A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына 33-қосымша

 

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

            1-тарау. Жалпы ережелер

            1. "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

            2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әзірледі.

            3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

            Көрсетілетін қызметті алушыдан (шетелдіктен немесе азаматтығы жоқ адамнан) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

            2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

            4. Құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

            1-кезең: үш айға дейінгі мерзімге өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру – 21 (жиырма бір) жұмыс күні;

            2-кезең: шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үш айдың ішінде Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасқан жағдайда анықтама беру – 3 (үш) жұмыс күні, бұл ретте мұндай анықтама еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

            анықтаманы қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;

            анықтама жоғалған, бұзылған жағдайда анықтаманың телнұсқасын беру - 5 (бес) жұмыс күні.

            Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

            Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

            5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

            6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген не қайта ресімделген анықтама не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.

            Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

            7. Мемлекеттік қызмет шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

            8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

            Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

            Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

            9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

            1) анықтаманы алу үшін:

            осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

            шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (мемлекеттік немесе орыс тілінде);

            еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның немесе Кодекстің 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы;

            2) Қазақстан Республикасында үш айдың ішінде өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда анықтама алу үшін:

            жұмыс берушінің атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын жұмыс беруші туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

            уәкілетті орган бұрын берген анықтама;

            жұмыс берушімен жасалған еңбек шартының көшірмесі.

            3) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

            еркін нысандағы өтініш;

            шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

            Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген өтініштің үзбелі талонын береді.

            10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

            10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

            1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес келмеу;

            2) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бағалау нәтижесінің бес балды құрайтын шекті мәніне қол жеткізбеу;

            3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

            3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

            11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

            Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

            Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

            Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

            Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8-800-080-7777 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

            Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

            Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

            12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

            4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін  ескере отырып, өзге де талаптар

            13. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке келуге мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы қызметті ресімдеу және алу құқығына берілген сенімхатпен өкілін жібереді.

            14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

            15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

 

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін
шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

 

Нысан

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігіне

 

кімнен ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________
(паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) №, берілген күні және берген орган)
Мекенжайы, телефоны, факсы ____________________________
____________________________Резиденттік еліндегі мекенжайы,
телефоны ___________________

 ӨТІНІШ

      _______________________________________________________________________________________

       ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің

       сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз

      бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және

       олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық

       сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығының 

      (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген)

       2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым саласы (экономикалық қызмет түрі), кәсіп көрсетіледі)

      кәсібі бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді сұраймын.

        Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің

      дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

                  Өтінішке:

                  1)___________________________________________;

                  2)___________________________________________;

                  3)___________________________________________ қоса беріледі.

      Өтініш 20_жылғы "__"________________берілді

      Өтініш берушінің қолы _______________________________________

 

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін
шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру"
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

 

 Нысан

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

 Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы
АНЫҚТАМА

      № _____                                                                                20__ ж. "____" __________

      __________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

       Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет

      түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін

       біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді: _______________

      __________________________________________________________________________

       ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің

       сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның

       өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және

       олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық

       сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығының

      (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген)

       2-қосымшасына сәйкес экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде)

       сұранысқа ие кәсіп, сала көрсетіледі)

 

                Анықтаманы беру үшін негіздеме ________________________________

               Анықтаманың қолданылу мерзімі _________ бастап __________ дейін

                                                                      (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)

       М.О.                     _________________      _______________

                                                     (тегі, аты-жөні)                 (қолы)

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prilozhenie_33_kaz.doc66.5 KB
5 сәуір, 2017 - 16:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші