A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы                                 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 416 құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Еңбек қызметін асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адмадардың тізбесіндегі (бұдан әрі - Тізбе) 16-шы тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтіндер сонымен қатар олардың жарғылық капиталында шетелдік жүз пайыз қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалар».

19 және 20 тармақтармен мынадай редакцияда толықтырылсын:

«19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде, құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін.

20. Ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің мүшелері ретінде жұмысқа тартылатын.».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Қазақстан Республикасының

                  Премьер-министрі                                                         Б. Сағынтаев

 

 

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс  пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың 2017 жылғы 26 шілдедегі № 20-3/07-603 және 2017 жылғы 12 тамыздағы           № 20-31/2187 тапсырмаларға.

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Талап етілмейді

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

 

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Жоқ

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Жоқ

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба:

1) 2017 жылғы __ қырқүйектегі

www.enbek.gov.kz веб-сайтында, файлдың көлемі  2496,5   КБ;

2) 2017 жылғы ___ қырқүйектегі

мемлекеттік органдардың интранет-порталында  орналастырылған

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Баспасөз релизі 2017 жылғы  ___ қырқүйектегі

www.enbek.gov.kz веб-сайтында орналастырылған

14

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                               Т. Дүйсенова

                         

 

2017 жылғы «  »

 

 

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына

салыстырмалы кесте

 

Р/н №

Құрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары

талап етілмейтін адамдардың тізбесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 802 қаулысымен бекітілген

1

16-тармақ

     16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтіндер.

     16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтіндер сонымен қатар олардың жарғылық капиталында шетелдік жүз пайыз қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалар

Қазіргі таңда шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларына жұмыс рұқсатын алу талап етілмейді.

Алайда шетелдіктермен қатысы бар қазақстандық заңды тұлғалар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар) кез келген шетел қызметкерін, оның ішінде бас директор мен басқарма мүшелерін тарту үшінде оларға жұмыс рұқсатын алуға өтініш тапсыруы қажет.

Аталған кемсіту:

- шетелдіктермен қатысы бар қазақстандық заңды тұлғаларға қисынсыз болып табылады;

- шетелдік инвесторладрың шешім қабылдауына әсер ете отырып, қазақстандық заңды тұлғалардың қызметтерін қолданбауға соқтырады;

- шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың жұмыс істеуін қиындатады.

2

 

ЖОҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде, құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін

Бүгінгі күні «Самрұқ-Қазына» АҚ  (бұдан әрі - Қор) істеп жатқан жоғары білікті шетелдік мамандар Қор кызметінің негізгі бағыттарын басқарады.

Бұл шетелдік қызметкерлердің кең ауқымды өзгерістерді енгізу, трансформациялар жүргізу, экономиканың бірқатар секторларының ойдағыдай дамуына мүмкіндік тудырған каталитикалық инвестициялар үшін стратегияны аңықтау бойынша халықаралық практикалық тәжірибесі бар.

Қор мен оның тобының ұйымдары Трансформация бағдарламасын іске асырудың белсенді кезеңінде тұрғанына байланысты Қор мұндай деңгейдегі және біліктілігі бар қазақстандық мамандар жоқ салаларға шетелдік қызметкерлерді тартты. 

 

3

 

ЖОҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     20. Ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің мүшелері ретінде жұмысқа тартылатын.

Көптеген елдердің әлемдік тәжірибесі шетелдік мамандардың ағылып келуі экономикаға оң әсер ететін, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ойдағыдай дамуы үшін шетелдік мамандарды тарту ақиқатында қажетті процесс болатынын көрсетеді.

Осыған байланысты Қорда біліктілігі жоғары шетелдік мамандардың жұмыс істеуі білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін де, білім қызметтің халықаралық техникалық пен технологиялық әдістерін импорттау үшін де жағдайлар жасайды.   

 

 

             Вице-министр                                                                                                                                                                       Б. Нұрымбетов

 

«     »                     2017 жыл

Бөлімдер:
11 қыркүйек, 2017 - 17:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші