A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

«

 

1. Заң жобасының атауы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).

 

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Заң жобасын әзірлеу Үкіметтің бастамасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту  қажеттілігімен байланысты, сондай-ақ мыналар:

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 01-7.6 (ПӘ) хаттамалық тапсырмасының 3.9-тармағын, соған сәйкес әлеуметтік салада жаңадан қабылданған  заңдарға мүмкін әлеуметтік және ең алдымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қауіптер мәніне талдау жүргізу тапсырылды;

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасының шеңберінде 81 «Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу» қадамын және бақылау кеңестерінің өкілеттіктерін кеңейту және алқалы атқарушы органдарды (басқарма) енгізу арқылы медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару қағидаттарын жетілдіруге қатысты «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың                            2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығын;

Мемлекеттік бағдарламаны және Премьер-Министрдің орынбасары                Б.М. Сапарбаевтың «Оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру мәселелері туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы № 20-5/И-373 хаттамалық тапсырмасын, соған сәйкес Білім және ғылым министрлігіне Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет министрліктерімен бірлесіп оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау жүйесіне беру бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесін пысықтауды тездету тапсырылды;

Өңірлер мен медициналық көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын (мастер-жоспар) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бекітуіне, сондай-ақ біріктірілген академиялық орталықтарды (университеттік клиникаларды) құру арқылы клиникалық практиканың, медициналық білімнің және ғылыми қызметтің тұтастығын іске асыруға қатысты Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында әзірленген.

Осыған байланысты мынадай өзгерістерді көздеу қажет.

1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) мемлекеттен жарналар түсетін, сәйкесінше, жұмыс берушілер олар үшін Қорға аударымдар төлеуден босатылатын адамдардың тізбесін нақтылау талап етіледі.

Сонымен, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңмен (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқыту аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы аяқталғанға дейін оқитын адамдар МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы бар адамдардың санатына жататыны көзделген. Бұл ретте бұл адамдар үшін жарналар немесе аударымдар төлеу бойынша міндеттеме төлеушілердің ешқайсысына көзделмеген.

Осыған байланысты, адамдардың осы санатын олар үшін Қорға жарналар төлеуші мемлекет болып табылатын адамдардың тізбесіне қосу ұсынылып отыр. Одан басқа, бұл адамдардың тізбесі резидентура нысанында ғана оқытуды алып тастау арқылы  кеңейтіледі. Алайда, бюджеттің мүмкіндіктерін және түлектерді жұмысқа орналастыру уәждемесін ескере отырып, олар үшін жарналарды оқыту аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік алты ай ішінде мемлекеттің төлеуі ұсынылып отыр.

Олар үшін Қорға жарналар мемлекеттен түсетін адамдардың санатын кеңейту осы санатқа 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдарды, бір жыл ішінде жұмыс істемейтін оралмандарды қосу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ бұл санаттан әскери қызметшілерді, құқық қорғау,  арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін алып тастап, жарналарды төлеушілердің санатын – МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағының               1) тармақшасымен көзделген жұмыскерлерді анықтау қажет.

МӘМС туралы Заңға олар үшін жарналар және/немесе аударымдар түскен жағдайда мынадай адамдар үшін Қорға мемлекет жарналарының түсімін тоқтатуға қатысты нақтылайтын норманы енгізу қажет:

1) орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адамдар;

2) орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқыту аяқталған айдан кейін күнтізбелік алты айдың ішінде оқытуды аяқтаған  адамдар;

3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

4) жұмыс істемейтін оралмандар.

2. Жарналар мен аударымдарды төлеудің міндеттілігі қағидатын және МӘМС жүйесінде медициналық көмекпен барынша қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Қорға жарналар төлеушілердің тізбесін мынадай адамдармен толықтыру қажет:

1) МӘМС туралы Заңмен олар үшін жарналар мемлекеттен түсетін және жарналарды төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін адамдар. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «жұмыс күші тобының құрамына кірмейтін адамдар» ұғымының енгізілуін ескере отырып, бұл адамдардың санатын МӘМС жүйесіне тарту қажет. Адамдардың бұл санатына, мысалға, үй шаруасындағы әйелдер, өзі тұтыну үшін өндіріспен қамтылған адамдар жатады. Олар үшін жарналар жарналардың 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2%,  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 3%,  2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%,  2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 7% мөлшерлемесіне сәйкес есептеледі. Жарналарды есептеу объектісі жалақының ең төменгі мөлшері болып табылады;

2) ҚР-да халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, ҚР-да аккредиттелген, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және  консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар. Адамдардың бұл санатының қызметтері үшін ақы төлеу ретінде кірістері немесе жалақысы бар, бұл ретте олардың МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ. Олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек құқығын алу үшін уәкілетті орган айқындайтын аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есептеген кірістерден жүзеге асырылатын болады. Олардың мөлшерлемелері және жарналарды төлеу мерзімдері жұмыс күші тобына кірмейтін адамдар үшін ұсынылған шарттарға ұқсас болады;

3) Қазақстан Республикасынан тыс заңнамамен белгіленген тәртіппен тұрақты тұрғылықты жерге кеткен адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жұмыс істейтін азаматтар, олар үшін жарналар тиісті қаржы жылына республикалық заңнамамен белгіленген кіріске сәйкес, бірақ  ең төменгі жалақының мөлшерінен кем емес есептеліп, аударылады, жарналардың мөлшерлемелері және төлеу мерзімдері жұмыс күші тобына кірмейтін адамдар үшін ұсынылған шарттарға ұқсас болады.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, төлеушілер ретінде банкроттық, оңалту үрдісіндегі кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін, сондай-ақ ұзақ ақша төленбейтін демалыстардағы жұмыскерлер үшін жарналар мен аударымдарды төлеу туралы ережелер енгізілуі тиіс. Осындай кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін аударымдар мен жарналардың мөлшерлемелері жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін қолданыстағы аударымдар мен жарналардың мөлшерлемеріне ұқсас. Алайда, кәсіпорындардың қаржы жағдайын ескере отырып, есептеу объектісі жалақының ең төменгі мөлшерін қабылдайды.

Бір мезгілде уақытша ұстау изоляторындағы адамдарды мынадай негіздемелер бойынша олар үшін Қорға жарналар мемлекеттен түсетін адамдар санатынан алып тастау ұсынылып отыр.

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңның                2-бабының 12) тармақшасына сәйкес уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме. Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 128-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды ұстап алу мерзімі нақты ұстап алған кезден бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс. Бұл ретте ҚПК-нің            147-бабының негізінде прокуратура органдары күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау өтінішхатын қолдау туралы мәселені шешу кезінде осы өтінішхатты қолдаудан бас  тарту және күдіктіні күзетпен ұстау үшін негіздемелер болмағандықтан босату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Оған қоса, судья күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, күдікті тергеу изоляторына кідіріссіз айдалады, онда ҚПК-нің талаптарына сәйкес ұстау мерзімдері 18 айға дейін жетуі мүмкін. Осылайша, адамның УҰИ-да қысқа мерзімді болуын ескере отырып, адамдардың бұл санатын Қорға жарналар төлеу міндетінен босатып, бұл міндетті мемлекетке жүктеу тиімсіз.

3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»                            ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 88-бабының 5-тармағына сәйкес Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) алуға құқығы бар.

 «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндетті болады. Осыған байланысты, ҚР-ның аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР азаматтарымен әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріндегі бірдей жағдайын ескере отырып, оларға ТМККК және МӘМС алуда Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтар беру ұсынылып отыр.

Осылайша, ТМККК шеңберінде  медициналық көмек алу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтары сияқты оларды алуға құқығын иеленетін болады. МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға қатысты бұл адамдар санаты жарналар төлеу бойынша ҚР азаматтары сияқты міндеткерлікте болады. Бұл ретте, олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асыратын санатқа жатқызылатын болса, олар үшін мемлекет төлейтін болады.

4. Салық кодексіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұлға ақы төлеу бойынша міндеттемелердің бұл қаулыны орындау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты тоқтатуға қатысты ережелерді енгізу қажет.

Одан басқа, Салық кодексінің ережелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңнамадағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұл сомасын, сондай-ақ артық төленген сомасын қайтару бөлігінде нақтылауды талап етеді. Бұл МӘМС туралы Заңның 14-бабының 5-тармағына сәйкес төлеушілердің аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға құқығының болуымен байланысты. Осыған байланысты, төлеушілердің осындай құқығын іске асыру мақсатында тиісті түзетуді енгізу қажет. Сондай-ақ Салық кодексіне МӘМС туралы Заңға сәйкес қызмет ететін банк шоттарынан мәжбүрлі түрде салық берешегінің сомасы өндірілмейтініне қатысты түзетулер енгізу қажет. Бұл МӘМС туралы Заңның 18-бабынан туындап отыр, оған сәйкес қордың активтерін кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды.

5. Сондай-ақ Кодекске тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмектің (ТМККК шеңберінде, МӘМС жүйесінде, ҚР Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражатының есебінен) түрлері мен көлемін айқындай бойынша өзгерістер енгізу талап етіледі.

6. МӘМС туралы Заңның 20-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қор күтпеген шығыстарды жабу үшін резервтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалыптастыруға міндетті. Сонымен бірге, заңнамамен бұл резервті пайдалану тәртібі көзделмеген, бұл заңнамадағы кемшілік болып табылады.

Осыған байланысты, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша шығыстарға ақы төлеу Қордың қаржылық орнықтылығымен оның қызметін мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз етілетінін ескере отырып, Үкіметтің Қордың резервін күтпеген шығыстарға пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзыретін енгізу қажет.

7. МӘМС жүйесін енгізумен байланысты әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ осы санаттағы адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің зейнетақы алушыларына медициналық көмек көрсету мәселесін реттеу талап етілетін болады.

 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңдармен бұл санаттарды, оның ішінде зейнеткерлерді және оларың отбасы мүшелерін мемлекеттің есебінен медициналық қамтамасыз ету көзделген.

Осыған байланысты қолданыстағы тетікті сақтап қалу ұсынылып отыр, оған сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде (мекемелерде) мемлекеттің есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті медициналық ұйымдар болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімдер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын болады.

Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарын төлеуді Қор көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін медициналық көмек көрсеткені үшін шығыстарын төлеуі үшін Қордың шығындарын өтеу ТМККК шеңберінде де, сондай-ақ МӘМС-те де денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға (бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері) көзделген бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (офицерлік құрам) отбасы мүшелеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша не шттатың қысқаруы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және 20 және одан көп күнтізбелік жыл еңбек сіңірген адамдарға медициналық көмекті әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер), сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері де ұсынатын болады.

Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер) және денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарына ақы төлеуді Қор көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша жүзеге асырады.

Санаторийлік-курорттық қызмет көрсету қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттің есебінен ұсынылатын болады.

Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер) мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелері немесе дербес мемлекеттік мекеме болып табылатынын ескере отырып, Бюджет кодексінде, сондай-ақ тиісті заңнамалық актілерде Қарулы күштердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелеріне бұл органдардың отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне (жоғарыда аталған мекемелер үшін) және медициналық ұйымды таңдау құқығын пайдаланған басқа адамдарға (Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының мекемелері үшін) ақылы медициналық қызметтерді іске асырудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдалану құқығын беретін нормаларды көздеу қажет.

8. Көрсетілген адамдар санаты жұмысының жүріп-тұру сипатын, сондай-ақ әскери қызметшілердің қызметін шекара заставаларында, алшақ аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда өткеруін ескере отырып, әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, олардың қарамағындағы адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оларды Қорға жарналар төлеуден босату және бұл міндетті мемлекетке бекіту үшін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен оларды жұмыссыз ретінде тіркеудің ықшамдалған тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда айқындау ұсынылып отыр.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген адамдардың отбасы мүшелерінің тізімі түскен кезде Еңбек ресурстарын дамыту орталығы оларды жұмыссыз ретінде тіркеуді ерекше тәртіппен жүзеге асырады.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы үшін әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұбайы болып табылатын адамдарды тіркеу және есептен алу функциясы енгізіледі.

Сол мезетте жұмыспен қамту орталықтарында әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұбайы болып табылатын адамдарды тіркеу функциясын алып тастау мақсатында жұмыссыздарды жалпы тәртіппен тіркеуді жүзеге асыратын халықты жұмыспен қамту орталықтарының құзыретіне түзетулер енгізілуде.

9. Бүгінгі таңда, жұмыспен қамту саласындағы және Халықаралық еңбек ұйымының заманауи халықаралық қағидаттарын ескере отырып, жұмысқа орналасу жеке картасының нысанын қайта қарау қажет. Бұл жағдайда, «жұмыспен қамту» термині кең болмақ. «Жұмысқа орналасу» құжаттың мазмұнын тұжырымдамалық қамтымайды және «уақытша жұмыспен қамту» (қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары), сондай-ақ кәсіптік оқыту – жұмыспен қамтуға ықпал етудің мемлекеттік шаралары ретінде бұл ұғымнан тыс.

Әлеуметтік қамсыздандыру шараларын алу үшін жұмыссыз мәртебесін растау үшін «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» ҚР Заңының жұмыспен қамту орталықтарының құзыретіне жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру бөлігінде түзетулер мен нақтылау қажет.

Жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жіберген адамдардан бас тартуға мүмкіндік беретін норма алып тасталады, өйткені қандай да бір жолдаусыз жұмысқа орналасатын адамдарға қатысты дискриминациялық сипатқа ие.

Жұмыс берушінің кәсіптік дайындықтан, қайта дайындықтан және ішкіөндірістік дайындықтан өткен адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына беру міндеті сәйкестікке келтірілуде.

Шетел жұмыс күшін тартуға квота бойынша қолданыстағы редакция шетелдіктердің тұрақты тұруын көрсетпейді және құқықтық қайшылықты қамтиды, бұл ретте Қазақстан Республикасыда тұрақты тұратын шетелдіктер еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтарға ие және сондай міндеткерлікте болады.

10. Медициналық қызметтерге және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, барлық өңірлер үшін медициналық қызметтерге бірыңғай тарифтерді белгілеу, денсаулық сақтауға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды бақылаудың тұтас жүйесін қалыптастыру мақсатында республикалық бюджет шығыстарын ұлғайту, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің, астана бюджетінің шығыстарын қысқарту арқылы орталық деңгейде шығындарды шоғырландыру ұсынылып отыр.

Бұл Қорға ТМККК шеңберіндегі барлық медициналық қызметтерге ақы төлеу функциясын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап беруді ұсынуға байланысты.

Осыған байланысты, «Кейбір заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңнан ТМККК көрсету бойынша қызметтерді  және ТМККК көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтер сатып алуды жүзеге асыру бойынша функциялар облыстар, республикалық маңызы бар қала және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті  органдарының құзыретінен алып тастауға тиіс.

Бір мезгілде, медициналық қызметтерді сатып алу рәсімін біркелкілікке келтіру қажет, осыған байланысты ТМККК шеңберінде қызметтерлі сатып алу ұғымын енгізу ұсынылады.

11. МӘМС жүйесінде медициналық көмек медициналық қызметтер көрсетуден басқа, стационарлық, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды дәрілік қамтамасыз етуді қамтитынын ескере отырып, МӘМС туралы заңнама МӘМС жүйесіне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау субъектілерін тарту бөлігінде жетілдіруді талап етеді. Сонымен, Кодекспен «ТМККК көрсету бойынша фармацевтикалық қызмет» ұғымы көзделген. Бұл ретте фармацевтикалық қызмет ТМККК шеңберінде ғана емес, ол МӘМС жүйесінде жүзеге асырылатынын ескере отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және саудада өткізу (жіберу) бойынша қызметтерді сатып алу және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындауын қолданыстан алып тастауды қоса алғанда, сәйкесінше, заңнамалық актілердегі онымен байланысты нормаларды сәйкестікке келтіре отырып, Кодекстің бұл ұғымына тиісті өзгеріс енгізу қажет.

12. Орталық мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметінің арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату кезінде Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу бойынша құзыреті де мүмкін. Бұл ретте Кодексте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің көрсетілген құзыреті МӘМС туралы Заңының 7-бабының 1-тармағының 22) және                                  81) тармақшаларымен, 34-бабының 1-тармағымен көзделген. Кодекс нормаларының арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында Кодекстен Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу тәртібін айқындаудағы құзыретін алып тастау ұсынылып отыр.

13. МӘМС туралы Заңда (34-бап) сатып алудың негізгі қағидаттарын және денсаулық сақтау субъектілеріне сатып алу рәсімі кезінде қойылатын талаптарды көздейтін, денсаулық сақтау субъектілерінен МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу тәртібі регламенттелген. Алайда, бұл дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және фармацевтикалық қызметтерді сатып алу рәсіміне қолданылмайтынын ескере отырып, МӘМС туралы Заңда тиісті өзгерістерді көздеу қажет.

14. МӘМС енгізумен байланысты Кодекстің оның қызметін жетілдіру, жауапкершілігін арттыру және оны амбулаториялық-емханалық дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуге тарту мақсатында Бірығай дистрибьютордың қызметін реттейтін ережелерді де қайта қарау қажет.

15. МӘМС туралы Заңнан «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ұғымдарын алып тастау қажет, өйткені МӘМС жүйесінің негізін қалаушы қағидатқа сәйкес әрбір адам үшін жүйеге аударымдар және/немесе жарналар төленуге тиіс.

Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастырудың болмауымен) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда, ол белгіленген тәртіпте жұмыссыз ретінде тіркелуі немесе мүгедек мәртебесін алуы қажет. Бұл оған мемлекеттің жарналарына және МӘМС жүйесінде қалуына құқық береді.

Өз кезегінде, адам аударымдар мен жарналарды төлемеген жағдайда, МӘМС жүйесінде медициналық көмекті осындай аударымдар мен жарналарды төлеуді тоқтатқан сәттен бастап 3 айдан артық алмайды. Алайда бұл құқық аталған адамдарды төленбеген кезең үшін Қорға аударымдар мен жарналарды төлеу міндетінен босатпайды. 

16. МӘМС туралы  Заңның 17-бабының 1-тармағының                             7) тармақшасына сәйкес МӘМС жүйесіндегі Мемлекеттік корпорация өз құзыретінің шеңберінде МӘМС жүйесінің ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды жүргізеді және  толықтырып отырады.  Ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды жүргізу және актуалдандыру «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ның функциясы болып табылатынын ескере отырып, олар үшін аударымдар және/жарналар төленген жеке тұлғалардың деректер базасын қалыптастыру бойынша функциямен алмастыра отырып, оны Мемлекеттік корпорацияның функцияларынан алып тастау қажет.

Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттің Қорға жарналарды төлеуі үшін қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыру бойынша қосымша функцияны енгізу қажет.

Бұл ретте, Мемлекеттік корпорацияның МӘМС жүйесінде көзделетін функцияларды іске асыруына жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін орталық атқарушы органдар және мемлекеттік органдар ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, Мемлекеттік корпорацияның құзыреті шегінде олардың жүргізуіндегі ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет.

17. МӘМС туралы Заңның 1-бабына сәйкес Қордың активтері ретінде аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс және қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге және қате есепке жатқызылған немесе артық төленген қаражатты қайтаруға бағытталған қаражатты шегергенде, қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсімдер есептеледі.

Сонымен бірге, МӘМС туралы Заңның 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қордың активтері аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс,  қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.

Сонымен, МӘМС туралы Заң нормаларының арасында Қордың активтерін айқындауда қайшылықтар бар. Осыған байланысты МӘМС туралы Заңның 1-бабының 8) тармақшасын МӘМС туралы Заңның                      18-бабымен сәйкестікке келтіру ұсынылып отыр.

Бұдан басқа, МӘМС туралы Заңның 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қор өзінің қызметін Қордың активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының есебінен жүзеге асырады.

Қор өзінің қызметін қамтамасыз ету үшін комиссиялық сыйақыны қандай көздерден алатынын айқын түсіну мақсатында МӘМС туралы Заңға                      тиісті өзгерістер енгізу қажет.

18.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасы шеңберінде 81 «Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу» қадамын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың                           2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»  ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 жарлығын іске асыру мақсатында бақылау кеңестерінің өкілеттіктерін кеңейту және алқалы және атқарушы органдарды (басқарма) енгізу арқылы медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу қажет.

Корпоративтік басқаруды жетілдіру денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ресурстарды тиімді бөлуге жәрдемдеседі, есеп беретін басқару органдарының ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ететін болады. Ауруханалық басқарудағы бұл тәсіл медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және ұзақ мерзімді капиталдарды тартуға қол жеткізуге ықпал етеді.

Қолданыстағы заңнамада шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын бақылау кеңесінің басқарушылық шешімдер қабылдауға және кәсіпорынды тиімді басқаруға мүмкіндік бермейтін, өкілеттіктерінің шектеулі шеңбері көзделген, бақылау кеңесінің өкілеттіктерін кеңейту ағымдағы қызметте және кәсіпорынның стратегиялық дамуында бұл институтты толық  пайдалануға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын бақылау кеңесінің мынадай негізгі өкілеттіктерін қосымша енгізу ұсынылып отыр:

  1.  кәсіпорынның стратегиялық дамуын айқындау және бекіту;
  2.  кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту;
  3. атқарушы органның құрамына кандидатураларды келісу, сондай-ақ атқарушы органның мүшесімен шартты бұзу мәселесін алдын ала келісу;
  4. сандық құрамды, ішкі аудит қызметі өкілеттігінің мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін,  ішкі аудит қызметі жұмыскерлеріне жалақы мен сыйлықақының мөлшерін, төлеу шарттарын айқындау;
  5. кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекіту;

6) қаржы есептілігінің аудиті үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеудің мөлщерін айқындау;

7) қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын, кәсіпорын немесе оның қызметі туралы ақпаратты айқындау;

8) осы Заңмен және (немесе) мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен көзделген, уәкілетті органның айрықша құзыретіне жатпайтын өзге мәселелер.

Қолданыстағы заңнамада тәуелсіз директор және аффилирленген адамды сипаттайтын түсінік аппаратының болмауына байланысты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті анықтамаларды енгізу ұсынылып отыр, бұл бақылау кеңесінің осы мүшелеріне ерекше мәртебе беруге мүмкіндік береді. Бақылау кеңесінде тәуелсіз директор кәсіпорынның мүдделері үшін қатысушының және өзге адамның ықпалынсыз басқарушылық шешім қабылдауға, ал аффилирленген адам ұғымын енгізу бақылау кеңесінің құрамына өзге адамдардың мүддесі үшін кәсіпорынның шешіміне теріс ықпал тигізе алатын адамдардың қосылуына жол бермейтін болады.

Басқару органы – бақылау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда атқарушы орган енгізілетін болады, ол алқалы немесе жекеше болуы мүмкін. Алқалы атқарушы органның (басқарманың) болуы қабылданатын алқалы шешімдерді одан сапалы пысықтауға, дербес жауапкершлікті арттыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, корпоративтік басқарудың үздік практикасы кәсіпорындағы Басқарма жекеше басшының тарапынан мүмкін болатын жемқорлық бұзушылықтардан қосымша қорғаныс тетігі болады. Атқарушы орган бақылау кеңесіне есеп беретін болады және кәсіпорынның қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын болады. Атқарушы орган заңнамалық актілермен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен басқа органдар мен кәсіпорынның лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған,  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кез келген мәселелері бойына шешім қабылдауға құқылы болмақ.

Ішкі аудит қызметін енгізу және оның бақылау кеңесіне есептілігі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық және медициналық қауіптерін уақтылы анықтауды және жоюды қамтамасыз етеді.

Осының барлығы «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына тиісті түзетулер енгізу қажеттілігімен байланысты.

19. Заң жобасымен Кодекс, Еңбек кодексі және «Жол жүрісі туралы» заң нормаларының арасындағы қайшылықтарды алып тастау көзделген.

Сонымен, Кодекстің 155-бабының 4-тармағына сәйкес Міндетті медициналық қарап-тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай қарап-тексеру өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті органмен келісім бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

Сонымен бірге, «Жол жүрісі туралы» Заңға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы  уәкілетті орган көлік құралдары жүргізушілерін міндетті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскер міндетті алдын ала және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерді, сондай-ақ ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі және өзге медициналық куәландыруды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өтуге міндетті.

Өз кезегінде, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеру міндетті ауысым алдындағы қарап-тексерулерге жататынын атап өту қажет. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне сәйкес көлік құралдарының жүргізушілері міндетті медициналық қарап-тексерулер өткізілетін кәсіптердің тізбесіне кіреді.

Осылайша, жоғарыда аталған нормалардың арасында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті бөлігінде қайшылық бар.

Жоғарыда аталған мәселелер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның емес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган қызметінің саласына жататынын ескере отырып, Еңбек кодексіне және «Жол жүрісі туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізу қажет.

Бұдан басқа, Еңбек кодексімен күрделі жұмыстағы, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстағы жұмыскерлерге қоса атқарылатын жұмысқа тыйым салынғанын атап өту қажет. Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлік персоналдың, орта, кіші медицина персоналының көп бөлігі «зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін» санатқа жатады, ал практикада кадрлардың жетіспеушілігі, әсіресе аудандық және ауылдық ауруханалар мен емханаларда жетіспеушілігі салдарынан қоса атқарылатын жұмыстың қажеттілігі туындап отыр.

Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбегі ерекше және ол өнеркәсіптік өндіріс жағдайында жүзеге асырылмайтынын ескеру қажет. Осыған байланысты бұл шектеуді денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін алып тастау қажет.

Осылайша, бұл норма кадрлар жетіспеушілігі проблемасын шешуге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсартуға жәрдемдесетін болады.

Қосымша Еңбек кодексімен жұмыскерді оның зейнеткерлік жасқа жетуімен байланысты еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай қалғанда хабарлауы көзделген. Сонымен бірге, жұмыскерлерді қашан: зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін немесе одан кейін ескертетініне қатысты мәселелер туындап отыр. Осыған байланысты норманың редакциясын жақсарту мақсатында жұмыскерді хабарлау уақыты нақтылануда.

20. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен Кодекстің 76-бабының                    2-тармағына енгізілген түзетулерге сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ МӘМС қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану мақсатында  дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағалардан (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.

Одан басқа, Кодекстің 7-бабына сәйкес уәкілетті орган ТМККК шеңберінде көрсетілетін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ оларды қалыптастыру әдістемесін бекітеді (2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

Басқаша айтқанда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ медициналық қызметтерге бағаларды реттеу мемлекеттік реттеуге жатпайды, өйткені осындай реттеу кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін шекті бағаларды не міндетті тарифтерді белгілеуді көздемейді. Уәкілетті органның дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды, сондай-ақ медициналық қызметтерге тарифтерді белгілеуі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге  не ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге ниет білдірген, кәсіпкерліктің шектелген шеңберіне қолданылады.

Осыған байланысты, Кодекстің 5-бабына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ медициналық қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеу ұғымын алып тастайтын түзетуді енгізу қажет.

Одан басқа, Кодекстің 1, 2, 6, 7, 25, 76, 77-баптарына «фармацевтикалық қызмет», «дәрілік затқа және медициналық мақсаттағы бұйымға шекті баға», «дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін үстеме баға», «дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және іске асыру бойынша қызметтер» анықтамаларын нақтылау бөлігінде түзетулер енгізу қажет.

Сонымен, Кодекстің қолданыстағы редакциясында «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет» ұғымы көзделген. Бұл ретте фармацевтикалық қызмет ТМККК шеңберінде ғана емес, МӘМС жүйесінде де жүзеге асырылатынын ескере отырып, тиісті өзгеріс енгізу қажет.

Кодексте бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген бағалардан аспайтын баға бойынша сатып алу көзделген. Уәкілетті органның бағаларды белгілеуі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларын айқындау арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 557 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 шілдеде № 13883 болып тіркелген).

Одан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері халықты амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету кезінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады. Дәрілік заттардың,  медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, саудада өткізу (жіберу) және есепке алу бойынша шығыстарын өтеу дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасынан 25%-дан аспайтын мөлшерде үстеме бағамен жүзеге асырылады.

Бұл ретте, Кодексте бұл ұғымдар жоқ.

21. Кодекстің қолданыстағы ережелері мен талаптарын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысын реттеудің халықаралық нормаларымен, оның ішінде ЕАЭО шеңберінде үйлестіру, сондай-ақ халықты ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында Кодекске дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы терминология бөлігінде, мысалы дәрілік заттардың әр-түрлі түрлерін (гибридтік, биоұқсас, биотехнологиялық және басқалар) толықтыру, «дәрілік заттардың айналысы» және «медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы» анықтамаларын бөлуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Одан басқа, Кодекстің 66-1, 63, 63-1, 69, 71, 83, 85-баптарына халықарлық нормалармен: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясымен одан әрі үйлестіру, мемлекеттік тіркеу және сараптама, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау рәсімін жетілдіру,  дәрілік заттардың теріс , медициналық бұйымдардың жанама іс-қимылын (инциденттерін) мониторингілеу жүйесін, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін мониторингілеу жүйесін одан әрі дамыту, дәрілік заттарды Қазақстанның нарығында жылжыту тәсілдері мен нысандарын жетілдіру, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрілік заттарға бағаларды қалыптастыру, орган мен тіндердің дәрілік заттарын әкелу/шығару мәселелерін жетілдіру мақсатында түзетулер енгізілді, сондай-ақ қолданыстағы нормалардың құқық қолдану практикасында туындайтын, оның ішінде мынадай: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес монополиялық функциялармен технологиялық байланысты қызметтер мен жұмыстар түрлерінің тізбесі енгізілді.

Қауіпсіз дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ дәрілік заттарды оңтайлы пайдалану үшін ДДСҰ мен Еуропалық одақтың критерийлерін ескере отырып және белгілі бір фармацевтикалық компаниялардың белгілі бір дәрілік заттарын лоббилеу үшін жауапкершілік шараларын айқындаумен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы этикалық ілгерілету критерийлері пайдаланылатын болады, бұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін талап етеді.

Дәрі-дәрмекті этикалық емес ілгерілету медицина кәсібі үшін проблема болып табылады, өйткені ол жалпы қоғамның пікірін қалыптастыруға ықпалын тигізеді және денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді жоғалтуға алып келеді.

 

 

 

22. Қандай да бір ауруларды әлеуметтік мәні бар ауруларға жатқызу критерийлерін айқындау мақсатында Кодексте белгіленген уәкілетті органның құзыретіне ауруларды әлеуметтік мәні бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін  ауруларға жатқызу критерийлерін бекіту бойынша функцияны енгізу қажет.

23. Көп жылдар бойы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бас мамандар тарапынан денсаулық сақтау саласындағы консультациялық-әдістемелік, жинақтау-талдау жұмыстарын әртүрлі бейіндер бойынша жүзеге асыруда. Бұл Министрліктің мемлекеттік орган ретінде өзінің штатына денсаулық сақтау саласындағы барлық бейіндер бойынша мамандарды шоғырландыруға құқығының болмауына, сондай-ақ жасына қарай (балалар және ересек) бөлумен байланысты. Бас мамандар практикадағы өзінің бейіні бойынша және ұйымдастыру тұрғысынан тәжірибесі мен білімі бар мамандардың қатарынан (оның ішінде білім беру мекемелерінде) айқындалады. Бас мамандар басым бағыттарды, тиісті қызметтерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады, консультациялық-әдістемелік  жұмысты қызмет мамандарының арасында жүзеге асырады, шүғыл жағдайларда қажетті медициналық көмекті ұйымдастырады, тиісті қызмет бойынша жинақтау-талдау жұмысын және басқа да іс-шараларды жүзеге асырады. Бұл ретте бас мамандардың жұмысы қоғамдық негіздерде жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, осындай институтты нормативтік тұрғыдан бекіту мақсатында уәкілетті органның денсаулық сақтау саласындағы бас мамандары туралы ережені әзірлеу және оны бекіту бойынша құзыретін енгізу қажет, ол тартылатын адамдардың құқықтық мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын болады. Аталған адамдардың қызметінің негізгі міндеттері:

1) ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету, медицинаның тиісті бағытын дамыту стратегиясын және оны іске асыру бойынша тактикалық шешімдерді әзірлеуге қатысу;

2) бейінді қызметтердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, аурулардың ерте профилактикасына және ерте диагностикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу, халықтың денсаулығын нығайту, жетекшілік ететін бейін бойынша медициналық көмек көрсетудің тиімділігін және сапасын арттыру болып табылады.

24. Қайшылықтарды жою мақсатында ақылы қызметтерге тарифтерді бюджеттік бағдарлама әкімшісі ТМККК үшін белгілейтін ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмен емес белгілеуді көздейтін норманы алып тастау талап етіледі. Кодексте көрсетілген норма іс жүзінде мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ұйымдарда баға қалыптастыруды реттеген болатын. Жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдар медициналық қызметтерге бағаларды белгілеу кезінде мемлекеттік тапсырыс бойынша ұқсас қызметтердің бағасымен өлшемеген. Сонымен бірге, қызметтердің бағасы әртүрлі факторларға: жалақы деңгейіне, медициналық жабдықпен жарақтандырылу деңгейіне, медициналық технологияларды қолдануға тәуелді. Мемлекеттік ұйымдарда баға қалыптастыруды реттеу «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 146 және 156-баптарымен жүзеге асырылады. Аталған норма жеке медициналық ұйымдар үшін қолданылмайды, өйткені ТМККК-дан тыс медициналық қызметтерге бағаларды реттеу көзделмеген.

25. 2013 жылдан бастап пилоттық режімде (Павлодар және Петропавл қалалары) артериалды гипертензия, 2-типті қан диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі аурулары бойынша Созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы енгізілді.

Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) – созылмалы аурулар бар пациенттер топтарын айқындау үшін үйлестірілген және біріктірілген медициналық араласулар және коммуникациялар жүйесі, оның маңызды компоненті өзіне-өзі менеджмент/өзіне-өзі көмекті жақсарту болып табылады.

АББ патеринализмнен (медицинаның ескі моделі) бағдарланған модель және медициналық көмек көрсетуге профилактикалық, көптәртіптік және жүйелі тәсілге негізделген пациентке өтуді көздейді.

Аталған бағдарламаны пилоттық облыстарда енгізу жоғарыда көрсетілген нозологиялары бар пациенттерде клиникалық нәтижелердің жақсаруы, зертханалық тестілеу әдістеріне қолжетімділіктің жақсаруы, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеуге жатқызу жағдайларының екі есе төмендеуі бөлігінде өзінің тиімділігін көрсетті.

АББ енгізу мыналарды:

1) науқастар үшін қолайлы, қолдайтын тәсілдер көмегімен денсаулық сақтаудың ресурстарын артық пайдалануды;

2) дәрігер кабинетінде науқастарды дәстүрлі қабылдауды алмастыру ретінде телефон немесе Интернет (жеке кабинет) арқылы консультациялар жүргізетін персоналды іске қосып, дәрігерлерге жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаны енгізу пациенттермен әлеуметтік келісімшарттар жасасуды және азаматтың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі бойынша компонентті арттыруға және жақсартуға арналған өзіне-өзі менеджмент/өзіне-өзі көмекті жақсарту бойынша бағытты іске асыруды көздейді.

26. Пациенттердің құқықтары туралы ереженің қолданыстағы редакциясында келісім ауызша немесе жазбаша нысанда алынатын жағдайлардың критерийлері жоқ. Айтылғандарды ескере отырып, пациенттің ерікті келісімін алғаннан кейін, инвазиялық араласулар кезінде – пациенттің жазбаша келісімін рәсімдегеннен кейін медициналық көмек беруді көздеу қажет.

27. МӘМС енгізумен байланысты жекелеген заңнамалық актілердің ережелеріне редакциялық түзетулер енгізу талап етіледі.

Атап айтқанда, Кодекстің, Еңбек кодексінің (соның ішінде кейбір ұғымдар, сондай-ақ уәкілетті органның құзыреті), «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» заңдарының   бірқатар ережелерін нақтылау және енгізілетін МӘМС жүйесіне сәйкестікке келтіру   қажет.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында Кодекске «жоғары технологиялық медициналық қызметтер» ұғымын енгізу көзделген. Осыған байланысты жоғары технологиялық медициналық қызметтер бөлігі болып табылатын «стационарлық көмек», «стационарды алмастыратын көмек» ұғымдарына редакциялық түзетулер енгізу қажет.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің бір бөлігі болып табылатынын ескере отырып, ЖТМҚ-ны МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмек тізбесінен алып тастау қажет.

МӘМС туралы заңның МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің түрлері туралы ережесінде стационарлық көмек ұғымын «жолдаманың болу/болмауына қарамастан – шұғыл көрсетілімдер бойынша» сөздерімен толықтыру қажет.

28. МӘМС енгізу шеңберінде медициналық қызметтер ұсынуға жеке сектордың қатысуын кеңейту негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселесі өзекті болып табылады. Бұл процесті іске асыру мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру арқылы да болжамдалады.

Денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 шілдедегі № 1052 қаулысы) күшінің жойылуы салдарынан денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті органмен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-әрекет реттелмеуде, осылайша, бұл мәселелерді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру қиындатылған.

Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің сапасы халық денсаулығының негізі болып табылады, бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары объектіде медициналық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктерін және күрделілігін ескермейді.

Әлеуетті инвесторлардың ауқымды ақпараттық қамтылуын және конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарының сапасын арттыру мақсатында мыналарды:

хабарландыру мерзімін бір айға дейін және өтінімдерді беру және қарау мерзімдерін 1 айға дейін белгілеуді;

баспасөз басылымдарында, сондай-ақ ресми интернет-ресурстарында хабарландыруды орналастыру географиясын кеңейтуді;

сенімгерлік басқарушының тиімділігін көрсететін объектінің қызметі нәтижелерінің индикаторлар тізбесін көздейтін тәртіпті бекіту қажет.

Осыған байланысты, денсаулық сақтау жүйесінің құрылымын және медициналық қызметтерді ұсыну ерекшелігін ескере отырып, Кодекске денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мемлекеттік заңды тұлғаның балансында бекітілген мемлекеттік мүлікті, денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталда мемлекеттік қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру тәртібін бекіту бойынша құзыретін енгізу қажет.

Одан басқа, мемлекеттік мүлік туралы заңнама шеңберінде бекітілген үлгілік шарт денсаулық сақтау объектісіндегі медициналық ұйымның ерекшеліктерін ескермейді. Медициналық көмекке қолжетімділікті шектеу, сондай-ақ  денсаулық сақтау объектісі қызметінің негізгі медициналық көрсеткіштерін қолдау бойынша талаптарды қосу қауіптерін төмендету мақсатында денсаулық сақтау объектілерін сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту қажет. Осыған байланысты, Кодексте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік заңды тұлғаның балансында бекітілген мемлекеттік мүлікті, денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталда мемлекеттік қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру тәртібін бекіту бойынша құзыретін көздеу қажет, бұл бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге және денсаулық сақтау объектілерін сенімгерлік басқару шарттарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заңнамадағы қайшылықтарды алып тастау мақсатында Кодекске енгізілетін толықтыруларды ескере отырып, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға тиісті өзгерістерді енгізу қажет.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы                     15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен (бұдан әрі – ДСДМБ) өңірлердің ерекшеліктерін және халықтың медициналық көмектің нақты түріне қажеттілігін ескеретін, өңірлер және медициналық көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын (мастер-жоспар) ҚР ДСӘДМ-нің бекітуі көзделген.

ДСДМБ іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын бекіту 2017-2018 жылдары көзделген. Аталған міндетті іске асыру үшін Кодексте денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын әзірлеу және бекіту бойынша құзыретін көздеу қажет.

Бұл халықтың медициналық көмектің нақты түріне қажеттілігін ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай инфрақұрылымын дамытудағы ұзақ мерзімді қажеттілікті айқындауға мүмкіндік береді. Оның негізі өңірлердің денсаулық сақтау инфрақұрылымын  дамыту жоспарлары болады, олар бірыңғай құрылымға сәйкес болып, қайта құрылымдау (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу), орнына қосымша объектілер құрылысы жоспарланатын денсаулық сақтау ұйымдарының бар желісі бойынша ақпаратты  көрсететін болады.

29. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген іс-шараларды іске асыру мақсатында медициналық білім және ғылым саласында Кодекстің ережелерін жетілдіру, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласында қатынастарды реттеудегі кемшіліктерді жою қажет. Осыған сәйкес заңнамалық деңгейде медициналық білім және ғылым ұйымдары мен жетекші шетелдік медициналық ұйымдардың арасында бірыңғай экономикалық және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін өзара ынтымақтастық деп айқындалған «стратегиялық әріптестік» ұғымын бекіту ұсынылып отыр. Стратегиялық әріптестік әріптестердің басым ұзақ мерзімді мақсаттарын айқындауды және қолда бар ресурстарды оларға қол жеткізу үшін пайдалануды болжамдайды, ал халықаралық ынтымақтастық тараптардың өзара мүдделері саласындағы іс-қимылы болып табылады.

Стратегиялық әріптестік ұғымын бекіту:

кадр ресурстарын стратегиялық басқарудың тиімді жүйесін құруға;

медициналық білім беруді жедел жаңғыртуға, стратегиялық әріптестер ұсынымдарының негізінде жоғары және орта кәсіби білім беру стандарттарын өзгертуге;

олардың ерекшеліктері мен басым бағыттарын, өздерінің стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, медициналық ЖОО-лардың институционалдық реформаларына;

стратегиялық әріптестік бренді арқылы медициналық ЖОО-лар беделінің  артуына;

корпоративтік басқару мен дербестікті дамытуға;

ЖОО-лар мен колледждердің институционалдық базасын күшейтуге;

академиялық ортаны өзгертуге;

университет клиникаларын енгізу арқылы ғылым, практика мен білімнің тұтастығын енгізуге, сондай-ақ дәрігер-педагог-зерттеуші халықаралық практикасын енгізуге;

зерттеу әлеуетін кеңейтуге;

медициналық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға,               QS-WUR 500 әлемдік рейтингтерге кіруге алып келеді.

Стратегиялық әріптестікті ынтымақтастықтың 4 негізгі тетігі:                  2016 жылы – консалтинг, 2017 жылы – менторлық, 2018 жылы – бірлескен басқару, 2019 жылы ұзақ мерзімді перспективада – сенімгерлік басқару арқылы іске асыру жоспарланады.  Стратегиялық әріптестік үшін басым бағыттар ретінде:

1) ҚР медициналық ЖОО-ларында басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

2) ҚР медициналық ЖОО-ларының профессорлық-оқытушы құрамының және қызметкерлерінің әлеуетін арттыру;

3) ҚР медициналық ЖОО-ларында білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

4) ҚР медициналық ЖОО-ларының ғылыми қызметін дамыту айқындалды.

Стратегиялық әріптестіктің көмегімен отандық ЖОО-лар өздерінің білім беру өнімдерінің маркетингін айтарлықтай жақсартады, жаңа шетел нарықтарына шығуға мүмкіндік алады, өз бағдарламаларының беделін арттырады деп күтіледі.

Жетекші шетелдік медициналық ұйымдарды тарту және стратегиялық әріптестік үшін жағымды жағдай жасау мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына медициналық білім және ғылым ұйымдарына стратегиялық әріптестермен олармен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден қызметтерді сатып алу шарттарын (консалтинг, оқыту, біліктілікті арттыру және басқалар) жасасуға мүмкіндік беруді көздейтін өзгерістерді енгізу қажет.

30. Академиялық және өндірістік процестерді тиімді басқару үшін стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің бірлігі негізінде                         2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында бекітілген іс-шаралар шеңберінде біріктірілген академиялық орталықтарды (университеттік клиникаларды) құру арқылы клиникалық практиканың, медициналық білімнің және ғылыми қызметтің тұтастығын іске асыру көзделген.

Бұл іс-шараны іске асыру үшін заңнамалық деңгейде «университеттік клиника» ұғымын бекіту, сондай-ақ уәкілетті органның құзыретіне «Университеттік клиника туралы ережені» әзірлеу және бекіту ұсынылып отыр.

Осы тармақта көрсетілген міндеттерді іске асыру Кодекске және «Білім туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілуіне байланысты туындап отыр.

31. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ұйымдық құрылымын (акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым, бірыңғай құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылады), пайда табуға бағыттылмаған қызметін (әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік қауіптер туындаған жағдайларда төлемдерді тағайындау және төлеу), сондай-ақ Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңында («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 29-бабының 3-тармағының        2) тармақшасы) көзделмеген кәсіпкерлік қызметпен және өзге де қызметпен айналысуға тыйым салынғанын ескере отырып, КК-ға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұқсас мемлекеттік монополия қызметінің саласын реттейтін ережелер қолданылмайтын ұйымдар тізбесіне (КК-ның 193-бабы) қосумен байланысты өзгеріс енгізу қажет.

32. Одан басқа, заңнаманы жетілдіру мақсатында Кодекстің ережелеріне денсаулық сақтау субъектісінің объектілері мен субъектілерінің қызметін, уәкілетті органның денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымына және штаттық кестесіне, денсаулық сақтау ұйымдарының ең төменгі штат нормативтеріне ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту бойынша құзыретін, фармацевтикалық жұмыскерлердің фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығын реттейтін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүргізу бөлігінде редакциялық және нақтылайтын түзетулер енгізілуде.

 

 

 

 3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, денсаулық сақтау және МӘМС саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ МӘМС жүйесінде құқықтық, әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді айқындау мақсатында  әзірленді.

 

4. Заң жобасын реттеу мәні

Заң жобасын реттеу мәні әлеуметтік-еңбек саласында, денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысушылардың өзара іс-қимылына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

 

5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы 2 баптан тұрады.

1-бап:

6 Кодекске:

1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне;

2)  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы                 № 99-IV кодексіне (Салық кодексі);

3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі  Кодексіне;

4) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне;

5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне;

15 заңға:

1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 148 Заңына;

2) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;

3) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы                         7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

4) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына;

5)  «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына; 

6) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына;

7) «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы              2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

8) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

9) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

10) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына;

11) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына;

12) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»                       2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;

13) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;

14) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Республикасының 2015 жылғы                    4 желтоқсандағы Қазақстан Заңына;

15) «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін мен толықтырулардың мазмұнын айқындайды.

2-бап осы заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.

 

6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерін жетілдіруге және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасының ережелерімен сәйкестікке келтіруге және  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау, оның ішінде міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы заңнама нормаларын  біркелкі қолдануға бағытталған.  Осы Заң жобасын қабылдау қандай да бір теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдардың туындауына әкелмейді.

 

7. Басқа заңнамалық актілерді бір мезгілде (кейіннен) әзірленіп жатқан заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді.

 

8. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

Қазіргі кезде заң жобасының бірқатар мәселелері (әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің                 135-бабында, сондай-ақ Қорғаныс және Қарулы күштер туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы, құқық қорғау органдары туралы, арнаулы мемлекеттік органдар туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарда регламенттеледі. Заң жобасының өзге мәселелері қабылданған ЕАЭО нормативтік құжаттарының  аясында регламенттеледі, осыған байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері жөніндегі Кодекстің ережелеріне, Кәсіпкерлік кодексіне, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, жол жүрісі туралы, білім туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарына  өзгерістер енгізу талап етіледі.

 

9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

Заң жобасын әзірлеу кезінде заң жобасының кейбір мәселелері бөлігінде шет елдердің тәжірибесі зерттелді.

1. Ресей Федерациясының федералдық заңына сәйкес Ресей Федерациясының мемлекеттік билік органдарының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеу жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға өзгелерден басқа мүгедек балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар жатады.

Литвада үй жағдайында мүгедек баланы немесе 24 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе 24 жасқа толғанға дейін пайда болған ауруға байланысты 26 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе тұрақты күтуді қажет ететін адамды күтетін ата-ананың біреуі, қамқоршы немесе бақылаушы жарналарды мемлекет төлейтін адамдар тізіміне қосылуы тиіс.

Эстондық медициналық сақтандыру жүйесінде 16 жасқа дейінгі мүгедекті күтетін және бұл ретте өздері аурулардан зардап шегетін немесе акушерлік күтім алатын адамдар үшін жарналарды медициналық сақтандыру қоры олардың орташа кірісінен 80% мөлшерінде төлейді.

Осылайша, аталған елдердің тәжірибелерін ескере отырып, өздеріне Қорға  жарналарды мемлекет жүзеге асыратын адамдар санатын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдармен кеңейту ұсынылады.

 Қырғыз Республикасының міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде міндетті медициналық сақтандырумен қамтылмаған адамдар міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды міндетті медициналық сақтандыру полистерін сатып алу арқылы төлеуге құқығы бар.

Литвада төлеушілердің ешбір санатына кірмейтін адамдар медициналық сақтандыру қорына жарналарды ай сайын жарна жүргізілген айға ең төменгі айлық кірістің 9% мөлшерінде төлейді.

Ресей Федерациясында Ресей Федерациясының мемлекеттік билік органдарының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеу жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға әскери қызметшілерді және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, мынадай азаматтар: 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыс істемейтін зейнеткерлер, бастапқы кәсіби, орташа кәсіби және жоғары кәсіби білім мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын азаматтар, жұмыспен қамтылу туралы заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз азаматтар, баланы үш жасқа толғанға дейін күтетін ата-ананың біреуі немесе қамқоршы, мүгедек балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар, сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін және жоғарыда көрсетілмеген азаматтар жатады.

МӘМС жүйесіне басқа санаттарға жатпайтын адамдарды қосу және МӘМС жүйесінде медициналық көмекпен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажеттілігін және шетелдерде ұқсастықтардың болуын ескере отырып, Қорға жарналар төлеушілер тізбесін жұмыс күші тобына кірмейтін адамдармен толықтыру қажет.

Барлық ЭЫДҰ елдерінде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер сақтандыру жарналарын/аударымдарын ұлттық қорға заңнаманың негізінде аударуға міндетті. Сақтандырылған шетел азаматтары медициналық көмекті осы елдердің азаматтарымен бірдей алады.

Еуропа одағының елдерінде «еркін» қозғалыс принципі пайдаланылады, ол Еуропа елдеріндегі медициналық сақтандыру жүйелері ЕО-ның басқа елдерінде алынған қызметтер шығыстарының орнын толтыратынын білдіреді. Алайда, сақтандыру жағдайларын өтеуді ұлттық медициналық сақтандыру қорлары шығу елінің мөлшерлемелері бойынша жүзеге асырады. Болған елде алынған емнің бағасы асып кеткен жағдайда сақтандырылған адам бағадағы айырмашылықты өтейді.

Голландық медициналық сақтандыру жүйесі барлық мүшелердің атынан (босатуларсыз) жарналар төлеуді талап етеді, бірақ Нидерландыда қызметтер  Нидерландыда тұрып жатқан, сақтандырылған адамдарға ғана төленеді. Бұл елде тұрып жатқан және МӘС-қа жарналарды төлейтін шетел азаматтарына да қатысты.

Германияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға құқығы бар адамдар үшін әлеуметтік медициналық сақтандырудан басқа, сақтандыру елде тұрып жатқан әрбір азамат үшін міндетті болып табылады. Отбасы мүшелері жарналарды төлеуге міндетті емес. Бұл отбасы мүшелері Германияда тұрып жатса, олардың неміс медициналық сақтандыру қызметтеріне ғана құқығы бар. Егер азаматтар МӘМС арқылы сақтандырылмаса, олар жеке сақтандыру жүйесі арқылы сақтандырылуы қажет.  Германияға баруға виза алатын шетелдіктер, виза берілгенге дейін  медициналық сақтандырудың болуы туралы дәлелдер ұсынулары тиіс.

Ресей Федерациясында ММС туралы Заң Ресейдің аумағында уақытша және тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге ғана қолданылады.

Ресейдің аумағында тұрақты тұрып жатқан, мекендеу қағазы және рұқсаты бар шетелдіктер заңға сәйкес РФ азаматтарына құқықтар мен міндеттемелерінде теңестіріледі. Бұл азаматтардың осы санаттары тегін медициналық қызмет көрсетуді ММС бағдарламасының шеңберінде алатынын білдіреді. Оларға ММС полисі ресейліктерге берілетін шарттарда беріледі.

Ресейдің аумағында уақытша тұрып жатқан шетелдіктер медициналық-көлік қызметтерін, оның ішінде репатриацияны (шұғыл эвакуацияны) қамтитын көмекті алуына болады. Медициналық қызметтер азаматтардың осы санатына шартқа  және төленген сақтандыру жарнасының мөлшеріне сәйкес ұсынылады. Қызметтер көлемінің ең төменгі тізбесін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен.

Ресей мемлекетінің аумағында уақытша жүрген шетел азаматтары үшін ММС полисі заңмен көзделмеген.

Жедел медициналық көмек азаматтардың барлық санаттарына міндетті және тегін көрсетіледі.

Қауіпті жағдайдан шыққан науқасқа кейіннен көрсетілетін медициналық қызметтер ақылы негізді жүргізіледі.

ЭЫДҮ елдерінің тәжірибелерін жалпылай отырып, Қазақстан Республикасында тұақты тұратын шетелдіктер медициналық көмекті азаматтармен бірдей алу үшін жарналарды және (немесе) аударымдарды аударуы қажет.

Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Health Insurance Act Passed 19.06.2002 RT I 2002) сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушылар Эстонияның тұрақты тұрғындары болып табылатын, базалық білім алатын, 21 жасқа дейінгі студенттер, жалпы орташа білім алатын, 24 жасқа дейінгі студенттер, ресми кәсіби білім студенттері, сондай-ақ жоғары оқу мекемелерінің студенттері болып табылады.

Сақтандырылған адамдар деп есептелетін адамдардың сақтандырушылық өтемдерінің ұзақтығына қатысты қойылатын талапта студенттердің сақтандырушылық өтемдері оқу орнын аяқтағаннан кейін үш айдың ішінде тоқталатыны айқындалған. Егер студент білім беру мекемесінен мектепті аяқтағанға дейін жалпы орташа білім оқу басынан  үш жалғаспалы академиялық жылдың ішінде шығарылса, оның сақтандырушылық өтемі оқудан шығарылғаннан кейін бір айдың ішінде тоқтатылады.

 Литваның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Republic Of Lithuania Law on Health Insurance) сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыру мемлекет жарналарының есебінен өтеуге құқығы бар адамдарға жалпы білім беру мектептерінде оқитын адамдар, Литва Республикасының күндізгі кәсіби-техникалық училищелерінің, жоғары оқу мекемелерінің студенттері, оның ішінде жоғары оқу мекемелерінің күндізгі нысанындағы студенттері болып табылатын Литва Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтағы жоқ адамдар жатады. Студенттердің сақтандырушылық өтемінің мерзімі міндетті медициналық сақтандыруды қолдану мерзімінің жалпы талаптарымен айқындалады, онда студенттердің сақтандырушылық өтемінің мерзімі студент мәртебесін алған күннен бастап одан айрылған күнге дейін деп айқындалған. Сонымен бірге, заң Медициналық сақтандыру қоры жабатын медициналық қызметтерді міндетті жарналарды соңғы төлеуден кейін (мемлекеттің студенттер үшін) бір ай мерзіміне беруді көздейді.

Техникалық, кәсіптік және жоғары білім бері ұйымдарында оқыған адамдарға медициналық көмекті өтеудің ұзақтығы бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, олардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы болатын мерзімдерді қысқарту, сондай-ақ олар үшін мемлекеттің жарналар төлеу бойынша міндетін бекіту қажет. Бұл ретте олардың резидентура ғана оқу нысанын алып тастау арқылы бұл адамдар санатын кеңейту қажет.

2. Кейбір елдердің (мысалға, Дания, Финляндия, Корея, Испания, Швеция) Конституцияларында және ұлттық бюджеттік жүйені реттейтін негізгі заңдарда (мысалға, Францияның, Германияның, Жапонияның, Жаңа Зеландияның, Құрама Штаттардың) «қосымша бюджетке» немесе үкіметтік резервтерге және олардың нысаналы мақсаттарына қатысты жалпы ережелер айқындалған. Жапонияда күтпеген шығыстарды жабу үшін пайдалануға болатын резервтер қоры қолданылады. Жапонияның мемлекеттік қаражаты туралы заңы негізінен Қаржы министрлігінің қарамағындағы резервтер қорын пайдаланылатын рәсімдерге бағдарланған. Жапонияда (және кейбір басқа елдерде) резерв қорының сомасы заңда көрсетілмесе (атқарушы билік оның мөлшерін айқындайды), басқа елдерде резерв қорының мөлшері немесе резервтердің мөлшерлері көрсетілген. Мысалға, 1974 жылғы «Біріккен Корольдіктің Резервтік қоры туралы» Заң парламент бекітпеген шұғыл шығыстарды жүргізуге, алдыңғы жыл шығыстарының 2% деңгейінде шектеуге рұқсат береді.

Канадада үкіметтік резерв «күтпеген жағдайларға арналған резерв қоры» деп аталады. Резервтер сондай-ақ күтпеген шығыстарға да пайдалануы мүмкін. Күтпеген шығыстар табиғи апаттарға қарағанда ауқымды санат болып табылады және ол үкіметке айтарлықтай шығын әкелетін, бірақ пайда болуын болжау қиын (мысалға, террористік оқиғалар, соғыстар, экономикалық дағдарыс, эпидемиялар, ядролық авариялар) барлық оқиғаларды қамтиды. Сонымен бірге, елдердің көпшілігі макроэкономикалық күрт ауытқулар кезінде қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының біраз бөлігін мемлекеттік бюджеттен белгілейді.

 «Law on the Budget Structure of Lithuania»:

1) Үкіметтік резерв мемлекеттік бюджетте қалыптастырылуға тиіс. Бұл мемлекеттік бюджеттің мақұлданған қаражат бөлу сомасынан 1% аспауға тиіс. Үкіметтік қордың белгілі бір сомасын Seimas жыл сайынғы негізде Мемлекеттік бюджеттің қаржы индикаторларын және Муниципалдық бюджеттерді мақұлдау туралы Заңға сәйкес айқындауға тиіс. Үкіметтік қодың қорлары үкіметтік қарармен қаржыландырылуға тиіс.

2) Үкіметтік резерв қорлары төтенше жағдайларға, халықаралық операцияларға қатысуға қатысты міндеттемелерге және үкімет белгілеген басымдықтарға сәйкес өзге де қажеттіліктерге төтеп беру үшін пайдаланылуға тиіс.

Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде Медициналық сақтандыру қорының нормативтік құжаттармен белгіленген міндеттемелерін орындау кейбір жағдайларда тоқтатылады және міндеттемелер мемлекеттің «мойнына» өтеді, мысалға трансферттерді республикалық бюджеттегі жоспарланатын көлемнен қысқарту. Медициналық сақтандыру туралы заңда Қор банкрот бола алмайтыны айқындалғандықтан, Қордың қаржылық орнықтылығын белгілі бір жағдайларда Үкіметтік резервтің қаражатынан қамтамасыз етіледі деп болжамдауға болады.

Үкіметтің макроэкономикалық құлдырау жағдайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуде қаржыландыруды нысаналы тағайындаумен бірге үкіметтік резервтердің болуы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі әбден дамыған көптеген елдерде байқалады.

3. МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, зейнеткерлерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесіне қатысты. Бұл мәселе бойынша мынадай елдердің: Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының тәжірибелері зерттелді.

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің медициналық көмекті тегін алуға, дәрілік препараттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен дәрігердің тағайындауы бойынша тиісті медициналық, әскери-медициналық бөлімшелерде, бөлімдерде және федералдық заңмен әскери қызмет көзделген федералдық атқарушы билік органдарының ұйымдарында тегін қамтамасыз етуге құқығы бар.

Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық ұйымдар болмаған кезде және (немесе) оларда тиісті бейін бөлімдері болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл және кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда әскери қызметшілердің медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында алуға құқығы бар.

Әскери қызметшілерге медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында көрсетумен байланысты шығыстар тиісті мемлекеттік органдарға (Қорғанысмині, ІІМ және т.б.) бөлінетін федералдық бюджет қаражатының есебінен өтеледі.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында медициналық көмек алуға құқығы бар және өзге азаматтармен жалпы негіздерде міндетті медициналық сақтандыруға жатады.

Беларусь Республикасының заңнамасымен әскери қызметшілердің әскери қызмет көзделген мемлекеттік органдарға бағынышты денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті тегін алуға құқығы белгіленген.

Әскери қызметшілерге қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери денсаулық сақтау ұйымдары болмаған жағдайда, сондай-ақ жедел (кейінге қалдыруға болмайтын) медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындаған кезде медициналық көмек заңнамаға сәйкес өзге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.

Медициналық көмек әскери қызметшілерге, әскер қызметшілер қатарындағы зейнеткерлерге тегін көрсетіледі.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға мүмкіндігі болмаған кезде, тиісті әскери денсаулық сақтау ұйымдарында әскери қызметшілермен бірдей медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің және әскери жиынға шақырылған азаматтардың тегін медициналық көмекке, дәрі-дәрмекпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен әскери-медициналық мекемелерде қамтамасыз етілуге құқығы бар.  Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер немесе тиісті бөлімшелер немесе арнайы медициналық жабдық болмаған кезде, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда медициналық көмек денсаулық сақтау мекемелерінде олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан тегін көрсетіледі. Көрсетілген денсаулық сақтау мекемелеріне әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша шығыстар Қырғыз Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеледі.

«Қырғыз Республикасындағы азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заңның 8-бабына сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар жатады.

Мерзімдегі қызметтің әскери қызметшілері, офицерлер, прапорщиктер, мерзімнен тыс қызметтің әскери қызметшілері, әскери қызметтегі әйелдер үшін міндетті медициналық сақтандыруға жарналары республикалық бюджет қаражатынан жылына есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде төленеді.

4. Әскери қызметшілердің және басқа әлеуетті құрылымдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің ведомстволық әскери-медициналық ұйымдарда,  олар болмаған кезде – өзге денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмек алуы және оларды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету медициналық сақтандыру жүйесі бар көрші елдерде кең таралған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарттар жасасуының болуы халықаралық практикада норма болып табылады.

5. ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінің және Багам аралдарының, Болгарияның, Кенияның, Черногорияның, Литваның, Перудің, Филиппиннің, Сербияның және Тайландтың әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сипатталған «қатысу өтілі», «сақтандыру мерзімі»  деген ұғымдар мен анықтамалар жоқ.

Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастырудың болмауы) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда, бұл жағдайда басымдықты қамтамасыз ететін резервтік жүйе болуы тиіс (жұмыстан айрылу жағдайына сақтандыру және/немесе еңбекке қабілетсіздігі жағдайына сақтандыру).

Егер жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмыссыз немесе еңбекке қабілетсіз болып қалған жағдайда, оның мемлекет төлейтін  МӘС-қа қаражаттандыратын жарналарға құқығы бар және ол МӘС жүйесінде қалады.

Жеке тұлға жаңа жұмысқа орналасқан жағдайда төлемдердің үздіксіздігі сақталып қалады, сонда сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады. Егер жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмай жұмыссыз болып қалса немесе еңбекке қабілетсіз болып қалса, сондай-ақ жұмыссыздық бойынша немесе еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы алушысы болмаса және жарналар төлеуді өзі жүзеге асыру үшін қаражаты болмаса, бұл жағдайда жарналардың үздіксіздігін сақтап қалу үшін субсидия алу құқығын иленуге тиіс. Бұл жағдайда да сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады.

Егер мемлекет Қорға жарналар төлеуді жүзеге асырмаса, бұл жағдайда субсидиялау режимі бойынша МӘС шарттарын және ережелерін бұзушы жеке тұлға емес, мемлекет болғандықтан, ол жазаланбауға тиіс, тиісті жеке тұлға Қордан жанама субсидия шеңберінде белсенді қызметтер алушы болып табылады, ол тұлғаға МӘС қызметтерін мемлекет мерзімі өткен субсидиялаған жарналарды төлегенге дейін, ал Қор субсидия берілген адамға көрсетілген медициналық қызметтер үшін қызмет берушілерге мемлекеттің МӘС жүйесіне субсидиялаған жарналар бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты ақы төлеу үшін келтірілген Қордың шығыстарын өтей алғанға дейін алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ЭЫДҰ-ның бұрыннан келе жатқан МӘС жүйелері бар елдерді қоса алғанда, ешбір елде МӘС туралы заңнаманың негізгі бағыты болып табылмайды.

Жұмыстан айырылу және еңбекке қабілетсіздік/мүгедектік жағдайындағы сақтандырудың мысалдары:

a)      АҚШ-та жұмыстан айырылған жағдайларға (бұдан әрі – ЖАЖ)  арналған  федералдық-мемлекеттік сақтандыру жүйесі жұмысын жоғалтқан  жеке тұлғаларға, олар жаңа жұмыс іздеу кезеңінде жалақысының бір бөлігінің орнын уақытша  өтеу арқылы көмектеседі. 1935 құрылған бұл жүйе әлеуметтік сақтандырудың бір нысаны болып табылады, онда жұмыс берушілерден алынатын салық жұмыскерлердің атынан олар жұмыстан айырылған жағдайда  табыстарын қолдау үшін ақшалай жәрдемақы беру мақсатында жүйеге төленеді. АҚШ-тың Еңбек департаменті жүйеге қадағалауды жүзеге асырады, бірақ жұмыссыздық жөніндегі негізгі (базалық) сақтандыру бағдарламасына әрбір штат әкімшілік етеді. Базалық бағдарлама көпшілік штаттарда жұмыссыздардың алдыңғы жалақысының шамамен жартысының орнын толтыра отырып, 26 аптаға дейін орташа оларға жәрдемақы береді. Штаттар қаржыландырудың айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді және жұмыскерлерге жәрдемақы төлеуді тікелей жүзеге асырады; Федералдық Үкімет әкімшілік шығыстарға ғана ақы төлейді. Тұрақты Ұзартылған жәрдемақы (бұдан әрі – ҰЖ) бағдарламасы, әдетте, жұмысты халықпен қамту жағдайы айтарлықтай ушыққан штаттарда стандартты жәрдемақыларын пайдаланып тауысқан жұмыссыздарға қосымша 13 немесе 20 апта өтемақы береді. Жәрдемақы беру апталарының жалпы саны жұмыссыздық деңгейіне және тиісті штатта жұмыссыздық жағдайына сақтандыру туралы қолданылатын заңнамаға байланысты.

b)      «Бюджеттік қарама-қайшылықтарды кешенді реттеу туралы» шоғырландырылған заң (бұдан әрі – COBRA) медициналық сақтандыруды жоғалтып отырған жұмыскерлерге және олардың отбасы мүшелеріне жұмыстан ерікті және еріксіз шығару, жұмыс сағаттарын қысқарту, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу, қайтыс болу, айырылысу және басқа өмірлік жағдайлар сияқты белгілі бір жағдайлар туындаған кезде уақыттың шектелген кезеңіне медициналық сақтандыру жоспарымен берілетін топтық медициналық сақтандырудың пайдалануын ұзартуды таңдау құқығын береді. COBRA шеңберінде сақтандырылған жұмыскерлерге, олардың жұбайларына, бұрынғы жұбайларына және асырауындағы балаларға белгілі бір жағдайлар туындаған кезде топтық сақтандыру өтемінің жоғалуы мүмкін болған жағдайларда сақтандыру өтемін ұзартуды ұсыну талап етіледі. Көбінесе COBRA шеңберінде сақтандыру өтемін ұзарту жұмыс істеп жүрген жұмыскерлердің топтық медициналық сақтандыруға төлейтін сомасынан едәуір жоғары, өйткені әдетте жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген жұмыскерлердің осындай медициналық сақтандыру шығыстарының бір бөлігін төлейді; бұл ретте, сақтандырудың бар құны медициналық сақтандыру өтемі ұзартылатын жеке тұлғаларға жүктелуі мүмкін.

c)       Еңбекке қабілеттілікті жоғалту/мүгедектік жағдайына кірістерді сақтандыру: бұл еңбекке қабілетсіздікке алып келетін және сақтандырылған адамға өзінің әдеттегі еңбек қызметін жүргізуге мүмкіндік бермейтін аурулар немесе жазатайым оқиға жағдайында қосымша кірісті қамтамасыз ететін сақтандыру өнімі.  Төлемдер, әдетте ай сайынғы негізде жүзеге асырылады, осылайша, сақтандырылған адамға өзінің өмір сүру деңгейін сақтап қалуға және ұдайы шығыстарын төлеп тұруына мүмкіндік береді.

6. Қырғыз Республикасының Медициналық сақтандыру қорының және оның аумақтық басқару органдары міндетті медициналық сақтандыру жарналарын жинауды жүзеге асыруға өкілетті орган беретін ақпараттың дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Ресейде Федералдық қор жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуін бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуден түсетін Федералдық қор кірістері әкімшісі функцияларының орындалуы бойынша  аумақтық қорлардың қызметтеріне тексеру жүргізеді.

Осы және басқа елдерде жарналарды және аударымдарды жинау функциясы қорға (салық органы арқылы) тиесілі, нәтижесінде олар үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың болжамды санын айқындау функциясының орнын дербестелген есепке алу арқылы оларды төлеуді бақылау функциясы толтырады.

7. Литваның міндетті медициналық сақтандыру туралы заңында Міндетті медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын жабуға арналған резервтерді қалыптастыру міндеті көзделген. Қор резервтің қаражатын ел Үкіметі белгілеген рәсімдерге сәйкес пайдалана алады.

Эстонияда Медициналық сақтандыру қорының заң бойынша белгіленген резервін Әлеуметтік істер министрінің ұсынысы бойынша тек Үкімет белгілеген тәртіпте ғана пайдалануға болады. Үкіметке ұсыныс бергенге дейін Министр Қордың Байқау кеңесінің пікірін тыңдайды. Қауіптер резервін Байқау кеңесінің шешімі бойынша пайдалануға болады.  Аталған директивалар Эстонияның медициналық сақтандыру қоры туралы заңында көрсетілген.

Ресей Федерациясының Федералдық қорының нормаланған сақтандыру қоры қаражатын пайдалану тәртібін атқарушы биліктің уәкілетті федералдық органы белгілейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолданыстағы үлгісі бар елдердің резервтерін Медициналық сақтандыру қорлары Үкімет айқындаған, қатаң белгіленген жағдайларда пайдалануға құқылы.  

8. Дәріхана бизнесін реттеудің халықаралық тәжірибесі дәріхана бизнесіне өте либералдықтан бастап өте қатаң бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Дәріхана бизнесі көптеген елдерде жеке меншікте болады.  

Пайда алу үшін  қолайлы үстеме бағаларға рұқсат етілген, бірақ рецепт бойынша дәрі-дәрмектің бағасы қатаң бақыланады. Рецептісіз дәрі-дәрмектердің (ОТС) бағасы, парафармацевтикалық өнім және медициналық қорлар, негізінен, бақыланбайды және нарықта бәсекелестік үлгісімен белгіленеді.

Дәрілік заттардың (физикалық қол жетімділік) және дәрі-дәрмектер бағасының  (баға қол жетімділігі) әлеуметтік әсер етуін қарастырған кезде,  қандай дәрі-дәрмек тобын  мемлекет немесе  медициналық сақтандыру қоры жабатындығы маңызды болып табылады. Бұл көбінесе дәрі-дәрмектерге пациенттердің жеке қаражатын пайдалану  деңгейін анықтайды. Дәрі-дәрмектер мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне, өтеу жүйесіне немесе  медициналық сақтандыру қорына көбірек енгізілген сайын,  пациентің үлесі азаяды. Жалпы, дамыған елдерде барлық рецепт бойынша дәрі-дәрмектер   мемлекет қаражатының және (немесе) медициналық сақтандыру қорының есебінен жабылады.

Барлық дамыған елдерде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар рецепт бойынша дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға өкілетті. Бұл, негізінен,  бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:

патенттелген дәрі-дәрмектерге, жаңа дәрі-дәрмектер арналған бағаларды сыртқы референттік баға қалыптастыру арқылы  бақылау;

әр түрлі механизмдер арқылы орнын толтыру жүйесінде генерикалық                дәрі-дәрмектерге (белсенді заты бір  барлық брендтелген және брендтелмеген генериктер)  арналған бағаларды бақылау;

шекті бағаларды белгілеу, немесе дәрі-дәрмектің түріне және жағдайдың ауырлығына  (өмірлік маңызды / негізгі / қосалқы) байланысты қоса төлеу  деңгейін белгілеу;

ішкі референттік баға қалыптастыру арқылы қоса төлеу деңгейін белгілеу;

ішкі референттік баға қалыптастыру, тендерлік үрдістер   арқылы генериктер арасындағы бәсекелестікті ынталандыру, немесе басқарылатын нарыққа кіру келісімдер (жеткізу  шарты мен бағасы қолайлы артықшылықты өнім беруші);

арнайы бақылау және қаржыландыру тетіктері түзетілген  қымбат                    дәрі-дәрмек тізімі.

Медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде рецепт бойынша дәрі-дәрмекті неғұрлым кең қамтылуы  қордың дәрілік заттарды сатып алушы ретіндегі және бағаны бақылайтын билік  ретіндегі Министрліктің орнын күшейтуге ықпал ететін болады.

Көптеген елдерде шығыстарды рецепт бойынша дәрі-дәрмекке бөлу деңгейлері, стационарлық  қызметке немесе амбулаториялық көмекке қарағанда неғұрлым жоғары. Көптеген елдер фармацевттердің дәріхананы иелену құқығын шектейді. Кейбір елдерде  фармацевт болып табылмайтын  және дәріхана иесі болып табылатын тұлғалардан дәрілерді босатуға және пациенттерге консультация беруге жауапты фармацевттің болуын талап ете отырып, шарттар қойылады.

Кейбіреулері бір ғана дәріхананы басқаруға рұқсат етеді (мысалға, Греция, Португалия, Испания және Канададағы Жаңа Шотландия) немесе корпорациядағы акционерлердің немесе директорлардың көпшілігі фармацевт болуын талап етеді. Сондай-ақ, дәріхана иесінің фармацевт болуын талап ететін ережелердің де болуы мүмкін (мысалға, Аустрия, Финляндия, Германия, Италия, Испания және Канададағы Квебек пен Онтарио). Бұл ережелер фармацевттердің тәуелсіздігін коммерциялық қысымнан қорғау үшін әзірленген.

Лицензиялау рәсімдері арқылы, сондай-ақ бір дәріханада қызмет көрсетілетін тұрғындарды есепке ала отырып, дәріханалар ашудың көптеген түрлері болады.

Жекелеген елдерде  дәріханалардың табысын тікелей бақылау жүзеге асырылады, алайда, бұл   кірістер мен шығыстардың жақсы дамыған және заманауи деректер қорының болуын талап етеді,  дәріхана табысын бақылау үрдісі күрделі болып табылады. Рецепт бойынша дәрі-дәрмектен түскен пайда мен пациенттерге көрсетілген қызметтерден түскен пайданың, сондай-ақ дәрілік зат болып табылмайтын  рецептісіз дәрі-дәрмек пен өнімдерден алынған пайданың арасында айқын шектеулер болуы тиіс. Пайданы бақылау Ұлыбританияда қолданылады.

Кейбір елдерде дәріхана пайдасының деңгейіне ай сайын кірістері мен шығыстарына мониторинг жүргізілетін дәріханалар үлгісі арқылы мониторинг жүргізіледі. Бұл мысал Нидерландта жүзеге асырылады. осындай зерттеулердің нәтижелері үстеме бағаны арттыруды негіздеу үшін  немесе дәріхана қауымдастығы мен ұлттық  денсаулық сақтау органы арасындағы  келіссөздер жүргізу барысында шектен тыс пайда көргендіктен қаражатты бюджетке қайтару талабы үшін пайдаланылады. Сондай-ақ дәріхананың көлемі мен клиенттердің саны ескеріле отырып, қалалық және ауылдық дәріхана экономикасы арасында да шектеулер жүргізіледі.

Дәріхана қызметіне дәрі-дәрмектердің үстеме бағасы (% немесе  жергілікті валютадағы тіркелген сомасы), қызмет көрсеткені үшін қаламақы  (әрбір рецепт үшін қаламақы немесе кеңес бергені үшін жеке  қаламақы) арқылы ақы төленуі мүмкін.

 Үстеме бағаны Үкімет рецепт бойынша дәрі-дәрмек үшін белгілейді және оларды пайда деңгейлерімен шатастыруға болмайды. Маржа немесе үстеме баға бір өнімге немесе өнімдер сызығына белгіленеді. Бірақ пайда жалпы шығыстарды шегере отырып, жалпы кіріске байланысты.

Үстеме бағалардың әртүрлі жүйелері бар:

дәрі-дәрмекті сатып алу бағасына пайыздық үстеме баға (%);

дәрі-дәрмекті сатып алуға пайыздық үстеме баға, бірақ қымбат тұратын дәрі-дәрмек үшін шамадан тыс үстеме бағалардан аулақ болу үшін жергілікті валютада ең жоғары соманы белгілеумен;

фармацевттер тарапынан тек қымбат тұратын дәрі-дәрмекті сатуына жәрдемдеспеу үшін, дәрі-дәрмектің бағасына қарамастан жергілікті валютада бекітілген сома;

кез келген дәрі-дәрмекті беру үшін бірдей уақыт пен күш салу талап етілетінін болжамдай отырып, әрбір рецепт үшін (белгіленген дәрі-дәрмекке қарамастан)  жергілікті валютада бекітілген сома;

регрессивті үстеме баға, яғни қымбат тұратын дәрі-дәрмек жағдайында         дәрі-дәрмек бағасынан төмен % және төмен бағасы бар дәрі-дәрмек үшін жоғары %.

Рецепт дәрі-дәрмекке бағаларды мемлекеттік реттеу халықаралық практикада денсаулық сақтауды бюджеттік қаржыландыруы бар елдерде де, сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесі бер елдерде де қолданылады.

9. Елдердің халықаралық тәжірибесіне сәйкес стратегиялық әріптестік медицинаның көптеген бағыттары бойынша көшбасшыларды оқытуға және дамытуға, осы елдердің кадрлық әлеуетін күшейтуге, нақты бағыттар бойынша институционалдық реформалар жүргізуге мүмкіндік берді, ғылымның дамуын ынталандырды және зерттеушілерге халықаралық гранттар алуға мүмкіндік берді. Мысалға, Кливленд және Абу Даби (Cleveland Clinic Abu Dhabi) клиникасы 2016 жылғы Мубадала Даму Компаниясы мен Кливленд Клиникасы (АҚШ) арасындағы шарттың негізінде «Экономикалық пайым 2030» Абу Даби мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында әлемдік деңгейі бар денсаулық сақтау секторына қол жеткізу үшін құрылды.

Медициналық білім беру ұйымдарының арасындағы стратегиялық әріптестіктің халықаралық тәжірибесін Сингапур мысалынан да көруге болады. Елді Азияның биоорталығы (хаб) ретінде айқындау мақсатында Дьюк Университетімен (Duke-NUS medical school) бірлесіп елдің биомедициналық ғылым саласында бастамасын қолдау үшін қажетті жоғары білікті медицина көшбасшыларын алу үшін жоғары оқу білімінен кейінгі медицина мектебі құрылды. Айтарлықтай прогрестен кейін, 2016 жылғы                   2 маусымда Сингапурда бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшінші келісімге қол қою арқылы расталды. Duke-NUS медицина мектебі Сингапур Ұлттық университетінің бөлігі болып табылады, ол Басқарушылар кеңесінің, сондай-ақ Дьюк Университетінің академиялық кеңес қабылдаған кез келген шешімге вето салуға құқыға бар өкілінің бақылауында болуымен бірегей болып табылады.

10. Әлемдік тәжірибе ғылымды, практиканы және білімді біріктіру жағдайында ғана қазіргі білім алу бәсекеге қабілетті дәрігерді дайындау үшін тиімді ортаны жасау мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Дамыған елдерде медицина мектебінің (жоо) қызмет етуінің негізгі шарттарының бірі университеттік клиниканың – клиникалық дайындық үшін қажетті инфрақұрылымның болуы болып табылады.

Францияда университеттік аурухана орталықтары университеттің құрамына кіретін немесе дербес ұйым болып табылатын, университетпен қандай да бір келісіммен байланысты медициналық ұйымдарға ұқсайды. CHU – өңірлік мемлекеттік орталықтар. Олар 32 мекемені біріктіретін, түгел ел бойынша Бірыңғай желіні құрайды. Орташа есеппен елдің әр өңіріне бір университеттік аурухана келеді. Университеттік аурухана орталықтары персоналының бөлігі бір мезгілде медицина қызметкерлері мен оқытушылар болып табылады, яғни олар екі ұйымға жұмыс істейді және екі еселенген жалақы алады. Университеттік клиникалық орталықтардың бірыңғай желісі елдің мемлекеттік медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызудың үштен бір бөлігін және кейінге қалдыруға болмайтын көмек, үйдегі көмек, аурулардың барлық түрлері бойынша медициналық алғашқы көмек саласындағы дәрігерлік қызметтердің түгел кешенін қамтамасыз етеді. CHU  қаржыландыруды мемлекет әлеуметтік сақтандыру қаражатының есебінен, қайырымдылық ұйымдары жүзеге асырады.

Германияда УК – әлемдегі ең көнелердің бірі болып табылады. Елдегі алғашқы УК-лар XVIII ғасырда пайда болды. Қазіргі таңда Германияда 40-қа жуық университеттік клиника жұмыс істейді, олар елдің барлық өңірлерінде барлық федералдық жерлерде орналасқан. Жыл сайын Германияның              УК-лары стационарды түрде 1,7 млн-ға жуық пациентке қызмет көрсетеді. Бұл ретте медициналық көмектің өте күрделі немесе кешенді түрлерінің көпшілігі УК-ларда көрсетіледі. Германияда университеттік клиникаларды қаржыландыру, әдетте, үш көзден: жергілікті бюджет, федералдық үкімет және ғылыми ұйымдар мен арнайы қорлар қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Ұлыбританияда УК-лар (University Hospitals или Teaching Hospitals) Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне (National Health Service) кіреді. Ұлыбританияның ауруханалары NHS шеңберінде аурухана тресттерін - Acute Trusts басқарады, олар пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын және бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауруханаларды дамыту стратегиясын айқындайды. Кейбір - Acute Trusts мамандандырылған сипаттағы қызметтер көрсету бойынша өңірлік немесе ұлттық болып табылады, басқалары университеттермен немесе медициналық мектептермен байланысты және медицина кадрларын дайындауға қатысады. Өз базасында жас мамандарға дәрігерлік практика өтуге жәрдемдесетін жетекші ұлттық орган – Ұлыбританияның Университеттік клиникалар бірлестігі (Association of UK University Hospitals) болып табылады. Бірлестікке 43 трест кіреді. Бұл ретте бір трест бірнеше   УК-ға және ауруханаларға жауап бере алады.

АҚШ-та мыңнан астам оқытатын клиника жұмыс істейді, 400 жетекші клиника Америкалық медицина ЖОО бірлестігінің білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің жанындағы Клиникалар кеңесіне (Council of Teaching Hospitals and Health Systems, COTH) кіреді. Академиялық құрылымдар мен университеттік клиникалардың ынтымақтастығы негізінде білім, ғылым мен практиканың біртұтастығын қамтамасыз ету тетіктерін дамыту қазіргі жағдайда академиялық медицина орталықтарын (бұдан әрі – АМО) құруға алып келді. Қазіргі таңда АҚШ-та 119  академиялық медицина орталығы бар.

АМО басшылық пен жалпы жүйелік әкімшілік құрылымның шоғырландырылған құрылымы болып табылады, оның құндылықтары академиялық, зерттеу және емдік компоненттерді қамтиды. Бұл компоненттерді бірыңғай басшылыққа біріктіру ұйым қызметтерінің спектрін кеңейтуге, медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға, нәтижелерін кейіннен медициналық көмек көрсету үрдістеріне енгізе отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Университеттік клиника бұл медициналық инновациялар мен ғылымның орталығы ғана емес, ол сондай-ақ «дәрігер-ғалым-педагог» моделін дамыту үшін база болып табылады.  Білім беру және ғылыми ізденістер үрдістеріне практиканың үздік мамандары ынталандырылып тартылады деп күтіледі, ғылыми қызметкерлер және оқытушылар практикалық жұмыс істеу және клиникалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін алатын  болады. Бұл дәрігерлік кадрларды (бір адам ретінде дәрігер, оқытушы, ғалым) ұтымды пайдалануға, кадрлардың жоғары материалдық және кәсіби ынталандыруын қамтамасыз етуге және бүгінгі күні әлемдік денсаулық сақтаудағы кәсіби дамудың үздік стандарты болып табылатын, медицина кадрларын ғылыми-педагогикалық дамыту моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжамды қаржылай шығындар

Республикалық бюджеттің 2017 – 2019 жылдардағы кезеңі үшін қосымша шығындары болжам бойынша 51 148 355 мың теңгені, оның ішінде:

2017 жылы – 11 478 663 мың теңгені;

2018 жылы – 18 413 360 мың теңгені;

2019 жылы – 21 256 332 мың теңгені құрайтын болады.

Қосымша шығындарға егжей-тегжейлі есептеулер қоса беріліп отыр.

 

 

Бөлімдер:
5 қазан, 2016 - 17:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші