check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) кәсіпорынға қатысты мемлекекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

«1. Қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:

«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын:

Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.».

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                    Б. Сағынтаев

Бөлімдер:
25 сәуір, 2017 - 15:52 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші