A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы 2016 жылға арналған есебі

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іке асырылуы туралы есебі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

 (әзірлеуші-мемлекеттік орган атауы)

2014 – 2018 жылдарға арналған

(жоспарлы кезең)

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы «5» желтоқсандағы № 299

бұйрығымен бекітілген

 (мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрық атауы)

Есептік кезең: 2016 жыл.

 

 

 

 

1. Тәуекелдерді басқаруды талдау

 

Мүмкін тәуекелдің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды нақты орындау

Ескерту (орындау/орындалмау туралы ақпарат)

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1.1 мақсат. Сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту

Техногенді және экологиялық аппаттар (қасірет) салдарынан болған әртүрлі жарақаттар мен аурулардың (оның ішінде инфекциялық) жаппай кең дамуы  

1. Қатердің басталуына байланысты денсаулық үшін салдарды жоюға бағытталған кешенді шараларды қабылдау (медицина кадрларын жұмылдыру, дәрілік заттармен қамту және т.б.) 

2. Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық пункттер мен денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы жабдықтармен қосымша жарақтандыруға, сондай-ақ шұғыл стационарлық көмек көрсетудің қосымша көлеміне немесе бюджет қаражатын қайта бөлуге қаражаттың қажеттілігі туралы бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу

Республиканың апаттық қауіпті жолдарының аумағында 40 трассалық медико-санитариялық бекеттерді (бұдан әрі - ТМСК) одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

ТМСБ жұмысы тәулік бойы режимде іске асырылады, вахталық әдіс бойынша жедел әрекет ету бригадаларының кезекшілігі ұйымдастырылды.  Бригалар 5 қызметкерлерден (дәрігерлер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы, құтқарушы жүргізушісі). ТМСБ қажетті техникалық мүлікпен, 40 құтқарушы құралдармен 40 реаномобильдер. Бекеттер аумағында тікұшақ техникасын қондыру үшін орын қарастырылған.

2016 жылы жідел әрекет ету бригадаларымен 1664 жол-көліктік оқиғалар барасында 2657 адам,оның ішінде – 210 бала зардап шеккен 1664 шығулар ұйымдастырылды. 4664 азаматтарға, оның ішінде 360 балаға медициналық көмек көрсетілді. Емдеу ұйымдарында 1849 адам эвакуацияланды, оның ішінде 174 бала, 1452 адам, оның ішінде 150 бала госпитальданды.

ТМСБ-ға жақын орналасқан елді мекен азаматтардың және трасса бойымен өтіп бара жатқан медициналық көмекке 2861 жеке өтініш білдірулер тіркелді, оның ішінде 126 адам медициналық адам жеткізілді.

Келесідей мақсатты индикаторларға қол жеткізілуде:

- ЖТО нәтижесінде жедел медико-көмек көрсету әрекет ету трассаларының бөлігінде қайтыс болғандардың санын төмендету. Осылай трассалық бекеттердің жауапкершілік аумағында өлім-жітім көрсетуші 2016 жылғы айда – 11,5% азайды;

- жедел медико-құтқарушылық көмек көрсету аумағында ЖКО туралы хабар келген уақыттан бастап келу және жедел медико-құтқарушылық көмек көрсетуді бастау уақытын қысқарту. Қазіргі таңда аталған көрсеткеткіш На сегодняшний день данный показатель не превышает 25 минут, мин аспайды, яғни «алтын сағат» қағидасы сақталады. 

Жол апаттық оқиғаларда және басқа төтенше жағдайларда  ТМСБ жедел медициналық көмек көрсетуде ТМСБ, медициналық ұйымдардың, санитарлық авиация, жедел жәрдем өзара әрекет ету алгоритмін жетілдіру мақсатында «Жол-көліктік оқиғаларда зардап шеккен тұлғаларға шұғыл әрекет ету және уақытылы кешенді көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Инвестиция және даму мен Ішкі істер министріліктерімен бірлескен бұйрығы бекітілді. Сондай –ақ, қазіргі таңда транспорттық медицинаның одан әрі дамуын және жедел медициналық көмек көрсету екідеңгейлі үлгісін құруда қарастыратын алдыңғы 5 жылға (2016-2020 ж.ж,) жедел медициналық көмек көрсету қызметін дамыту Стратегиясы әзірленді.

Әзірленген стратегия аясында ҚР ДСӘДМ «Республикалық санитарлық авиация орталығы» ШЖҚ РМк базасында оның қызметін 5 бағытта дамыту бойынша Ұлттық үйлестіру орталығын құру жоспарланған.

ҚР санитарлық авиация қызметін дамыту;

ҚР жедел жәрдем қызметін үйлестіру;

Телемедицинаны жаңғырту және жетілдіру;

Жедел жәрдем көмек үшін оқыту клиникалық орталықтың ашылуы;

Республикалық шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету орталығын құру.

Қазіргі таңда ҚР ДСМ санитарлық авиация және жедел жәрдем қызметін жетілдіру бойынша жекелей шаралардың және жобалардың іске асырылуы басталды. Толықтай, аталған Стратегияны іске асыру халықтың сапалы шұғыл медициналық көмекке қолжетімдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді, әсіресе ауылдық жерде тұратындарда.

Жыл сайын тегін медициналық кепілдендірілген көмек кешені (бұдан әрі – ТМккк) аясында дәрілік қамтуға шығындар артуда, 2016 жылы сомма 164,8 млрд. теңге құрады.

Қазіргі таңда тегін медициналық кепілідендірілген көмек көрсету (бұдан әрі - ТМККК) үшін дәрілік қамтамасыз ету мынадай:

- жедел жәрдем, стационарлы және стационар алмастыратын көмек көрсету;

- медициналық ұйымдармен бекітілген және өкілетті органдармен бекітілген тәртіпте келісілген дәрілік формулярлар;

- 2011 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. № 786 бұйрығымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің бекітілген тізбесіне сәйкес амбулаторлы-емханалық көмек көрсету жолдарымен іске асырылады.

2016 жылға сатып алу 115 млрд. теңге сомасына 100% пайыздық  көлемде 947 дәрілік зат және медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды.

Орындалды

 

19 ақпан, 2017 - 19:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші