A A A
Мазмұнына өту

You are here

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Тапсырманың атауы: «Құрылыс кешені» бағыты бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу

KZSJ-1.1/CS-10-CQS келісімшарты

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтер («Қызметтер») ұсынылған әдіснамаға сәйкес кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және оларды келісу мен бекітуді қамтиды.

Күтілетін нәтижелер:

Экономикалық/еңбек қызметінің бағыттары мен түрлері бойынша мүмкін болатын 8 біліктілік деңгейін ескере отырып, келісілген және бекітілген кәсіптік стандарттар.

Тапсырманың күтілетін кезеңі 10 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

  1. кәсіптік стандарттарды немесе бағдарлама жобаларын, кәсіптер/лауазымдық ережелер анықтамаларын және кәсіптік стандарттарды әзірлеу бағыты бойынша басқа да ұқсас құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесі бар фирма-консультант.
  2. Фирма-консультанттың Ұлттық біліктілік жүйесін және/немесе оның элементтерін (СБШ және КС) әзірлеу немесе кәсіптік стандарттарды немесе сол сияқты консультациялық қызметтерді бойынша қызметтер саласында жұмыс тәжірибесінің болуы басымдық болады. Соңғы 3 (үш) жыл ішінде осындай тәжірибе болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарды әзірлеу бойынша кемінде бір қызметті табысты іске асырудың құжатталған растамасын ұсынуға тиіс.
  3. Фирма-консультанттың тапсырманы орындау үшін білікті сарапшылар тобы болуға тиіс.

Қосымша ретінде консультант заңдық мәртебесінің құжатталған растамасын ұсынуға тиіс (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру).

Ілеспе хатта міндетті түрде мынадай мәліметтерді көрсету керек: мекенжай, телефон, электрондық мекенжай және осы конкурс бойынша байланыс тұлға/орындаушы.

Мүдделілік білдірген консультанттарды, Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн «Дүниежүзілік банктің нұсқаулығы: ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) 1.9 параграфқа көңiл аударамыз.

Консультанттар өз біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын ұйым түрінде басқа компаниялармен немесе суб-консультантпен бірлесуі мүмкін.

Бірлескен кәсіпорын (БК)” заңдық мәртебесі оның қатысушыларына сәйкес келе алатын немесе сәйкес келе алмайтын, құрамында бір Консультанттан артық, бір әріптес БК құрамындағы қалған барлық әріптестердің мүддесіне және олардың атынан шаруашылық қызметті жүргізуге уәкілетті және БК құрамындағы әріптестер Тапсырыс берушінің алдында Келісімшарттың орындалуына ортақ және жеке жауап беретін бірлестікті білдіредітүрінде немесе суб-консультантпен бірлескен жағдайда ілеспе хатта бірлесу түрін нақты көрсету қажет.

Анықтама үшін:

“Бірлескен кәсіпорын (БК)” заңдық мәртебесі оның қатысушыларына сәйкес келе алатын немесе сәйкес келе алмайтын, құрамында бір Консультанттан артық, бір әріптес БК құрамындағы қалған барлық әріптестердің мүддесіне және олардың атынан шаруашылық қызметті жүргізуге уәкілетті және БК құрамындағы әріптестер Тапсырыс берушінің алдында Келісімшарттың орындалуына ортақ және жеке жауап беретін бірлестікті білдіреді.

Консультант нұсқаулықта көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу тәсілімен (КБІ) іріктеледі.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде, 2017 жылғы 10 мамырға дейін төмендегі мекенжайға (жеке, пошта, факс немесе электроондық пошта арқылы) жеткізілуге тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топ (ЖБТ)

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Эл.пошта: kzsj.procurement@gmail.com көшірмесі yezigangirova@gmail.com

21 сәуір, 2017 - 10:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші