check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1056 бұйрығына өзгеріс енгізу

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодекісінің 16-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1056 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12709 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін беру нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.      

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                          Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

________________ Б. Сұлтанов

20__ жылғы «___» ___________

 

 

 

Қазақстан Республикасы      
         Еңбек және халықты әлеуметтік

                                                                                    қорғау министрiнiң        
                                                                            2016 жылғы ___ __________      
                                                                          № ______ бұйрығына

                                                                             қосымша

                                                                             

 Қазақстан Республикасы      
         Денсаулық сақтау және әлеуметтiк

                                                                                    даму министрiнiң        
                                                                            2015 жылғы 28 желтоқсандағы      
                                                                          № 1056 бұйрығына

                                                                             1-қосымша

 

Жұмыскерлерге  сүт немесе оған

 теңестірілген тамақ өнімдерін беру нормалары

 

 1. Осы Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін беру нормаларында (бұдан әрі – Нормалар) «Сүт және сүт өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (033/2013 КО ТР) талаптарына сәйкес мынадай ұғымдар мен олардың анықтамалары белгіленген:

1) ацидофилин – ұйытатын микроорганизмдердің (ацидофилді ашыған сүт таяқшаларын, айран саңырауқұлақтарында дайындалған лактококтар мен ашытқыларды) тең ара қатынасында пайдалана отырып өндірілген ашыған  сүт өнімі;

2) йогурт – ұйытатын микроорганизмдерді (термофилдік ашыған сүт стрептококтарын және болгар ашыған сүт таяқшаларын) пайдалана отырып өндірілген сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарының құрамы жоғары  ашыған сүт өнімі;

3) қатық – ұйытатын микроорганизмдерді (лактококтарды және (немесе) термофилдік ашыған сүт стрептококтарын) пайдалана отырып өндірілген ашыған сүт өнімі;

4) майлы айран – болгар ашыған сүт таяқшалары қосылған немесе қосылмаған ұйытатын микроорганизмдерді (термофилдік ашыған сүт стрептококтарын) пайдалана отырып, сүт өнімдерін қосу арқылы немесе қосусыз ашыту жолымен өндірілген ашыған сүт өнімі;

5) сүзбе – ұйытатын микроорганизмдерді (лактококтарды және (немесе) лактококтар мен термофилдік ашыған сүт стрептококтарының қоспасын) және сүт ақуызының қышқылды немесе қышқыл-мәйекті коагуляциясы әдістерін пайдалана отырып өндірілген және сүт өнімдерін қалпына келтіру мақсатында өзін-өзі престеу және (немесе) престеу және (немесе) сепараттау (центрифугалау) және (немесе) сүттің құрамдас бөліктерін қосу арқылы немесе қосусыз ультрасүзгілеу жолымен кейіннен сарысуды  жоя отырып өндірілген ашыған сүт өнімі;

 6) тұщы айран – ашыған сүт микроорганизмдерінің және ашытқылардың таза дақылдарын қосусыз айран саңырауқұлақтарында дайындалған ұйытқыны пайдалана отырып аралас ашыту (ашыған сүт және спирттік) жолымен өндірілген ашыған сүт өнімі;

 7) ірімшік – сүттің құрамдас бөліктерін ауыстыру мақсатында емес енгізілетін сүт емес компоненттерді қосу арқылы немесе қосусыз кейіннен ірімшік массасын сарысудан бөле, оны қалыптастыра, престей отырып, тұздау немесе тұздаусыз, пісіру немесе пісірусіз сүт ашыту ферменттерінің көмегімен сүт ақуызының коагуляциясын қамтамасыз ететін арнайы ашытқыларды, технологияларды пайдалану арқылы немесе пайдаланусыз немесе қышқыл немесе термоқышқыл тәсілімен сүттен, сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті өңдеудің қосалқы өнімдерінен жасалған сүт өнімі немесе сүт құрамдас өнім;

 8) ішетін сүт – сүт майлылығының массалық үлесі кемінде 10 пайыз болатын, термиялық өңдеуге, кем дегенде пастерлеуге түскен, құрғақ сүт өнімдері және су қосылмаған, тұтынушылық ыдысқа бөлшектеп салынған сүт өнімі – сұйытылмаған, майсыздандырылған, қалпына келтірілген, байытылған сүт.

2. Ішетін сүт бір ауысымға майлылығы 3,2 пайызға дейін 0,5 литрден төмендегідей химиялық заттарды өндіру немесе қолдануға байланысты жұмыстарда жұмыскердің нақты жұмыс iстеген күндерінде оның ұзақтығына қарамастан беріледі:

1) алифатикалық және алициклдiк көмiрсутектер (қаныққан және қанықпаған):

метанға жататын көмiрсутектер: бутан, изобутан, пентан, изопентан, гексан, октан, изооктан, нонан;

этиленге жататын көмiрсутектер: бутилендер, амилендер, изобутилендер;

циклдiк шексiз көмiрсутектер: циклопентадиен, цициклопентадиен, марганецтiң циклопентадиенилтрикарбонилi;

бiр-көп ядролық хош иiстi көмiрсутектер: бензол, ксилол, толуол, этилбензол, кумол (диизотропиленбензол), ксилолдар, стиролдар, дефенил, нафталин және олардың туындылары;

2) майлылар қатарына жататын галоген туынды көмiрсутектер:

фтортуындылар: фторэтилен, дифторэтилен, трифторэтилен, тетрафторэтилен, трифторпропилен, дифторэтан, декафторбутан;

хлортуындылар: хлорлы метил, хлорлы метилен, хлороформ, төртхлорлы көміртегі, хлорлы этил, дихлорэтан, трихлорэтан, тетрахлорэтан, трихлорпропан, титрахлорпентан, хлорлы винил, дихлорэтилен, трихлорэтилен, тетрахлорэтилен, гексахлорциклопентадиен, аллодан, хлоропрен, хлорлы аллил, хлорлы бутилен, гексахлорбутадиен және осы топтағы басқалары;

бромтуындылар: бромды метилен, бромды метил, бромды этил, дибромэтан, тетрапромэтан, дибромпропан, бромоформ және басқалары;

йодты туындылар: йодты метил, йодоформ, йодты этил және басқалары;

аралас галогентуындылар: дифторхлорметан, фтордихлорметан және басқалары;

3) хош иiстi көмiрсутектерге жататын галогентуындылар:

 хлорбензол, дихлорбензон, трихлорбензон, тетрахлорбензол, гексахлорбензол, хлорлы бензил, бензотрихлорид, хлорстирол, бромбензол, бромды бензил және басқа да осы топқа жататын галогентуындылар;

4) бiр циклді көп ядролық көмiрсутегінiң хлортуындылары: хлорланған дифенилдер, дифенилдiң хлор қышқылы, хлориндан, хлорнафталиндер, гептахлор, ДДТ, гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен, хлортен, симазин, артазин;

5) спирттер:

майлы қатарға жататын шектi және шексiз гликолдар және спирттер: метилдi спирт, аллилдi, кротонилдi және басқалары;

майлы қатарға жататын спирттердің галоген туындылары: октафторамилдi, тетрафторпропилдi спирт және басқалары;

алициклдi және хош иiстi қатардағы спирттер: бензилдi спирт, циклогексенол және басқалары;

6) фенолдар: фенол, хлорфенолдар, пентахлорфенол, крезолдар, гидрохинон, натрийдiң пентахлорфенолы және басқалары;

7) алициклдiк пен алифатикалық қатардағы эфирлер және олардың галогентуындылары: диметилдi, диэтилдi, диизопропилдi, дибутилдi, винилбутилдi, дивинилдi, монохлордиметилдi, дихлордиэтилдi, тетрахлордиэтилдi, этиленгликолді, пропиленгликолдi, глицириндi, полигликолдi эфирлер;

8) фенолдардың эфирлері: гваякол, гидрохинонның монобензилдi эфирi, динил және осы топқа жататын басқалары;

9) органикалық тотықтар және асқын тотықтар: этиленнiң, пропиленнiң, эпихлоргидриннiң тотықтары, изопропилбензолдың гидро асқын тотығы, бензоилдiң асқын тотығы, метилэтилкетонның, циклогексанонның асқын тотықтары және осы топтағы қалған қосылыстардың өкiлдерi;

10) тиоспирттер, тиофенолдар және тиоэфирлер: метил және этилмеркаптандар, трихлортиофенол және пентахлортиофенол; 2,4-Д, трихлорфеноксисірке қышқылы тұздары;

11) қаныққан және қанықпаған альдегидтер және кетондар: ацетальдегид, формальдегид, бензальдегид, акролеин, ацетон, бромацетон, хлорацетон, пентахлорацетон, гексахлорацетон, хлорацетофенон және осы қатарға жататын басқалары;

12) органикалық қышқылдар, олардың ангидридтерi, амидтерi және галогенангидридтерi: малеиндi, фталдi ангидрид, қышқылдар: құмырсқа, сiрке, пропион және олардың ангидридтерi, нафтендi қышқылдар, хлорлы бензоил, хлорфеноксисiрке қышқылы, карбамин қышқылының қоспалары, тиодитиокарбаминдi қышқылдар, диметилформамид және осы топтағы басқалары, сондай-ақ диазоқоспалар, диазокетондар және диазоэфирлер;

13) күрделі эфирлер: азотталған, азотты, күкiртті, хлорсульфонды, құмырсқа, сiрке, пропионды, акрил, мелакрил қышқылдарының эфирлері және олардың галогентуындылары;

14) күрделi эфирлер және фосфор қышқылының амидтерi: трикрезилфосфат, тиофос, метафос, метилатилтиофос, меркаптофос, метилмекаптофос, карбофос, М-81, М-74 ДДВФ препараттары, фосфамид, хлорофос, табун, зоман, зарин, октаметил, диэтилхлормонофосфат, метилдихлорфиофосфат, диметилхлортисфосфат және қалған фосфорорганикалық улы химикаттар;

15) майлы полиметилен қатарына жататын нитро- және амино- қосылыстар және олардың туындылары: нитроолефиндер, нитрометан, нитроэтан, нитропропан, нитробутан, нитрофоска, хлорпикрин, нитроциклогексан, метиламин, диметиламин, триметиламин, этиламин, диэтиламин, триэтиламин, этиленимин, полиэтиленимин, полиэтиленполиамин, гексаметилендиамин, этаноламин, циклогексиламин, дициклогексиламин және осы топқа жататын басқалары;

16) хош иісті қатарға жататын нитро- және аминоқосылыстар және олардың туындылары: нитробензолдар, нитротолуолы, нитроксилол, динок, диносеб, нитронафталиндер, нитрохлорбензолдар, нитрофенолдар, нитро және аминоанизоанилин, ацетонанилин, хлоранимен, фенилендиаминдер, бензидин, парокфтидин;

17) бензохинондар, нафтахинон, антрахинон, бензатрен, парабензохинон және дихлорнафтахинон;

18) органикалық бояғыштар: антрахинонды, нитро және нитрозо- бояғыштар, азобояғыштар, азиндi, 2-метилфуран (силван);

19) гетероциклдi қосылыстар: фуран, тетрагидрофуран, фурфурол, тиофен, индол, теридин, пиразалан, пурин, пиридиндi және пуриндi негiздер, пиколиндер, никонин қышқылы, диоксандар, пиперидин, морфолин, гексоген, барбитураттар, олардың және препараттар шығарудағы басқаларының жартылай өнiмдерi;

20) алколоид, атропин, кокаин, опий, морфин, кадеин, стрихнин,  сальсолин, омнопок, никотин, анатазин және осы дәрі-дәрмектерді шығарудағы басқалары, сондай-ақ құрамында жоғарыда көрсетiлген алколоидтар бар шикiзат пен дайын өнiмдер (темекi-махорка, сигар және сигарет өндiрiсi, темекi ферментi);

21) борсутектiлер;

22) галогендер және галогентуындылар: фтор, хлор, бром, йод, хлорлы, бромды, фторлы сутегi, плавиктi, кремний фторлы сутегi қышқылдары, фтор тотығы, хлордың тотығы және екi есе тотығы, хлордың троифторидi, хлорлы йод, көмiрсутегiнiң хлорлы тотығы (фосген);

23) күкiрт қосылыстары: күкiрт сутегi, күкiрт көмiртегi, хлорлы ульфон қышқылы, күкiрттiң хлорангидридтерi, күкiрттi және күкiрт ангидридтерi;

24) селен және оның қосылыстары: селендi ангидрид, селендi қышқыл, олардың тұздары, селеннiң хлорлы тотығы, селеннiң органикалық қосылыстары;

25) теллур және оның қосылыстары;

26) азот қосылыстары: гидразин және оның туындылары, азоттың тотығы, азот қышқылы, натрийдiң азидi, аммиак, натрийдiң нитритi, хлорлы азот, хлорлы нитрозил, гидроксиламин;

27) сары (ақ) фосфор және оның қосылыстары: фосфорлы ангидрид, фосфорлы қышқыл және оның тұздары;

28) мышьяк және оның қосылыстары: мышьякты және мышьяктың ангидридтерi, кальцийдiң арсенитi, кальцийдің арсенаты, натрийдiң арсенитi, париждік көкшөп, осароол иприт;

29) сурма және оның қосылыстары: сурьмалы және сурьманың ангидридтерi, сурьмалы сутегi, сурманың хлоридтері;

30) цианидтер: цианидті сутегi, натрий мен калийдiң цианидтерi, дициан, хлорциан, бромциан, кальцийдiң цианамидi, цианурхлорид, цианды бензил;

31) нитролдар: ацетонитрол, ацетонциангидрид, акрилонитрил, этиленциангидрин, бензонитрил және басқалары;

32) изоцианаттар, фенилизоцианат, гексаметилендиизоцианат, толуилендиизоцианат және басқалары;

33) 10% жоғары кремнийдiң еркiн кристалды екi тотығы бар аэрозоль түрiндегi кремний қосылыстары;

34) сынап және оның органикалық емес және органикалық қосылыстары: металды сынап, сынаптың цианидi, сынаптың нитраты, шытырлауық сынап, диметил сынабы, этилмеркурхлорид, этилмеркурфосфат, диэтил сынабы, хлор фенол сынабы, меркурацетат, меркуран және сынаптың басқа қоспалары;

35) марганец және оның қоспалары: марганецтiң тотықтары, сульфат, марганецтiң хлориді, оның қалған қоспаларының аэрозольдары;

36) бериллий және оның қоспалары: бериллий тотығы, бериллий тотығының гидраты, бериллийдiң карбиді, бериллийдің сульфаты, бериллийдің хлоридi, бериллийдің фтор тотығы және қалған бериллий қоспаларының аэрозольдары;

37) таллий және оның қоспалары: таллийдiң хлоридi, таллийдiң сульфаты, таллийдiң ацетаты, таллийдiң нитраты, таллийдiң карбонаты және басқалары;

38) титан және оның қоспалары;

39) ванадий және оның қоспалары: үш тотықты, бес тотықты ванадий, аммонийдiң, натрийдiң және кальцийдiң ванадаттары, ванадийдiң хлоридтерi;

40) хром және оның қоспалары: үш тотықты хром, хромның тотығы, хромдық кварцылар, натрийдiң бихроматы және басқалары;

41) молибден және оның қоспалары: үш тотықты молибден, аммоний молибденi;

42) никель және оның қоспалары: никельдiң шала тотығы, никель тотығы, шала тотықты никельдiң гидраты;

43) метанол;

44) қалайы органикалық, бор органикалық және кремний органикалық қоспалар;

45) қорғасын және оның қоспалары;

46) металдардың: никель, кобальт, марганецтің карбонилдерi;

47) литий, цезий, рубидий, қалған қышқылды жер элементтерi және олардың қоспалары;

48) жерде сирек кездесетiн элементтер (лантанидтер) және олардың қоспалары;

49) кадмий оксидтерi және оның басқа да қоспалары;

50) антибиотиктер: биомицин, тетрацкилин, синтомицин, левомицетин және басқалары;

51) микробиологиялық тектiлердiң компоненттерi: бактериялық токсиндер, микротоксиндер, бiр жасушалы балдырлардың токсиндері және басқалары;

52) қатты әсер ететiн А және Б тiзiмiндегі улы заттарды өндiрген кездегі аэрозольдар;

53) өндірістегі күлдің барлық түрi;

54) пестицидтер;

55) темір рудасын және оны байытушыларды, кокс, көмір қышқылы, әк және оны күйдіру, кокстау және жартылай кокстауды өндіру;

56) димитил сульфид, қаныққан моноэтаноламин, N-метиланилин, дихлорэтан, метил үшбутилді эфир (МҮБЭ), 1-агидол, мұнай тобы және мұнай өңдеу өнімдері.

3. Ішетін сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері 1 және 2 сыныпты жұмыстарда радиобелсенді заттар ашық түрде қолданылатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерге және жылына 1м3 артық иондаушы сәулелену әсері жағдайында жұмыспен айналысатын жұмыскерлерге беріледі.

Ішетін сүтті оған теңестірілген тамақ өнімдерімен және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдермен ауыстыруға жұмыскерлердің келісімімен және бастауыш кәсіподақ ұйымының немесе жұмыскерлердің өзге де уәкілетті органының пікірін еске отырып ауыстыруға жол беріледі.

4. Ішетін сүт қаймақпен, сары маймен, басқа да өнімдермен (жұмыскерлерге сүттің орнына беруге болатын оған теңестірілген тамақ өнімдерінен басқа) ауыстырылмайды. Ішетін сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері бір немесе бірнеше ауысымнан бұрын алдын ала, өткен ауысымдар үшін берілмейді.

Ішетін сүттің орнына жұмыскерлерге беруге болатын оған теңестірілген тамақ  өнімдерін беру нормалары осы Нормаларға қосымшада көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ  өнімдерін беру нормаларына

                                                                                             қосымша       

 

Жұмыскерлерге теңестірілген

 тамақ өнімдерін беру нормалары

 

Р/с

Азық-түлік өнімінің атауы

Ауысымға беру нормасы

1

Ашытылған сұйық сүт өнімдері, оның ішінде байытылған, құрамында 3,5 %-ға дейін майы бар (түрлі сұрыптағы айран, қатық, ацидофилин, майлы айран), құрамында 2,5 %-ға дейін майы бар йогурттар

500 грамм

2

Майлылығы 9 % - дан аспайтын сүзбе

 

100 грамм

3

Майлылығы 24 % - дан аспайтын ірімшік

 

60 грамм

4

Зиянды еңбек жағдайларында диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған өнімдер

 

Оларды қолдануға рұқсат беретін  қорытындымен белгіленеді

 

ТіркемеМөлшер
Package icon moloko.zip126.99 KB
Package icon moloko.zip126.99 KB
Бөлімдер:
11 сәуір, 2017 - 09:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші