check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде «Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша проблемалық мәселелер.

Дүңгелек үстелдің жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Біріккен ұлттар ұйымын дамыту бағдарламасының (БҰҰДБ) сарапшылары, сондай-ақ Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуін іске асыруға және қолдауға қатысатын Үкіметтік емес ұйымдардың бірқатар сарапшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.

 «Жасыл экономика» - бұл халықтың өмір сүру сапасының деңгейі жоғары,елде қабылданған халықаралық эконологиялық міндеттемелерге сәйкес қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесі үшін табиғи ресурстарды ұқыпты және рационалды пайдалану экономикасы,

БҰҰДБ-ның өкілдері Қазақстан Республикасының өңірлері үшін халықтыңңөмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішінің үлгісін таныстырды.

Кешенді жоспардың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі –ЭЫДҰ) «жасыл» өсім көрсеткішінің, Қазақстан Республикасы өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайларының негізінде Қазақстан Республикасының өңірлері үшін халықтыңңөмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішінің үлгісін жасау;

экологиялық қолайлық бойынша Қазақстан Республикасы өңірлерінің градациялық (дифференциальдық) жүйесінің үлгісін әзірлеу;

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша Ұсынымдар қабылданды, оларға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ведомствоның ішінен адамдар туралы ақпарат жинақтауға жауаптыларды айқындау, Іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындауға тиісті құрылымдық бөлімшелерді олардың құзыреттері мен «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдаманың негізгі бағыттарына сәйкес бекіту ұсынылды.   

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігіне мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламасына «жасыл экономика» мәселесі бойынша курстар қосу ұсынылды.

 

8 қараша, 2016 - 17:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші