check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 30) тармақшасы мен 182-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері ережесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженерлік-техникалық қызметкерлердi және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бойынша оқу және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiн тарта отырып жүргiзедi.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8-тармақта аталған мамандардың қатарынан кіретін, саны үш адамнан кем болмайтын Емтихан комиссиясы жұмыс берушiнiң актісімен құрылады.»;

14-тармақ алынып тасталсын;

21, 22, 23, 24, 25, 26 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Басшы жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) кезең – кезеңмен, кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтеді.

22. Жауапты қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламаларын оқу орталығы бекітеді, олар экономика салаларындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органмен келісіледі.   

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқыту ұзақтығы білімдерді тексеруге арналған 4 академиялық сағатты есепке алмағанда, кемінде 36 академиялық сағат болуға тиіс.

23. Жауапты қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында тиісті біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бойынша оқу және білімдерін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары мамандарын, бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнің мамандарын тарта отырып жүргiзiледi.

24 Жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексерудi оқу орталығы актісімен құрылатын, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар өтетін орында) жүргiзедi.

Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.

25. Емтихан комиссиясы комиссия төрағасынан және мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсiм бойынша), сондай-ақ Қағидалардың 23-тармағында аталған мамандардың қатарындағы адамдар кiредi.

26. Жауапты қызметкерлердiң бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу жүргізеді.

Емтихан тестілерін өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзiрлейдi.

Тестілік бағдарлама оқыту жоспарының әрбір тақырыбы бойынша 20 сұрақтардан тұрады. Тест бойынша шекті мән әрбір тақырып бойынша кемінде 60 % дұрыс жауаптарды құрайды.

Тестіні орындауға берілген жалпы уақыт – 40 минут.»;

29, 30, 31, 32 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өткен жауапты қызметкерлерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге жарамды сертификат берiледi.

30. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өтпеген жауапты қызметкерлер, оны өткенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыстан шеттетiледi.

31. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша бiлiмдерiн тексеруден қайта өтпеген жауапты жұмыскерлермен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бұзылуы мүмкін.

32. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн қосымша тексеруден жауапты қызметкерлер мынадай жағдайларда:»;

34 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Ұйымдарда жауапты қызметкерлердiң оқудан және бiлiмiн тексеруден уақтылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi жүзеге асырады.»;

4 – бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша нұсқама беру, бiлiмдерiн тексеру қағидалары»;

Ережеге 3-қосымша жаңа редакцияда осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдеріндегі бір данада қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                  Т. Дүйсенова

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon proekt_prikaza.zip80.95 KB
Microsoft Office document icon sravn_tablica_rus.doc111 KB
28 қыркүйек, 2017 - 09:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші