A A A
Мазмұнына өту

You are here

«2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы»ҚР ДСӘДМ 2016 жылғы 29 ақпандағы № 164бұйрығынаөзгерісенгізутуралы" ҚР ДСӘДМ 2016 жылғы 11 қараш №944 № 164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы»2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. «2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 164 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2016 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрық күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде:
1) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№944 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 164 бұйрығына
1-қосымша

2016 жылға арналған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу

Р/с
№ Облыстардың атауы
Отбасысаны
1 Ақмола 123
2 Атырау 28
3 Шығыс Қазақстан 260
4 Батыс Қазақстан 29
5 Костанай 28
6 Павлодар 683
7 Солтүстік Қазақстан 108
Жиыны: 1259

Бөлімдер:
14 қараша, 2016 - 12:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші