check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

84 және 90 қадамдарды жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың бірінші жартысындағы жұмыс қорытындысы

84-қадам. Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) енгізу арқылы әлеуметтік көмекті көрсету жүйесінің реформалануы қарастырылған.

Жаңа нысандағы АӘК аз қамтылғандарға арналған қолданыстағы төлемдердің үш түрін біріктіру арқылы енгізіледі (АӘК, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көп балалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің
50 пайызынан төмен отбасыларға отбасының белсенділігін арттыру бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ұсынылатын болады.

Бұл шаралар еңбекке талпыныстың артуына жәрдемдесетін болады және көмек алушыларының экономикалық дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер мен қарт зейнеткерлер отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты аналар) ұсынылатын болады. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек қиын өмірлік жағдайға ұшыраған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт жасасу арқылы қосымша көмек көрсету мүмкіндігін ұсынады.

Әлеуметтік көмекті көрсету тәсілдері 2014 жылдан бастап ел өңірлерінде «Өрлеу» жобасы аясында апробациялануда.

«Өрлеу» жобасын жүзеге асырудың соңғы үш жылы ішінде (2014-2016 жылдар) келесі көрсеткіштер бойынша оң эффект байқалуда:

1) АӘК «пассивті» алушылар санының 56,1 мың адамнан 29 мың адамға дейін азаюы;

2) 2014 жылмен салыстырғанда «Өрлеу» жобасына қатысушылар санының 20,5 мың адамнан 39 мың адамға дейін немесе 47,2 пайызға артуы;

3) «Өрлеу»         жобасына қатысушылардың арасында жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған адамдарды тарту деңгейінің 5,1 мың адамнан 8,7 мың адамға дейін артуы, 2016 жылы олардың арасынан 90,5 пайызы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды.

Жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы (2016 жылы) 2,8 есе артты, жобаға қатысқанға дейін 5,8 мың теңге болса, жобаға қатысқаннан кейін 16,6 мың теңге құрады.

Анықтама ретінде: 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 107,1 мың адам құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,9 есе (өткен жылы 18,3 мың адам болды) артық;

- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 20,9 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушары жалпы санының 88,2 пайызы қамтылды;

- жобаның аз қамтылған қатысушыларының табыстары 6,0 мың теңгеден (жобаға қатысқанға дейін) 17,5 мың теңгеге дейін (жобаға қатысқаннан кейін) 2,9 есе артты.

Қолданыстағы АӘК алушылар санының (пассивті алушылар) азаюы ұқсас кезең үшін
20,4 пайыз құрады.

Жобаны 2017 жылы жүзеге асыру мақсатында, елдің барлық аудандары мен қалаларынан кем дегенде 150 мың аз қамтылған азаматтарды тарту үшін республикалық бюджетте
7,1 млрд. теңге сомасындағы қаражат қарастырылған.

Осылайша, жаңа нысандағы АӘК енгізілуі әлеуметтік көмекті алушыларының әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, жұмыс іздеуге және өзін-өзі қамтуға ынтасын күшейтуге, одан басқа, аз қамтылған азаматтардың ел экономикасына және қоғам өміріне қатысу деңгейінің артуына ықпалдасады. Нәтижесінде, бұл аз қамтылған азаматтардың өмір сапасына оң әсер етуге тиісті.

Жаңа тәсілдер 2015 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында өз көрінісін тапты.

Бүгінгі таңда Заңды жүзеге асыру мақсатында Министрлікпен жаңа нысандағы АӘК көрсету тәртібін нақтылайтын бірқатар құқықтық актілер қабылданды.

 

90-қадам. Бес институттық реформаны жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету.

АӘК жаңа тәсілдерін енгізуге халықты дайындау үшін Еңбекминінің медиа-жоспары, жаңа нысандағы АӘК енгізу бойынша нормаларды түсіндіру үшін өңірлерге шығу кестелері қабылданып, жүзеге асырылуда.

Еңбекминінің қызметкерлерімен оқыту семинарлары өткізілді және алдағы уақытта өз жалғасын табады. Жыл ішінде жергілікті атқарушы органдардың 500 қызметкерін оқыту шараларымен қамту жоспарланған.

Бірінші жартыжылдықта Министрлік қызметкерлерімен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары мамандарының оқытылуы жүргізілді.

Сонымен қатар, мамыр айында Ақмола облысының Бурабай кентінде, Халықаралық банктің қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысқан «Өрлеу» жобасын енгізу бойынша республикалық семинар өткізілді.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдармен, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында отбасыларды аралап шығу үшін мобильді топтар құрылуда.

Бұл орайда, әрбір өңірде жаңа нысандағы АӘК енгізу бойынша Өңірлік жоспар әзірленіп қабылданды. Бұл жоспарлардың аясында 2017 жылдың
3 сәуірінен бастап, жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен төрт немесе одан да көп балалары бар отбасыларды аралап шығу арқылы жаңа нысандағы АӘК бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Отбасыларды аралап шығу үшін 3-10 қызметкерлерден тұратын (әкімдіктер, жұмыспен қамту орталықтары, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, экономика және қаржы, жергілікті полиция және т.б.) 1955 учаскелік комиссиялар құрылды.

Сонымен қатар, әкім орынбасарларының төрағалығымен әрбір ауданның деңгейінде, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен мобильдік қызмет ұйымдастырылды.

Бөлімдер:
20 шілде, 2017 - 12:52 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші