A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау үшін Жұмыс тобы мүшелігін құруға конкурстуралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау үшін Жұмыс тобы мүшелігін құруға конкурс туралы хабарландыру

__________________________________________________________________

23.02.2017 ж.

 

Қоғамдық мәні бар мәселелері бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының жария сөз сөйлеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданған.

Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыс тобы мүшелігін құруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Кандидаттарға қойылатын талаптар. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы кандидат бола алады.

Одан басқа кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруғаалкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жазбаша түрде кандидаттың ТАӘА көрсете отырып өмірбаянымен бірге оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттары қоса беріледі.

Конкурсты өткізетін мерзімі - 2017 жылғы 7 наурызға дейін.

Құжаттарды қабылдау -  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мынадай мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 830-кабинет (электрондық почта: a.kaiyrbekkyzy@enbek.gov.kz).

Ескерту. Ұсыныстарын жіберген коммерциялық емес ұйымдар мен әр азаматтар бір кандидаттан артық ұсына алмайды.

 

 

Бөлімдер:
28 ақпан, 2017 - 12:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші