A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министрлік қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы Министрдің есебін тыңдау бойынша Қазақстан Республикасы әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ

Жоба

 

Министрлік қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы

 Министрдің есебін тыңдау бойынша

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі

 қоғамдық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Астана қаласы                                                        №                                  2017 жылғы 14 маусым

мәжіліс залы, 920-каб.                                                                                  сағ. 10-00

 

 

Қатысқандар: Қоғамдық кеңестің мүшелері, шақырылғандар – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Еңбекмині Комитетінің, орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары (тізім бойынша барлығы 39 адам, оның ішінде БАҚ ).

Қатыспағандар: С.Ғ. Бисақаев, А.Е. Корчагин

Төрағалық етуші: Қоғамдық кеңестің төрағасы Г.А. Жұмагелдиева

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы Г.А. Жұмагелдиева отырысты ашты. Күн тәртібіне дауыс беру ұсынысы отырысқа қатысушылардың ашық дауыс беруі арқылы бірауыздан қабылданды.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі                         Т.Қ. Дүйсенованың Министрлік қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есебін тыңдау

___________________________

(Т.Қ. Дүйсенова, Г.А. Жұмагелдиева)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың Министрлік қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есебі тыңдалды. Министр өз сөзінде еңбек нарығын жаңғырту жөніндегі міндеттерді Министрлік Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шешіп жатқанын атап айтты, мәселен 2017 жылы:

  • Бағдарлама 194 мыңнан астам адамды қамтыды, оның ішінде 95,4 мыңы тұрақты жұмыс орындарына жіберілді, жыл соңына дейін 452 мың адамды қамту жоспарлануда;
  • 21 мыңнан астам адам қысқамерзімді оқу курстарына жіберілді, олар ТжКО базасында ұйымдастырылған;
  • «Атамекен» Ұлттық палатасы 3,7 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуда, оның ішінде 2,3 мың адам оқуын аяқтады, ағымдағы жылы шамамен 100 мың адамды қамту жоспарлануда;
  • алғаш рет бизнесін ашқан азаматтарды кредиттеу үшін микрокредиттерге, сондайақ шаруа кәсіпкерлерді біріктіретін ауылшаруашылығы кооперативтерін кредиттеуге 77 млрд. теңге көзделген. Шамамен 2,4 млрд. теңге сомаға мыңға жуық микрокредит және                                   198 ауылшаруашылығы кооперативін құру үшін 8,1 млрд. теңге сомада кредит берілді;
  • еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру шаралары іске асырылуда, ішкі қоныс аударушылардың келу өңірлері (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) анықталды;
  • мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарлама аясында азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша кеңауқымды жұмыс жүргізілді. Үй аралау нәтижесінде тіркелмеген 320,4 мың жұмыссыз және өзінөзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған 1,1 млн. адам анықталды. Жүргізілген жұмыс Бағдарламаға қатысушылардың ықтимал контингентін, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тартылуы тиіс азаматтардың санатын нақтылауға мүмкіндік берді;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметтеріне азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 237 ХҚОда, сондай-ақ 1 мамырдан бастап шалғайдағы елді мекендердегі Қазпочтаның 800 бөлімшесінде жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қабылдау бойынша қосымша қызметтер ұйымдастырылды.

Министрлік Жұмыспен қамту орталықтарының институционалдық базасын дамыту, қызметтерді ұсынудың проактивті жүйесіне көшу мәселелерін пысықтауда.

Еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде «Кәсіптік одақтар туралы» Заң және жаңа Еңбек кодексі қабылданып, іске асырылуда, ол әлеуметтік әріптестік негізінде мемлекеттің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің жауапкершілігін анықтайды.

Қазіргі уақытта 122 еңбек стандарты, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша                           11 стандарт жаңа нормаларға сәйкес өзгертілді.

Кәсіпорындарды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру жүйесі жаңартылды, тексеру қағаздарының талаптары 43-тен 24-ке дейін қысқартылды. Жыл сайын қатер тобындағы кәсіпорындарға қатысты тексерулер жоспарланып отырады.

Ірі кәсіпорындардың 88 %-ында (2 082), 90 %-ында (6 452) орта кәсіпорындардың және 31 %-ында (66 690) шағын кәсіпорындардың ұжымдық еңбек шарттары бар.

Еңбекақы берешегін жою, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықты анықтау жұмысы жалғасуда, проблемалық мәселелер барлық деңгейлерде жұмыс істейтін үшжақты комиссиялардың қарауына шығарылуда.

 

Халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру жалғасып жатқаны атап өтілді.

2014 жылдан бері зейнетақы жүйесінің үшінші компонентін құру басталды – жарналарды төлеушілер тізбесі кеңейтілді. Еңбек жағдайлары зиянды жерлерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуде, 2,5 жыл ішінде 423 мың жұмыскердің пайдасына жарналар аударылған. 2017 жылғы 1 мамырға дейінгі жинақтардың мөлшері 113,3 млрд. теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тетігі өзгертіледі, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады, оған 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналары түскен кезең есепке алынады.

2020 жылдан бастап жұмыскердің табысынан 5 % мөлшерінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебінен шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу көзделген.

 

Мемлекет басшысының 100 нақты қадам – Ұлт жоспарында айтылған тапсырмасына сәйкес Министрлік атаулы әлеуметтік көмек көрсету идеологиясын өзгерту бойынша жұмыс жүргізуде, ол отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелердің Жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу шартымен мұқтаж отбасыларға ұсынылатын болады.

Жаңа тәсілдер «Өрлеу» пилоттық жобасының шеңберінде сынақтан өткізілуде, ол ағымдағы жылы барлық өңірлерді қамтыды. Республикалық бюджетте бұл мақсаттарға 7 млрд. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылғы өткен 5 ай ішінде 2016 жылмен салыстырғанда жобаға қатысушылар саны 2 еседен астамға көбейіп, 88 мың адамды құрады.

Жобаны іске асыру кезеңінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға бағытталған «Өрлеу» жобасына адамдардың еңбекке қабілетті үлесі ұлғайды                                          (90 %-дан аса), жобаға қатысушылардың табысы 2 еседен астам ұлғайды.

 

Сондай-ақ, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жалғасуда. Бірінші кезеңде 2009 жылдан бері жүргізіліп жатқан құрылымдық өзгерістер нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нарығын монополиясыздандыру қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта 110 медициналық-әлеуметтік ұйыммен қатар 106 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде. Олар 6 мыңнан астам адамды қамтыды, 626 бала интернат үйлерінен отбасыларына қайта оралды және осындай балалардың 693 ата-анасы еңбек нарығына жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласында ҮЕҰ жандандыру үшін 2013 жылдан бері Үздік әлеуметтік жобалар көрмесі өткізілуде, оған 83 ҮЕҰ (41 ҮЕҰ мемтапсырыс түрінде қолдауға ие болса, 18-і – грант иеленді, 40-ы – отандық кәсіпкерлердің қолдауына ие болды) қатысты.

Екінші кезеңді іске асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап екі жоба – Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттарды даярлау және МЖӘ тетігін пайдалану арқылы азаматтардың тұрғылықты жерінде сыйымдылығы шағын үйлерді немесе әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін дамыту жобалары іске асырылды. Бұл ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін өтеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ зейнеталды жастағы әйелдерді және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартады.

 

Министр жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат азаматтарымыздың әл-ауқатына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Мәселен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2,6 %-ды құрады, жан басына шаққандағы номиналды қаржылай табыс 5,8 %-ға артып, 2016 жылы 77 106 теңгені құрады.

 

Қоғамдық кеңес төрағасы Г.А. Жұмагелдиева да қосымша баяндама жасады. Министрлікпен бірлескен қызмет шеңберінде Қоғамдық кеңес есепті кезеңде бірқатар іс-шаралар өткізді, олар ресми сайтта арнайы жасалған жеке рубрикада жарияланды. Министрлік әзірлеген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының жобасын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты заң жобаларын талқылау шеңберінде Қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

 

 

Қоғамдық кеңес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты Министрліктің барлық нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарайды. Қоғамдық кеңес мүшелері Министрліктің маңызды іс-шараларына қатысады.

 

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі                            Т.Қ. Дүйсенованың баяндамасын талқылау (сұрақ-жауап)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Талқылау барысында баяндамашылар Министрлік қызметіне оң баға берді, бірқатар сұрақтар қойылып, мынадай:

  • Министрлік жүргізіп жатқан ең төмен күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесін жетілдіру, «тұтынушы себетін» қайта қарау, тұтыну нормалары мен нормативтерін ұлғайту жұмыстары бойынша;
  • кәсіби ауру түрлерінен немесе жазатайым оқиғалардан зардап шеккен жұмыскерлердің (регрессниктер) проблемалары бойынша;
  • ҚР еңбек заңнамасында жалдамалы еңбекті реттейтін нормалардың жоқтығына қатысты;
  • экономикалық әдістермен қауіпсіз жұмыс орындарын қамтамасыз еткен жұмыс берушілерді ынталандыруға қатысты;
  • денсаулық сақтау және білім беру саласында мүгедектердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша (мүгедектерге үзінді көшірме мерзімін жеке белгілеу мүмкіндігін және тегін екінші жоғары білім алуды қарастыру);
  • жаңа салық кодексі жобасы аясында жұмыс берушілердің жаңа жұмыс орындарын құруын ынталандыру мәселесін бірлесе қарастыру бойынша;
  • әлеуметтікеңбек саласында іске асырылып жатқан жаңалықтарды Қоғамдық кеңестің барлық мүшелерінің бірлесе ілгерілетуі және түсіндіруі бойынша (өңірлерге шығу, дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялары және т.б.);
  • Министрлік қызметін интерактивті ілгерілету бойынша;
  • жұмыс берушілердің жалпыға ортақ дуальді оқыту барысында екінші кәсіпті игеруге материалдықтехникалық базасының дайындығы, азаматтарды Бағдарлама аясында тұрақты жаңа жұмыс орындарына орналастыру бойынша ұсыныстар берілді.

 Министр Т. Дүйсенова барлық сұрақтарға нақты жауаптар берді, Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру, Қоғамдық кеңестің өңірлердегі көшпелі отырысын жоспарлау, Министрліктің ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсене қатысу ұсынылды.

 

3. Министрліктің қызметін бағалау және Министрлік қызметінің тиімділігін жақсарту жөніндегі қарарды қабылдау

(отырысқа қатысушылардың дауыс беруі)

 

Талқылау нәтижесі бойынша Министрлік жұмысын қанағаттанарлық деп тану ұсынылды. Ұсыныс бірауыздан қабылданды – отырысқа қатысушылардың ашық дауыс беруі арқылы Министрліктің жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

Төраға қарар жобасын жариялады  және дауыс беруді ұсынды. Қарар жобасы талқылау барысында айтылған толықтырулар бойынша ұсыныстар ескеріліп, отырысқа қатысушылардың ашық дауыс беруі арқылы бірауыздан қабылданды.

 

 

 

 

Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері:

 

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

Т. Дүйсенова

Қоғамдық кеңестің төрағасы

 

 

Г. Жұмагелдиева

Еңбек мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы

 

 Н. Радостовец

Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы

 

А. Қаржаубаев

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon protokol_kaz.pdf191.99 KB
Бөлімдер:
4 шілде, 2017 - 17:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші