A A A
Мазмұнына өту

You are here

Өмірде қиын жағдайда қалған адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жадынама

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің аса маңызды бөліктерінің бірі болып саналады.

2009 жылы қабылданған ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы жүйені жаңғыртуды бастап, оны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін кең пайдалану арқылы монополиялық сипаттан арылтуды қамтамасыз етуге, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету ұйымын таңдау құқығын ұсынуға және қызметтерді алушылардың шығынын қоса қаржыландыру ұстанымын енгізуге мүмкіндік берді.

Бұл ретте келесі негізгі шаралар атқарылды:

а) өмірде қиын жағдайда қалған және қандай да бір тиісті санатқа жататын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету құқығын иеленген азаматтар санатын анықтау. Заң жүзінде тағдырдың тәлкегіне ұшыраған адамдарды айқындау негіздері бекітілді. Бұның арқасында мемлекеттік қолдауға мұқтаж жандар қатары 2009 жылмен салыстырғанда 40%-ға немесе 73 мыңнан 122 мың адамға өсіп, қызмет көрсету ауқымы кеңейді;

ә) тегін және ақылы түрде берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесі, сондай-ақ оны тағайындау талаптары бекітілді. Мемлекет кепілдендірген арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесі бірнеше тармақтан тұрады: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.

Аталған қызметтер, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін алушылар санатына жатпайтын азаматтарға ақылы түрде берілуі мүмкін. Мұндай мүмкіндікті жыл сайын орташа алғанда 50-ге жуық адам қолданады;

 

б) әлеуметтік қызмет көрсету ұйымының түріне қарай, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің төменгі нормативті штат санын және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын біртіндеп енгізу. Бүгінгі таңда арнаулы әлеуметтік қызметтердің 6 стандарты бекітіліп, іске асырылуда:

- стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- жартылай стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- үйге келіп қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- уақытша болу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты.

Стандарттар, азаматтардың тұратын жері мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның орналасу жағдайына қарамастан, қызметтерді толық көлемінде алуға жол ашты;

в) мемлекетпен бірге, жеке ұйымдар да көрсететін қызметтердің бірыңғай тариф қызметтерін біртіндеп орнату. Егер, 2009 жылы, психоневрологиялық сырқаттармен ауыратын адамдарға арналған интернат-үйлердегі көрсетілетін қызметтер құны Маңғыстау облысындағы 1 164 теңгеден Астана қаласындағы 3 781 теңгеге дейінгі аралықта болса, бүгінде бұл көрсеткіш аталмыш өңірлерде, әкімшілік-шаруашылық қызметтер мен жылытуға жұмсалатын шығындарды қоспағанда, 3 мың теңгеден асып түсуде.

Бірыңғай тарифтер, сонымен бірге, толық мемлекеттік қамсыздандыруда тұрған адамдар үшін қызметтерді қоса қаржыландыру тетігін енгізуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері, толық мемлекеттік қамсыздандыруда тұрған адамдар зейнетақылар мен жәрдемақылардың 70%-ын олардың күтіміне қажет шығындарды жабуға жібереді. Осы орайда негізгі қойылатын талап, интернат-үйлерде өмір сүретін жандардың қолында қалатын зейнетақы мөлшері зейнетақының төменгі мөлшерінен аз болмауы, ал мүгедектерде – сәйкес жылдағы республикалық бюджетте жыл сайын белгіленетін күнкөріс деңгейінің шегінен төмен шықпауы болып отыр;

г) әлеуметтік қызметтер көрсетуге жеке сектордың қатысуын нормативтік түрде негіздеудің енгізілуі.  Егер, 2009 жылы, арнаулы әлеуметтік қызметтерді тек 4 үкіметтік емес ұйым көрсетсе, 2016 жылға қарай олардың саны 100-ден асып жығылды және 6 мыңнан астам адамды қамтыды. 2008-2016 жылдар аралығы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жалпы саны 592-ден 1019-ға өсіп, олардың құрамы келесідей болды: 

- 110 стационарлық медициналық-әлеуметтік мекеме: жалпы сипаттағы қарт және мүгедек адамдарға арналған 50 интернат-үй, 40 психоневрологиялық интернат-үй, 2 тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған мүгедек балалар интернат-үйі, 18 балалардың психоневрологиялық интернат-үйі;

- 74 жартылай стационарлық медициналық-әлеуметтік мекеме: жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік мекемелер жанындағы 3 психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға және психоневрологиялық сырқатқа ұшыраған 18 жастан асқан адамдарға арналған күндізгі болу бөлімшесі;

- 25 белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы, 17 түнде қону бөлімшесі мен 14 әлеуметтік патруль қызметі;

- үйдегі күтім жағдайындағы 704 бөлімше: 141 мүгедек балаларға және психоневрологиялық сырқатқа ұшыраған 18 жастан асқан мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек бөлімшесі, 301 қарттарға және мүгедектерге арналған үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі, 66 үйдегі аралас сипаттағы қызмет бөлімшесі, 196 үйдегі көмек қызметі (бөлімшесі);    

- 106 үкіметтік емес ұйым. Жыл сайын арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінеді.

Аталған шараларды жүзеге асыру арқылы:

- балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне кезек жойылды;

- өңірлер бойынша қызметтер құны мен қызметтерді қаржыландыру көлемі теңелді;

- үкіметтік емес саланы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарту арқылы азаматтарды қамту ауқымы кеңейіп, қызметтердің қолжетімділігі артты;

- әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 2015 жылға қарағанда 40 пайызға өсті;

- интернат-үйлердегі 626 бала отбасына оралып, олардың 693 анасы жұмысқа орналастырылды. 

 

19 маусым, 2017 - 16:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші