A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу талаптары

Жауабы:

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттық жалақысы мөлшері есебімен, бірақ күніне 8 сағаттан асырмай, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүргізеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсететін үкіметтік емес ұйым арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресімделеді, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен ұсынылатын қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мен жеке көмекшiнiң немесе ымдау тiлi маманының арасындағы қатынастар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алуды жүргізеді.

14 қазан, 2016 - 17:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші