A A A
Мазмұнына өту

You are here

Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ҚАРАРЫ

                                                                                           

 

Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің

ҚАРАРЫ

 

 

Астана қаласы                                                                                     2017 жылғы 14 маусым

                                   

 

Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың Министрліктің стратегиялық жоспардағы, бюджеттік және мемлекеттік бағдарламалардағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есебін тыңдап, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі                             Т.Қ. Дүйсенованың есебі назарға алынсын.

2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі қанағаттанарлық деп есептелсін.

3. Министрлікке:

1) Министрліктің қызметін БАҚ-тарда кеңінен ақпараттық насихаттау, оның ішінде еңбек заңнамасы, зейнетақы жүйесін жаңғырту, халықты жұмыспен қамту және табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесін реформалау мәселелері бойынша бірлескен түсіндіру жұмысын жүргізуді;

2) Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды және оны іске асыруға бөлінген қаражатты уақтылы, мақсатты әрі тиімді қолдануды;

3) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ахуалға мониторинг жүргізуді және жастардың жұмыспен қамтылуына басымдылық бере отырып, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуді;

4) мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары арқылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасына белсенді тартуды;

5) құрамында жұмысқа қабілетті мүшелері бар отбасылар үшін өзара міндеттемелер қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру практикасын кеңейту жөніндегі шараларды іске асыруды;

6) мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға етене араластыру үшін жағдайлар жасауды және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамытуды қамтамасыз ету ұсынылсын.

 

 

 

Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері:

 

 

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Т. Дүйсенова

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы

 

 

Г. Жұмагелдиева

Еңбек мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы

 

 

Н. Радостовец

Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы

 

А. Қаржаубаев

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon rezolyuciya_kaz.pdf41.14 KB
Бөлімдер:
4 шілде, 2017 - 17:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші