2016.30.09.№ 829

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 164 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2016 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 829 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 164 бұйрығына
2-қосымша

2016 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с

Облыстардың атауы Отбасы саны
1 Шығыс Қазақстан 40
2 Қостанай 22
3 Павлодар 200
4 Солтүстік Қазақстан 201
Жиыны: 463

3 қазан, 2016 - 10:39 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші