A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жұмыс берушілерге ШЖК тартуға рұқсат беру және(немесе)ұзарту, сондай-ақ КІА жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ-ің м.а. 2016жылғы27.06 №559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»ҚР ДСӘДМ-ің 2016жылғы 15желтоқсандағы №1069бұйрығы

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы             27 маусымдағы № 559 бұйрығына  (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазандағы № 191 (28317) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 40-тармағы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын  жергілікті атқарушы     орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы Қағидалардың 6-тармағы:

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;

4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;

5) шетелдік заңды тұлғаның жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.»;

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_gos.doc120 KB
Бөлімдер:
28 желтоқсан, 2016 - 19:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші