A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ішкі аудит қызметінің 2017 жылғы I тоқсандағы қорытындысы

    Iшкі аудит департаменті 2017 жылдың I тоқсанында аудит іс-шараларының жоспарына сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізілді:

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

   Сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың қаңтар айында жүргізілді, нәтижесі бойынша  236,8 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ 277,6 мың теңге процедуралық сипаты бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталмауы анықталды.

   Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорны)

       Тиімділік аудиті ағымдағы жылдың ақпан айында жүргізілді, нәтижесі бойынша 269 860,0 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындыларына ықпал етпеген 7383,0 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды.

      Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Кәсіпорынға аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

        Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

         Сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың наурыз айында жүргізілді, нәтижесінде   38,5 мың теңге сомасында төленген іссапар шығындары бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ процедуралық сипаты бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталмауы анықталды.

       Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.  Қайтаруға жататын сома 38,5 мың теңге толық көлемде қайтарылды.

           Кемшіліктерді жою жұмысы  жалғасуда.

 

12 сәуір, 2017 - 09:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші