A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне  әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңы:

1) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.».

2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат):

1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.»;

2) 2-бапта:

1-1 тармақшадағы «тоқсан сайын» деген сөз алып тасталсын;

1-2 тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

3. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының:

1) 10 баптың 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілгендігін қалыптастыруды;».

4. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):

1) 1-бапта:

4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылық), туыстықтан (жекжаттықтан), бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;»;

Мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

 «11) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткізетін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;

2) 3-1-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

3) 3-2 баптың:

1) тармақшасындағы «тиісті» деген сөз алып тасталсын;

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;»;

5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;

6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттіліктерді және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;»;

4) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш:

1) Мемлекеттік корпорацияға – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;

2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға – балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі.

Тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.

Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.

Ата-анасының бірінің, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жәрдемақы тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.»;

5) 6-баптың 1-тармағындағы «тиісті» деген сөз алып тасталсын;

6) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:

бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіш;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 айлық есептік көрсеткіш;»;

7) 11- баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:».

5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат):

1) 1- бапта 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;»;

2) 6 – баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;»;

3) 7 – бапта:

1) және 5)  тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;»;

«5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн әзiрлейдi және бекітеді;»;

6-1) тармақша алынып тасталсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпараттық  жүйелері бойынша алмасу ережелерін бекітеді;»;

4) 9 – бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы

Азаматтарға осы Заңда белгіленген жағдайлар басталған кезде зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік беріледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы бар адамдарға бір мезгілде осы зейнетақы төлемдерінің біреуі қалауы бойынша тағайындалады»

5) 11 - баптың 7  тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін  зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.»

6) 15 - баптың 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, прокуратураның, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдарға төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 46 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспауға тиіс.»;

7) 20 бапта:

12) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

8) 26 – баптың 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.»;

9) 34 - баптың 9 тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен салымшылардың (алушылырдың) жеке зейнетақы шоттары туралы орталық атқарушы органның ақпараттық жүйелері арқылы ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;»;

10) 53 – баптың 5 тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры комиссиялық сыйақының шамасын кемінде екi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшыларға (алушыларға) ол бекітілгеннен кейін бiр айдан кешіктірмей  хабарлауға тиiс.»;

11) 57 – баптың 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, жазбаша сұрау салу бойынша өсиетте аталған адамдарға, мұрагерлікке құқығы бар туралы куәлікке сәйкес соттардың жүргізуіндегі мұрагерлік iстер бойынша ұйғарым негізiнде соттарға берiледi.»;

12) 64 баптың 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Осы баптың 1 – 3-тармақтарына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы болған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.»

13) 68-баптың  1-тармағы жаңа екінші абзацпен толықтырылсын:

«Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау өтініші тіркелген күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалады, бірақ  оларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемі тоқтатылған күннен кейін.»

14) 71 - баптың 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Заңның 11 және 64 - баптарында белгiленген жағдайлар болған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.».

15) 73-баптың 10-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары, егер пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілген адамдар өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесіне кірген кәсіптер жұмыскерлері болып табылған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарына аударылады.

Өзге де барлық жағдайларда 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ерікті зейнетақы жарналарына аударылады.».

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  (…ведомосі):

1) 1-бапта:

3-тармақ алып тасталсын;

Мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

(……. ведомосі):

1)      35-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;»;

2) 113-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ведомосі, 1995 ж., № 15-16, 106-бап; Қазақстан Республикасының Парламентінің ведомосі, 1996 ж., № 2, 184-бап.; № 15 , 281-бап.; № 19, 370-бап.; 1997 ж., № 5, 58-бап.; № 13-14, 205-бап.; № 22, 333-бап.; 1998 ж., № 11-12, 176-бап.; № 17-18, 224-бап.; 1999 ж., № 20, 727-бап.; 2000 ж., № 3-4, 66-бап.; № 22, 408-бап.; 2001 ж., № 8, 52-бап.; № 9, 86-бап.; 2002 ж., № 17, 155-бап.; 2003 ж., № 5, 31-бап.; № 10, 51-бап.; № 11, 56-бап., 67; № 15, 138-бап., 139; 2004 ж., № 11-12, 66-бап.; № 15, 86-бап.; № 16, 91-бап.; № 23, 140-бап.; 2005 ж., № 7-8, 24-бап.; № 14, 55-бап., 58; № 23, 104-бап.; 2006 ж., № 3 , 22-бап.; № 4, 24-бап.; № 8, 45-бап.; № 11, 55-бап.; № 16, 99-бап.; 2007 ж., № 2, 18-бап.; № 4, 28-бап., 33; 2008 ж., № 17-18, 72-бап.; № 20, 88-бап.; № 23, 114-бап.; 2009 ж., № 2-3, 16-бап., 18, 21; № 17, 81-бап.; № 19, 88-бап.; № 24, 134-бап.; 2010 ж., № 5, 23-бап.; № 7, 28-бап.; № 17-18, 111-бап.; 2011 ж., № 3, 32-бап.; № 5, 43-бап.; № 6, 50-бап.; № 12, 111-бап.; № 13, 116-бап.; №14, 117-бап.; № 24, 196-бап.; 2012 ж., № 2, 15-бап.; № 8, 64-бап.; № 10, 77-бап.; № 13, 91-бап.; № 20, 121-бап.; № 21-22, 124-бап.; № 23-24, 125-бап.; 2013 ж., № 10-11, 56-бап.; № 15, 76-бап.; 2014 ж., № 1, 9-бап.; № 4-5, 24-бап.; № 6, 27-бап.; № 10,. 52-бап; № 11, 61-бап.; № 12, 82-бап.; №19-I, 19-II, 94, 96-бап.; № 21, 122-бап.; № 22, 131-бап.; № 23, 143-бап.; 2015 ж., № 8, 45-бап.):

1) 50-баптың 4-тармағы 1-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпарат беруі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтер беруі;»;

2) 74-2-баптың 3-тармағы 2) тармақшасы «зейнетақы жарналарын,» сөздерінен кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,» сөздерімен толықтырылсын.»;

11-тармақ алып тасталсын;

19 тармақта:

2) тармақшада:

жетінші, он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 54 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.»;

«5) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;»;

он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«8)  1998 жылы 1 қаңтардан кейін "Байқоңыр" кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде;»;

5) тармақшаның төртінші, он бірінші  абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дербестендірілген есебін, дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;»;

«8) орталық атқарушы органмен  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпарат жүйесі бойынша жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары қозғалысы туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

23) тармақшаның он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) орталық атқарушы органмен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпарат жүйесі бойынша жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары қозғалысы туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

2) 2 – бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

«2-1) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-быбының 19-тармағы 34) тармақшасы мынадай редакцияда қолданыста:

«10. Мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайын, тоқсан сайын немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімі бойынша, бірақы осы Заңның талаптарына сәйкес жылына бір реттен аз емес тәртіпте жүзеге асырылады.

Бірінші сақтандыру төлемін сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын аударған сәттен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей сақтандыру ұйымына жүзеге асырады.»;

«2-2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін рсы Заңның 1-бабы 19-тармағы 19) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста:

«2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының банк шотына аударады, реквизиттер зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы алушының өтінішінде көрсетіледі.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен, олардың конвертациялануын қоспағанда, зейнетақы төлемдерімен  және аударумен, есептеумен байланысты банктік қызметтерді төлеу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншкті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

2-3) 2018 жылдың 1 шілдеден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін  осы Заңның оныншы абзац 1-баптың 19-тармағының 2)-тармақшасы келесі редакцияда жүреді;

«2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең»

3) тармақшада:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

Осы Заңның 1-бабы 19-тармағы 1) тармақшаның оныншы, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:»;

жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«осы Заңның 1-бабы 19-тармағы 26) тармақшаның екінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Салымшылардың, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілген жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары және міндеттері»;

отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтары алып тасталсын;

3) 3-бапта:

мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін                       19) тармақшаның, 19-тармақтың 34) тармақшаның он үшінші және он төртінші абзацтары»;

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін                           1-тармақтың, 2-тармақтың 1)-тармақшаның, 4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларының, 5 және 6-тармақтардың, 7-тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшаларының, 7-1-тармақтың, 8, 9, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтардың, 1) тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, оныншы, он бесінші, он алтнышы, он жетінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын, 2) тармақшаның оныншы абзацы, 3) тармақшаның жетінші абзацы, 4) тармақшаның алтыншы, жетінші және сегізінше абзацтары,                    5) тармақшаның төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтары, 12) тармақшаның төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он тоғызыншы абзацтары, 13) тармақшаның екінші, үшінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма тоғызыншы абзацтары, 15), 17) және 18) тармақшалары, 19) және 21) тармақшалардың алтыншы және жетінші абзацтары, 23) тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары, 26) тармақшаның он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, және отыз бірінші абзацтары, 28) тармақшаның, 29) тармақшаның бесінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары, 30) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары, 19-тармақтың 32) тармақшаның, 20-тармақтың, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармақтың 1) тармақшасы.».

7. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 19-II, 106- құжат):

1) 1-бапта:

6-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;»;

7-тармақтың 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) 5-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш осы Заңның 4-бабымен қарастырылған құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, адамдар МӘС бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.

Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.

Өтініш беруші белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.»;

7-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияға сұрау салуды жүзеге асырғандар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.»;

7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.

2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және барлық қажетті құжаттарымен бірге жүгінген күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.

3. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны төлеу:

1) арнайы мемлекеттік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, жәрдемақы алушы медициналық-әлеуметтік мекемеде (мекемелерде) тұру уақытына;

2) жәрдемақы алушы бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеген уақытқа тоқтатыла тұрады.»;

4. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.

5. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.».

8. Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі  «Төлемдер және төлем жүйелері туралы»

60 баптың 1 тармағының 3) тармақшасы мынадай реадкцияда жазылсын:

«3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацын;

қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».

2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 7-тармағын және 4-тармағының 2), 3), 5), 7) тармақшаларын қоспағанда 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының             

               Президенті

 

 

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 11_st_0.doc267 KB
Microsoft Office document icon 1_tekst.doc90.5 KB
28 желтоқсан, 2016 - 17:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші