A A A
Мазмұнына өту

You are here

Шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңнаманы өзгерту туралы

Келісөз процестерінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы ДСҰ-ның шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту саласындағы шоғырландырылған міндеттемелерін келісті.

Осы міндеттемелер «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңында және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру (КІА) шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарында көрсетілгенін еске сала кетейік.

КІА шеңберінде Қазақстан Республикасына басшы, менеджер және маман санатына жататын жоғары білікті қызметкерлер ғана тартылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Осы шетелдік қызметкерлерді тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларына ғана жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Одан басқа, КІА шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жұмыс берушілер 2021 жылға дейін ішкі еңбек нарығынан тиісті мамандарды іздеуді жүзеге асырады.

КІА шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлер үшін рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген, бірақ он екі айда бір рет ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын ауыстыру мерзіміне берілетін болады.

Сонымен бірге, мұндай қызметкерлерді тартуға рұқсаттар квотадан тыс беріледі.

Осы ретте, жұмыс беруші кадрлар бойынша жергілікті қамту талаптарын сақтауы тиіс, яғни КІА шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлердің саны қазақстандық азаматтар санының    50 %-ынан аспауы тиіс.

Кадрлар бойынша жергілікті қамту шетелдік қызметкерді басшы лауазымына тарту кезінде қолданылмайды.

Жергілікті атқарушы орган рұқсаттар берген кезде жұмыс берушіге рұқсаттар берудің ерекше талаптары жүктеледі. Бұл қазақстандық кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сондай-ақ қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу.

12 қыркүйек, 2016 - 20:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші