check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2016 жылғы қызметі туралы ЕСЕП

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2016 жылғы қызметі туралы

ЕСЕП

 

Анықтама үшін: денсаулық сақтау саласының қызметтері бойынша 2016 жылға арналған есеппен Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz. сайтында танысуға болады.

 

1. Жалпы ережелер

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер халыққа орталық және жергілікті деңгейлерде көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары қызмет көрсетушілер болып табылады.

Министрліктің Еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы миссиясы: еңбек құқықтарын қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

2016 жылы әлеуметтік-еңбек саласында жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 32 қызмет түрі, оның ішінде ОМО – 12, ЖАО – 20 көрсетілді.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлық 32 стандарты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген.

2016 жылдың аяғында  Мемлекеттік қызметтер тізілімі («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 816 қаулысы) жаңа 4 мемлекеттік қызметпен толықтырылды, олар: 

- «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу»;

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

- «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

- «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру».

Мемлекеттік қызметтер тізілімінде 2 қызмет оңтайландырылды:

- «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;

- «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру».

«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру» қызметі бойынша 2016 жылғы 30 желтоқсанда тиісті стандарт бекітілді.

Қалған 3 жаңа қызмет бойынша стандарттарды әзірлеу белгіленген тәртіппен 2017 жылы өткізілді.

Осылайша, 2016 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы стандартталған қызметтер саны 33 (оның ішінде ОМО – 13, ЖАО – 20) болды,  оның ішінде 32-сі халыққа тегін көрсетілді және біреуі «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» қызметі ақылы және тегін негізде көрсетілді.

Жыл ағымында қолданыстағы стандарттар жетілдірілді, ДСӘДМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68, 2016 жылғы 30 маусымдағы №579, 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 бұрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Жалпы мәліметтер

 

 

Қызметтер саны

Қызметтер көрсетіледі

(орталық деңгей)

Барлығы

Орталық меморган (ОМО)

ЖАО

ОМО

Мем. корпорация

ОМО/ХҚКО (балама)

Әлеуметтік-еңбек саласы

33

13*

20

1*

1

11

Барлығы

33

13

20

1

1

11

 

 

Электрондық форматтағы қызметтер саны

Шығамдар

саны (ОМО қызметтері)

Мерзімі өтіп кеткендер саны (ОМО қызметтері) 

Барлығы

ОМО

ЖАО

Әлеуметтік-еңбек саласы

14

9

5

3

1

Барлығы

14

9

5

3

1

*-1 мемлекеттік қызмет 2017 жылғы 1 қаңтарда енгізілген

 

Қызметтер статистикасы

 

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

Әлеуметтік еңбек саласында

 

Көрсетілген қызмет саны

5 633 112

4 006 634

оның ішінде ХҚКО арқылы

8 283

8 283

оның ішінде электрондық

4 008 423*

4 008 423*

Денсаулық сақтау саласында

 

Көрсетілген қызмет саны

148 454

139 704

оның ішінде ХҚКО арқылы

4

1 029

оның ішінде электрондық

125 883

121 826

Барлығы

 

Көрсетілген қызмет саны

5 781 566

4 416 338

оның ішінде ХҚКО арқылы

8 287

1 022 409

оның ішінде электрондық

4 134 306

2 477 290

*-оның ішінде жартылай автоматтандырылған қызметтер, өтініштер 2012 ж. -50 814, 2013 ж.- 9 241, 2014 ж. – 7 914, 2015ж – 9 606.

 

Орталық деңгейдегі қызметтерді Министрлік көрсетеді. Осы мақсаттарда Министрліктің жанында ведомстволар – Комитет және әр облыста оның аумақтық департаменттері мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және облыстарда оның филиалдары бар.

Әдеттегідей, жергілікті деңгейдегі қызметтер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелерінде көрсетіледі.

Орталық деңгейдегі қызметтер. Орталық деңгейде көрсетілетін 13 қызметтің бойынша:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 10 түрі бойынша – Еңбекмині Комитетінің аумақтық департаменттері;

- 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалдары;

- 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – Еңбекмині;

- 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (1-таблица) көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

Алушылар:

1) 11 қызмет бойынша, оның ішінде:

- алғашқы мүгедектікті анықтау барысында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алу бойынша 2 қызмет үшін Комитеттің аумақтық департаментіне;

- алғашқы мүгедектік белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін Комитетітің аумақтық департаменттеріне, ал жұмыссыз статусын алған кезде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға 1 қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінеді;

2) 1 қызмет бойынша құжаттар тікелей Министрлікке ұсынылады;

3) 1 қызмет, оның ерекше түрде көрсетілетініне байланысты, тікелей Комитеттің аумақтық департаменттерінде көрсетіледі.

 

Электрондық форматқа ауыстырылған қызметтерге қатысты, 9 қызмет бойынша жұмыс толық және жартылай автоматтандырылған, нәтижесінде үкіметтің электрондық порталында және 2016 жылы:

            - 3 қызмет толықтай автоматтандырылған;

            - 2 қызмет бойынша портал арқылы қызметтін 3 түрін алу үшін жүгінуге болады;

            - жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты 7 қызметтен алуға болады (толықтай автоматтандырылған) (1-таблица).

Жергілікті деңгейдегі қызметтер.

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін 20 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2016 жылы тұтынушылар:

- 9 қызмет бойынша тікелей жергілікті атқарушы органдарға (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері);

- 5 қызмет бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе жергілікті атқарушы органдарға балама негізде;

- 1 қызмет бойынша тікелей жұмыспен қамту орталықтарына;

- 1 қызмет бойынша тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына құжаттарымен жүгіне алды (2-таблица).

ЖАО 5 қызметі автоматтандырылған.

Министрлік қызметтерінің сұранысқа ие болуы туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет алушылар санының жылдық өсімі, олардың әлеуметтік бағытын есепке ала отырып, халық арасында олардың сұранысқа ие екенін растайды.

Сұранысқа барынша ие қызметтердің ішіне мыналар кіреді.

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» - осы қызметке өтініш білдірушілердің саны төрт жүз мыңнан астам адамды құрады. Аталған қызмет ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесіне кіреді. Халық арасында оның сұранысқа ие болуы кездейсоқ емес. Республикада 2006 жылдан бастап балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі енгізілді. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, ол бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты – табысына қарамастан барлық отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны; күнкөрісі төмен отбасылар үшін 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақыны көздейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында аталған жәрдемақылардың мөлшері кезең-кезеңімен арттырылды. Мәселен, 2006 жылмен салыстырғанда төрт немесе одан көп бала туғанда төленетін жәрдемақы 2016 жылы 6 есеге өсті және 111 035 теңгені құрады; бірінші, екінші, үшінші бала туғанда – 4 есеге немесе 66 621 теңге; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақының артуының орташа мөлшері 4 есеге – 2016 жылы оның мөлшері: бірінші балаға – 12 217 теңгені; екінші балаға – 14 445 теңгені; үшінші балаға – 16 650 теңгені; төртінші және одан көп балаға – 18 877 теңгені құрады.

Сонымен қатар, көп балалы отбасылардың мәртебесін және олардың демографиялық жағдайын жақсартудағы рөлін арттыру мақсатында ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:

- «Алтын алқа», «Күмiс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған, I және II дәрежедегі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналарға (енгізілген уақыттан бастап (1999 жыл) 2016 жылмен салыстырғанда жәрдемақының мөлшері 10 есе (1 365 теңгеден 13 575 теңгеге дейін) өсті. 2016 жылғы ағымында бұл төлемді 241 мың адам алды;

- бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған көп балалы отбасыларға ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді (енгізілген уақыттан бастап (1999 жыл) 2016 жылмен салыстырғанда жәрдемақының мөлшері 6,5 есе (1 365 теңгеден 8 824 теңгеге дейін) өсті. 2016 жылдың ағымында бұл төлемді 248 мың адам алды.

Ай сайынғы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы» мемлекеттік қызметін республика бойынша 20-дан астам категориялармен қоса алғанда 2016 жылы шамамен 1,3 млн. адам алды.

Статистикаға сәйкес 2016 жылы көп балалы ана ретінде марапатталып  жәрдемақы алғандардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп және орташа есеппен 241,9 мың адамды құрады. Бұл көбінесе, жаңа тәртіппен марапатталған көпбалалы аналар.

Қазақстанда 2005 жылы әлеуметтік қатердің үш түрін, атап айтқанда:

- еңбек ету қабілетінен айырылу;

- асыраушысынан айырылу;

- жұмысынан айырылу жағдайына міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

2008 жылдан бастап аталған тізім ана мен баланы қолдауға төленетін жәрдемақылармен кеңейтілді, олар:

- жүктілік пен босануға, жаңа туған балаларды асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты.

«Мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемақылар тағайындау» қызметін алу үшін 452 мың адам өтініш білдірді.

Аталған қызметті алушылар қатарының 50 %-дан астамын жұмыс істейтін аналар құрайтынын атап өту қажет. Тек 2016 жылдың өзінде жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем алу үшін шамамен 172 мың өтініші, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысын жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін 234 мыңнан астам ананың өтініштері қанағаттандырылды.

2010 жылдан бастап енгізілген «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі ата-анаға мүгедек бала 18 жасқа толғанға дейін беріледі және оның мөлшері ең төменгі жалақыға (1,05 ЕТЖ) тең.

Балалы отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешені елдегі бала туу көрсеткішіне оң әсер етті. Мәселен, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар енгізілген уақыттан бастап (2003 жыл) қазіргі уақытпен салыстырғанда бала туу көрсеткіші 65 %-ға жоғарылады (2003 жылы 248 мың бала туылса, өткен жылы 410 мың болды).

Осылайша, Министрліктің қызметтері «балалы отбасылар» санаты арасында аса үлкен сұранысқа ие.

Мемлекеттік қызметтердің жоғары сұранысын ескере отырып, Министрлік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмысты жалғастыруда.

2.1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы тікелей ақпараттық сүйемелдеумен байланысты. Оған халық хабардарлығының артуы, мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі және айқындығы тәуелді және т.б.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық технологиялар қолданылады, ол арқылы әлеуметтік-еңбек саласын дамыту, олардың болашағы, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және тағы басқалар туралы ақпаратқа қолжетімдік алуға болады.

Интернет-ресурс (бұдан әрі – ИР) халықты жедел хабарландыруға және өзекті мәселелер бойынша кері ақпарат алуға мүмкіндік беретін маңызды бұқаралық ақпарат құралы болып табылады.

Бүгінгі күні ИР ақпараттық кеңістік субъектілерінің ажырамас және маңызды құрамдас ақпараттық-идеологиялық жұмысы болып қалыптасты.

Қазіргі кезде Министрліктің ИР интуициялық-түсінікті басқару жүйесі, ыңғайлы дизайны мен құрылымы бар, үздіксіз жұмысы және тиімді қорғанысы, Министрліктің облыстық бөлімшелерін ақапараттық қолдау қамтамасыз етілген; мобильдік және нашар көретін адамдарға арналған нұсқа іске асырылды.

2016 жылы Министрліктің ИР түскен өтініштердің саны 1 895-ті құрады.

Сайтқа кірушілердің объективті рейтингін алу үшін қазақстандық zero.kz кірушілерді есептеуіші орнатылған.

Министрліктің ИР бүгінгі күні zero.kz рейтингінде «мемлекет және қоғам» санатында тіркелген  кірушілері көп ИР мемлекеттік органдардың 5-тігіне кіреді.

2016 жылы Министрлік бірқатар өзгерістер енгізген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің жобасына сәйкес әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау бойынша жұмыс атқарылды. 33 стандарт жобасы азаматтар үшін «электрондық үкімет» веб-порталында, Министрлік және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында қолжетімді болды.

Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп Министрліктің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жарияланған: www.enbek.gov.kz

2.2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижелері туралы

2016 жылы жаңа автоматтандырылған қызметтерді регламенттеуші нормативтік құжаттар күшіне енді. Мәселен, 2016 жылы қолданыстағы электрондық қызметтерден бөлек қызмет алушылар «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы баламалы негізде жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты жәрдемақы, жасына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы әлеуметтік төлемдерін тағайындау үшін өтінім білдіре алады.

Сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек саласында ІТ инфрақұрылымының дамуын ескере отырып, соңғы жылдары мүгедектер үшін бірқатар қызметтерді бір ғана электронды композиттік қызметке біріктіру мәселесі қарастырылуда, оның нәтижесінде 7 қызмет түрін алу үшін мүгедекке МӘС бөліміне бір рет қана жүгіну керек болады, ол арқылы мүгедектік алған соң бірден жергілікті және орталық деңгейлердегі қызмет түрлерін алуға жүгіне алады.

2016 жылы орталық деңгейдегі қызметтер бойынша тиісті нормативтік құжаттар қабылданып, техникалық жұмыстар аяқталды.

Мүгедектікті бірінші рет тағайындау кезінде азаматқа бірден мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ еңбекке жарамсыз болуына байланысты әлеуметтік төлемдер (егер ол әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса) тағайындалады.

Мәселен, 2016 жылғы 15 ақпаннан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта алғаш рет мүгедек деп танылған адамдар саны 45,6 мыңды құрады, оның ішінде 33,9 мың мүгедекке композиттік қызмет көрсетілді, бұл 74 %-ды құрайды.

Қалған 11,7 мың (26 %) азаматтарға мүгедектік беру үшін мемлекеттік қызмет мынадай себептер бойынша әдеттегідей форматта көрсетілді:

  • толық емес құжаттар пакетін ұсыну – 835 адам;
  • зейнеткерлік жастағы адамдарды куәландыру – 3 713 адам;
  • 18 жасқа дейінгі балалар – 5 798 адам;
  • үйде, стационарда, сырттай, түзеу мекемелерінде – 947 адам;
  • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар – 198 адам;
  • АЖ-да сұраныстың жоқтығы – 73 жағдай;
  • техникалық себептер – 191 жағдай.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған шаралар

Жыл сайын «ҚР ДСӘДМ біліктілікті арттыру курстары» ММ-де Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері білікілігін арттырады.

2016 жылы Комитеттің аумақтық департаменттерінің 243 маманы оқытылып, тестілеуден өтті. Оқу бағдарламасына келесідей тақырыптар енді: «Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында бақылауды жүзеге асыру тәртібі»; «Медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері» және т.б.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2016 жылы Комитеттің аумақтық департаменттері және Мемлекеттік корпорацияның бөлімдері мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша 7 812 түсіндіру іс-шарасы өткізілді (зейнетақы және жәрдемақы төлеуге қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін сақтау: мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер және басқа да  іс-шаралар бойынша заңнамалық және құқықтық актілерді қолдану бойынша мамандарды техникалық оқыту), ол 40 мыңнан астам адамды қамтыды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 215 маман өтті (аумақтық департаменттер және ЗТМО бөлімдері).

Мысалы, 2016 жылғы 3 және 4 қараша күндері Астана қ. «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» ММ базасында көші-қон саласында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының көші-қон басқармаларының қызметкерлері өтті. Семинарда Еңбекминінің Комитеті төрағасының орынбасары А.Ж. Қаржаубаев «Этникалық және ішкі көші-қон саласында жаңа тетіктерді ендіру туралы» мәселені «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына сәйкес түсіндірді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыруда «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы Заңы қабылданды, ол жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) енгізу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін көздейді. Қазіргі уақытта республиканың барлық аумағында әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шартты ақшалай көмекті сапалы көрсету мақсатында Министрлік Дүниежүзілік банкімен бірлесіп 110 мың адамды қамтумен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері үшін республикалық семинар өткізді.

Осымен бірге, әкімдіктермен бірлесіп 8 өңірде әлеуметтік салада өткізіліп жатқан реформалар бойынша, әсіресе, «Өрлеу» жобасы және жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін (облыстық әлеуметтік қорғау басқармалары, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері және т.б.), 630 адам қамтылған, көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.

2.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бақылау туралы

Комитет 2016 жылы ішкі бақылау шеңберінде Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақтылығы және сапасын, төлемдердің уақтылығы, МӘС өткізудің тәртібін және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асырудың әдіснамалық тексеру жүргізді.

Тексеру 2014 – 2016 жылдар аралығын қамтиды, 5 204 іс макеті тексерілді. Зейнетақы мен жәрдемақылардың толықтығы және уақтылы төлену мәселелері қаралды.

Тексеру нәтижесі бойынша жұмыстағы кемшіліктерге, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін Алматы облысында басшының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарларына және МӘС-ке қатаң сөгіс және ескертулер түрінде, Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына сөгіс түрінде тәртіптік жазалар қолданылды. Тиісінше, департамент деңгейінде тәртіп бұзушылық жасаған қызметерлерге қатысты тәртіптік жаза қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметтер сапасына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Есептік кезеңде қызмет алушылардан 3 шағым және мемлекеттік қызмет көрсету уақытын бұзуға байланысты бір шағым (3-таблица) түсті. Кінәлі қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза түрінде шаралар қолданылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) өткізген 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қорытындысы бойынша Министрлікке 48,86 балл берілді, бұл 2015 жылғы бағалау қорытындысымен салыстырғанда 4,73 балға кем.

Балдың томендеді, негізінен, мынадай критерийлерге байланысты:

- «мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттану деңгейі», мүмкін болатын 50 балдан 25 балл. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет спасына қоғамдық мониторинг 2 түр бойынша өткізілді («Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»);

- «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін сақтау бойынша шаралар», мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін бұзу және оларды көрсету мерзімдерін қысқару бойынша оң динамиканың болмауды салдарынан, мүмкін болатын 20 балдан 14,21 балл;

- «мемлекеттік қызметті оңтайландыру», мүмкін болатын 30 балдан 14,65 балл. Қорытынды балдың есептелуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімі, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алынуы мүмкін құжаттарды талап ету бөлігінде оларды оңтайландырудың түрлі деңгейі негізінде жүргізілді (есептік кезеңде Министрлік 29 стандартты оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын қоғамдық мониторинглеу қорытындылары.

Есептік кезеңде «Білім» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, бұл ретте әлеуметтік-еңбек саласының «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» 2 қызметі қамтылды.

Тиісті ұсыныстар берілді. Мониторингтің жеке қорытындысын көрсетеміз.

            1) «Арнаулы мемлекеттік жәржемақыны тағайындау», 211 респондетке сауалнама жүргізілді. 

 

КӨРСЕТІЛЕТТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАР САУАЛНАМАСЫНЫҢ

НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Қызметке жалпы қанағаттанушылық – 5 балдық шәкіл бойынша 4,6 балл.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының критерийлері

 

Өлшемдер

Орташа

1

Жемқорлықтың, әкімшілік барьерлердің болмауы

4,87

2

Сыпайылық және кәсіптік этика

4,70

3

Қызметтік қолжетімділік (орналасқан жері)*

4,69

4

Қызметкерлердің қарым-қатынас дағдылары (тілдік проблемалары)

4,69

5

Қызметкерлердің құзыреттілігі және оперативтілігі

4,69

6

Қызмет туралы ақпараттың түсінікті және дәйекті болуы

4,67

7

Қызмет көрсету нәтижесі

4,67

8

Қызмет туралы ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі

4,63

9

Құжаттарды жинау және тапсыру процесі

4,54

10

Қызмет көрсету мерзімі

4,53

11

Шағымдану мерзімі және нәтижесі

2,60

* - көрсеткіш жалпы рейтингті анықтауға қатыспайды

 

Кезекте орташа күту

 

Мемлекеттік қызметтер нәтижелерін күту уақыты

Нәтижені алу кезінде  кезек күту уақыты

Қызмет бойынша орташа деректер

8,22 күн

15,11 минут

 

Қызмет алушылардың комментарийлері:

Қызмет алушылардың 75,8 %-ы мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен толықтай қанағаттанған – 5 балл. Сауалнама жүргізілгендердің 17,1 %-ы қанағаттанбағаннан гөрі көбіне қанағаттанған (4 балл). Респонденттердің 4,3 %-ы қызмет көрсету сапасын тек 3 балға – «ішінара қағаттанған», ал 0,5 %-ы ішінара қанағаттанбаған және 1,4 %-ы «толықтай қанағаттанбаған» болып келеді.

Жалпы, аталған қызмет түрін көрсету сапасының жалпы қанағаттандырылуын жоғары деңгейде екенін атауға болады – мүмкін болатын 5 балдан 4,67 балл.

Мемлекеттік қызмет нәтижесін күту мерзімі Стандартқа сай келеді.

 

2) «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» 105 респондетке сауалнама жүргізілді

Қызметке жалпы қанағаттанушылық – 5 балдық шәкіл бойынша 4,36 балл.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының критерийлері

 

Өлшемдер

Орташа

1

Қызметкерлердің қарым-қатынас жасау дағдылары (тілдік проблемалары)

4,59

2

Қызметкерлердің құзыреттілігі және оперативтілігі

4,50

3

Сыпайылық және кәсіптік этика

4,50

4

Құжаттарды жинау және тапсыру процесі

4,49

5

Қызмет туралы ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі

4,48

6

Қызмет көрсету нәтижесі

4,46

7

Қызмет туралы ақпараттың түсінікті және дәйекті болуы

4,40

8

Қызметтке қолжетімділік (орналасқан жері)*

4,36

9

Қызмет көрсету мерзімі

4,23

10

Жемқорлықтың, әкімшілік барьердің болмауы

4,17

11

Шағымдану мерзімі және нәтижесі

3,38

* - көрсеткіш жалпы рейтингті анықтауға қатыспайды

Кезекте орташа күту

 

Мемлекеттік қызметтер нәтижелерін күту уақыты

Нәтижені алу кезінде  кезек күту уақыты

Қызмет бойынша орташа деректер

7,88 күн

34,02 минут

 

Қызмет алушылардың комментарийлері:

Қызмет алушылардың 64,8 %-ы мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен толықтай қанағаттанған – 5 балл. Сауалнама жүргізілгендердің 22,9 %-ы қанағаттанбағаннан гөрі көбіне қанағаттанған (4 балл). Респонденттердің 6,7 %-ы қызмет көрсету сапасын тек 3 балға – «ішінара қағаттанған», ал 1,9 %-ы ішінара қанағаттанбаған және 2,9 %-ы «толықтай қанағаттанбаған» болып келеді.

Жалпы, аталған қызмет түрін көрсету сапасының жалпы қанағаттандыруын жоғары деңгейде екенін атауға болады – мүмкін болатын 5 балдан 4,46.

Мемлекеттік қызмет нәтижесін күту мерзімі Стандартқа сай келеді.

4. Тиімділіктің перспективалары және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету сапасына қанағатталушылығын арттыру

Мемлекет басшысының халыққа жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 22-тармағын іске асыру мақсатында 2017 жылы Министрлік ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесін оңтайландыру бойынша, оның ішінде бизнес үшін, көрсетілетін мерзім мен құжаттар тізімін қысқарту, қайталанатын процедураларды алып тастау және оларды толықтай электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс атқарып жатыр. Қойылған мақсатқа қолжеткізу үшін Министрлік уәкілетті органмен бірлесіп ақпараттандыру бойынша қызметтерді автоматтандыру жұмыссын жалғастырады.

Тұрақты негізде орталық және жергілікті органдардан бастамашылық ұсыныстарды, қызметтер тізілімін өзектендіру бойынша қызметтерді оңтайландыру (автоматтандыру), «Азамттарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына қызметтерді ауыстыру мәселелеріне талдау жүргізіледі.

 

 

Жауапты хатшының

міндетін атқарушы                                                                           Ж. Омаров

 

 

 

 

Орынд. Исентаева Б.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon otchet_kaz.doc265 KB
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші