A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысының хаттамасы

Проект

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-еңбек саласы

мәселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысының

хаттамасы

 

 

Астана қ.                                         №   1                                               2017 жылғы 26 мамыр

 

Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы – министр Тамара Қасымқызы Дүйсенова ашты

 

Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, шақырылғандар – ҚР Еңбекмині орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

 

1. Қоғамдық кеңес президиумының құрамын сайлау

 (Т.Қ. Дүйсенова, Қоғамдық кеңес мүшелері)

 

1.1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқылауы және дауыс беруі нәтижесі бойынша мыналар бірауыздан таңдалды:

1) Қоғамдық кеңес төрағасы – Гүлнар Амангелдіқызы Жұмагелдиева;

2) хатшы – Светлана Бекбалташқызы Омарова;

3) еңбек мәселелері бойынша комиссия төрағасы – Николай Владимирович Радостовец;

4) әлеуметтік мәселелері бойынша комиссия төрағасы – Аслан Жұмағалиұлы Қаржаубаев.

1.2. Қоғамдық кеңестің президиумы төраға – Гүлнар Амангелдіқызы Жұмагелдиева; министр – Тамара Қасымқызы Дүйсенова; комиссиялардың төрағалары – Николай Владимирович Радостовец, Аслан Жұмағалиұлы Қаржаубаев; хатшы – Светлана Бекбалташқызы Омарова құрамында қалыптасты.

 

 

2. Қоғамдық кеңес комиссияларының қалыптасуы

(Г.А. Жұмагелдиева, Қоғамдық кеңес мүшелері)

 

2.1. Комиссиялар мынадай құрамда құрылды:

- еңбек мәселелері бойынша: Николай Владимирович Радостовец, Ақмади Әділұлы Сарбасов, Майра Тұрғанқызы Амантаева, Серікқали Ғұмарұлы Бисақаев, Артем Евгеньевич Корчагин;

 - әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша: Аслан Жұмағалиұлы Қаржаубаев, Аида Дәденқызы Құрманғалиева, Майраш Сапарбекқызы Көзжанова, Ильзат Ильшатович Сафаргалиев, Василий Леонидович Шиманский.

 

3. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын талқылау

(Т.Қ. Дүйсенова, Г.А. Жұмагелдиева)

 

3.1. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын Қоғамдық кеңес мақұлдап, ереже жобасын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бекіу үшін енгізу туралы шешім қабылданды.

 

 

4. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту

(Г.А. Жұмагелдиева)

 

4.1. Қоғамдық кеңестің ұсынылған Жұмыс жоспарының жобасы негізге алынды.

4.2. Комиссиялардың төрағалары (Н.В. Радостовец, А.Ж. Қаржаубаев) 31 мамырға дейін Жоспарға халықтың түрлі санаты арасында Қоғамдық кеңестің түсіндірмелік жұмысын нығайтуға бағытталған іс-шаралар бойынша қосымша ұсыныстар енгізсін.

 

5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобаларын талқылау

(А.Ә. Сарбасов, Б.Қ. Сәркеев, Ж.Қ. Ташмакова, Н.М. Оспанова)

 

5.1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Қоғамдық кеңес отырысына келісілуге енгізілген нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша ақпараты назарға алынсын.

5.2. Министрліктің мына нормативтік құқықтық актілері келісілген деп саналсын:

1) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы;

2) «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы;

3) «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 898 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы;

4) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1198 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы;

5) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы;

6) «Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 167 бұйрығының және «Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер мен мамандар) санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 259 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы;

7) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919, «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы;

8) «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің                      2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы.;

9) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы.;

10) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы.

 

Төраға                                                                                              Г. Жұмагелдиева

 

Хатшы                                                                                             С.   Омарова

ТіркемеМөлшер
PDF icon hattama_1.pdf377.73 KB
Бөлімдер:
4 шілде, 2017 - 18:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші