check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2018-2020 жылға арналған конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурс 2016 жылғы 20 шілдедегі № 1 ЖҒТК отырысының хаттамасымен мақұлданған «Өмір және денсаулық туралы ғылым» атты ғылымның даму басымы бойынша өткізіледі.

Еңбек басқармасының бас сарапшысы Е.Е.Ергеш жауапты тұлға болып табылады.

Конкурстық құжаттама (Rar-file, 85,9 KB) ҚР ДСӘДМ www.enbek.gov.kz сайтында орналастырылған.

Конкурстық құжаттама түсініктемесі және өтінім даярлау мәселелері бойынша мына телефондар арқылы кеңес беріледі: (8-717-2) 74-35-27, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің Еңбек басқармасы;

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылған қажетті құжаттар конвертпен (тиісті орындағы оның беттік жағында көрсетіледі: жолдаушының мекенжайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә, конкурстың, ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының атауы), Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің Еңбек басқармасы Астана қаласы 010000, Есіл ауданы, Орынбор көшесі 8, 6 кіреберіс, 960 кабинетіне қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру берілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарастырылады.

 

Бөлімдер:
14 ақпан, 2017 - 16:19 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші