A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15,                 120-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы             № 330 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылар қатарындағы мынадай қызмет алушыларға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер);

5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (бұдан әрі – қарттар);

6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға (бұдан әрі – үйсіз адамдар);

7) адам саудасымен және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасылар);

8) бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарға;

9) пробация қызметіндегі адамдарға ұсынылады».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев

Бөлімдер:
30 желтоқсан, 2016 - 15:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші